Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 06-13.12.2021 ж.

15.12.2021 • 10:03

Қымбатты дос!

Өткен аптада елімізде және Орталық Азиядағы көрші елдерде не болғанын білейік.

 

Білім

8 желтоқсаннан бастап ҰБТ басталғанға дейін Қазақстанның ірі республикалық білім беру орталықтары әр пән бойынша ҰБТ-ға дайындалу үшін тікелей эфирде тегін онлайн сабақтарын өткізеді, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы сайты. Толығырақ.

12 желтоқсанда қырғыздың әйгілі жазушысы Шыңғыс Айтматовтың туғанына 92 жыл толады. Туған жерінде көрнекті жазушының есімі көшелер, мектептер, лицейлер, театрлар, саябақтар мен алаңдарға берілген. Толығырақ.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Білім беру қызметтеріне ақы төлеу жүйесін жетілдіру және білім беру ұйымдарының қаржы қызметі ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шара туралы» жарлыққа қол қойды. Президент әкімшілігі хабарлауынша, бұл жарлық жоғары және орта кәсіптік білім беретін оқу орындары студенттерін, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, бала кезінен мүгедектігі барларға, мүгедектігі бар балаларды, I және II топтағы мүгедектер қатарынан шыққан азаматтарын қолдау үшін, осы білім беру ұйымдарының қаржы қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Толығырақ.

Қырғызстан мұғалімі мұғалімдер арасында өткен халықаралық олимпиадада бірінші орын алды. Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметі хабарлауынша, 4-5 желтоқсанда Алматы қаласында (Қазақстан) VIII халықаралық байқау өтіп, оған 220-дан астам математика, 70 физика және 50 информатика пәні мұғалімі қатысты. Бұл олимпиадаға «Газпром Қырғызстан» мектебінің мұғалімі Медер Осмонов та қатысып, барлық тапсырманы орындап, бірінші орын иеленді. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Түркіменстан билігі қоғамдық орындарда қайыр сұрап жүрген азаматтармен, әсіресе отбасысы қиын жағдайда жүрген балалармен күресті жалғастырып жатыр. Қайыршыларға деген көзқарас негізі қатал емес еді, бірақ жаңа жылдық мерекелер қарсаңында биліктің бұл аз қамтылған санаттағы азаматтарға төзімсіздігі ерекше артты. Мұнай мен газға бай ел Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтіп, 2022 жыл қарсаңында «Арқадағы бар халық дәуірі» деп жарияланған жылы кедей түркімен азаматтарын қудалау күшейді. Ал елде мүгедектігі бар адамдар мен балалар үйіндегі тәрбиеленушілер саны артқаны хабарланды. Толығырақ.

Өзбекстанның Әділет министрлігі қыздар мен әйелдерді қорғауды күшейту туралы ұсыныстар жасады. Бұл туралы «Газета.уз» ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Сонымен қатар, Әділет министрлігі ізіне түсу, харассмент, интим фотолар мен видеоларды таратқандар үшін жауапкершілік енгізуді ұсынып отыр. Өзбекстан Әділет министрлігі қыздар мен әйелдерді қысым көру мен зорлық-зомбылықтан қорғау үшін заңнаманы жетілдіруді жоспарлап отыр. Ол үшін ведомство осы бағытта бірқатар ұсыныс әзірледі.

Бұл бастамаға көшеде, жұмыста, оқу орнында толассыз ізіне түсу, тиісу фактілері себеп болды. Оған қоса, әйелдер үйде де күйеуінің ғана емес, енесі мен басқа да туыстарының зорлық-зомбылығына төзіп отыр. Толығырақ.

 

Әлеумет

Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған алғашқы комикс жасалды, депхабарлайды ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі. Толығырақ.

2021 жылы Қазақстан студенттері 293 ауыр және 36 аса ауыр қылмыс жасады. 2021 жылы кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Қостанай облысында тіркелген, деп хабарлайды Finprom.kz. Бұл облыста 111 жасөспірім қылмыстық құқық бұзушылыққа барған, бұл былтырмен салыстырғанда 4,7%-ке көп. Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы тұр: 77 адам – 2020 жылмен салыстырғанда 31,9%-ке аз. Үшінші орында Қарағанды ​​облысы тұр: 75 адам – былтырмен салыстырғанда 2,6%-ке аз. Толығырақ.

Қырғызстанда өмірдің қиын жағдайына тап болған балалардың бірыңғай электрон базасы іске қосылды. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметтер базасы ЮНИСЕФ қолдауымен жасалды, ол «Луч света» бастамасы аясында ЕО және БҰҰ-ның қаржылай қолдауымен бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатыр. Толығырақ.

Өзбекстанда қысым көргендер мен зорлық-зомбылық құрбандары тегін қаралып, емделеді. Бұл «Қиын әлеуметтік жағдайдағы әйелдердің құқықтары кепілдігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралардың қабылдануына байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заңнамалық актісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда көзделген, деп хабарлайды «Ферғана» ақпарат агенттігі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құжат 10 желтоқсанда күшіне енді. «Әйелдерді қудалау мен зорлық-зомбылықтан қорғау туралы» заңға түзету енгізілді, ол еңбек органдарына отбасылық мәселелерге және зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдерді жұмысқа орналастыруға және кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуді міндеттейді. Толығырақ.

 

Технология

2022 жылы Instagram қолданбасының алгоритмге негізделген топтамасы орнына хронологиялық тәртіптегі посттар лентасы бар нұсқасы шығады, деп мәлімдеді Instagram басшысы Адам Моссери АҚШ Сенаты конгресі отырысында, деп хабарлайды TechCrunch.

Instagram бұл опция бойынша бірнеше ай жұмыс істеп жатыр, ол 2022 жылдың басында қолжетімді болады. Бұл Instagram үшін маңызды өзгеріс, ол қолданушы қалауы бойынша посттарды реттейді. Адам Моссеридің айтуынша, хронологиялық лента жасөспірімдерге тиетін жағымсыз әсерді азайтуға көмектеседі. Толығырақ.

Қазақстанда Google Pay электрон төлем жүйесі қолжетімді болды.

Google Pay жүйесін Қазақстан нарығына шығару жоспары Informburo-ға шілденің басында белгілі болды. Ол кезде корпорация өкілдері қазақстандық банкирлермен кездесіп қойған еді. Біздің елімізде Google Pay іске қосылуының алдын ала күні ол кезде қыркүйек-қазан деп белгіленген болатын. Толығырақ.

Тәжікстанның Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті арнайы «Сохибкор» (Sohibkor) мобайл қолданбасын іске қосты. Қолданба Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы қолдауымен Ресей үкіметі қаржыландыратын «Жастар бизнес пен инновация үшін» жобасы аясында әзірленді, деп хабарлады ведомство «Азия-Плюс» агенттігіне. «Осы қолданба арқылы қолданушылар бизнес пен инвестицияның барлық норматив құқықтық актісі, республикадағы жеңілдіктердің құқықтық негіздері, тексеруші органдардың тексеру жүргізу жоспары және т.б. туралы ақпаратқа қол жеткізе алады», – деді мемлекеттік комитет. Толығырақ.

 

Экология

Қазақстанда жаңа ұлттық саябақ пайда болады, деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Twitter-де. Президент тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанда Ұлытау ұлттық паркі құрылды. Ол Қарағанды ​​облысында орналасады, оның аумағы 58,9 мың гектар болады. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екенің рақмет!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.