Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 06-13.09.2021 ж.

15.09.2021 • 10:50

Қымбатты дос!

Өткен аптада еліміз бен Орталық Азиядағы көрші елдерде не болғанын білейік.

 

Білім

Жаңа оқу жылының алғашқы күндері Түркіменстанда COVID-19 дерегінің көбеюіне байланысты Ашхабадтағы орта мектептерде қашықтық қажет екенін ескерткен "стикерлерді" сатып алу үшін оқушылардан ақша жиналды. Бұлай ақша жинау жыл сайынғы президент портреттеріне жиналатын сомаға қосымша болды. Мектеп кластарындағы президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің портретін ауыстыру әр оқушыға 50 манаттан (Орталық банк бағамы бойынша - 14,2 доллар) түседі. Толығырақ.

Қырғызстанда кейінгі жылдары жалпы білім беретін мекемелерде мұғалімдер саны өсті, ал жоғары оқу орындарында керісінше азайды. Бұл туралы 2021-2040 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасында айтылған. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Түркіменстанда мақта жинау науқаны жалғасып жатыр. Балқан уелаятында мектеп мұғалімдері мен жоғары класс оқушылары мақта теруге күштеп тартылып отыр. Бұл туралы 7 қыркүйекте Азатлык радиосының батыс аймағындағы тілшісі хабарлады.

Тілшіміздің хабарлауынша, Берекет пен Сердар (бұрынғы Қызыларбат) аудандарындағы жалпы білім беретін мектептер қызметкерлерінің бәрі дерлік бір түнде мақта теруге жіберілген. Тілші мәжбүрлі түрде мақта теруге жоғары класс оқушылары да тартылғанын хабарлады. Толығырақ.

Қырғызстанның «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Журналистердің кәсіби қызметін қорғау туралы» заңдары жүйелі түзетулерді талап етеді. Мұны Әділет министрлігі эксперттермен келісе отырып мойындады, деп хабарлады ведомство. Эксперттер қарастырылып жатқан заңдардың проблемалық аспектілерін көрсете отырып, оларды түзету және жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныс айтты. Соның бірі - «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң ескі, 1992 жылғы, «Журналистердің кәсіби қызметін қорғау туралы» заң 1997 жылы шыққан. Оларға жүйелік өзгерістер қажет. Толығырақ.

 

Әлеумет

Қазақстанда балаларды вакцинациялау туралы ақпараты бар портал ашылды. Бірыңғай ресми портал іске қосылды, онда балаға жоспарлы түрде вакцина салу туралы барлық қажет ақпарат бар, деп хабарлайды ЮНИСЕФ. Сайтта ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілген әр вакцинаның толық сипаттамасы бар. Онда вакцина қорғайтын инфекциялар туралы білуге болады. Қолданушы вакцинаға қарсы көрсеткіштер мен ықтимал жанама әсерлер туралы оқи алады. Сайтқа кірген әр адам вакциналар туралы әртүрлі мифпен танысып, оларды жоққа шығаратын ақпарат ала алады. Толығырақ.

9 қыркүйекте Тәжікстан тәуелсіздік мерейтойын атап өтті. Соған орай, біз өткен жылдардағы маңызды оқиғалардың хронологиясын дайындадық. Негізі, Тәжікстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдары маңызды оқиғалар жылына бір реттен көп болыпты. Толығырақ.

 

Жалған ақпарат

Өзбекстандағы мектеп оқушыларының жаппай төбелесі сериал кадры болып шықты. Ташкент қалалық ішкі істер басқармасы мектеп оқушыларының жаппай төбелесіне қатысты видеоролик туралы түсініктеме берді.

Жазба әлеуметтік желілерде жарияланды, қолданушылар төбелес Қарасу ауданында болды деп болжады. Толығырақ. 

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.