Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 07-14.06.2021 ж.

16.06.2021 • 13:02

Қымбатты дос!

Жаздың басталғаны құтты болсын!

Емтихандардан сәтті өтіп кет!

Каникуль мен демалысың жақсы өтсін! Рахаттанып демал!

Ал қазір өткен аптада біздің елде және Орталық Азиядағы көрші елдерде не болғанын білейік.

 

Білім

Қазақстандағы мектеп оқушыларына жазда жаңа оқу жылына дайындалу мүмкіндігі болу үшін оқулықтар 20 маусымға дейін беріледі. Толығырақ.

Өзбекстанда 15 маусым мен 5 шілде аралығында бірінші класқа қабылдау My.maktab.uz электрон платформасы арқылы сынақ режимінде жүзеге асырылады. Толығырақ.

Дарынды балаларға арналған Худжанд лицейі (Тәжікстан) оқушылары 28 елден 10 мыңға жуық мектеп оқушылары үш жас санаты бойынша қатысқан «IMAC - online» халықаралық олимпиадасының финалында жеңіске жетті. Халықаралық «IMAC - online»  қашықтағы математика олимпиадасы іріктеу, біліктік және финал деген үш негізгі турдан тұрды. Толығырақ. 

Қырғызстанда университет жүйесін «Университет 4.0» моделіне айналдыру аясында университеттерді екі түрге бөлігісі келеді. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Нұрлан Өміров брифингіде мәлімдеді. Толығырақ.

Жаңа оқу жылынан бастап Қырғызстанның әр университеті білім беру бағдарламасы мазмұны мен құрылымын дербес қалыптастырады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Нұрлан Өміров брифингіде мәлімдеді. Толығырақ.

Қазақстанның Білім және ғылым министрі білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесін шешуде мектеп директорларының ротациялану ролі туралы айтты. Оның айтуынша, ротация институты сыбайлас жемқорлық қаупін азайтады, бірақ барлық мәселені шешпейді. Толығырақ.

Өзбекстанда жалпы білім беру ұйымдарының 9-11-класс оқушыларын кәсіптік оқыту процедурасы енгізіліп жатыр. Жоғары класс оқушылары бос уақытында негізгі білім беру процесінен мамандық алатыны анықталды. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Қырғызстанда белсенділер шеруге шолақ шалбар киіп шықты. Олар қыздарға алымсақтық көрсететіндерді жауапқа тартуды талап етеді. Толығырақ.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының адам құқығы саласындағы одан әрі шаралары туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда сайты. Толығырақ.

 

Әлеумет

Орталық Азияның көптеген тұрғыны үшін өзінің әділдігін немесе кінәсіздігін антпен дәлелдеу дәстүрге айналған. Ант ету адамдарға ыңғайсыз жағдайдан шығуға көмектесетін сөз рәсіміне айналды. Олардың кейбіреуінің соңына дейін баратыны сонша, балағат пен ант арасындағы шекара іс жүзінде жойылады. Толығырақ.

Еуропа парламентіндегі «ЕО-Өзбекстан» достық тобы https://www.euuzbekistan.eu/ деген ресми сайтын ашты. Электрон платформа Өзбекстандағы маңызды оқиғалармен қатар, өзбек-еуропа қатынастары сияқты оқиғаларды да қамтиды. Толығырақ.

Өзбекстанда салық жеңілдіктері қысқартылайын деп жатыр. Қаржы министрлігі ақпараттық қызметі хабарлағандай, бұл ақпарат «Өзбекстандағы іскерлік ахуалдағы жаңа сынақтар және оны одан әрі жақсарту: салық, кеден және басқа шаралар» тақырыбындағы «виртуал» дөңгелек үстелде айтылды. Толығырақ.

Өзбекгидромет бастамасымен Қарақалпақстан Республикасы Чимбай аймағының метеорология станциясы үшін атмосфералық ауадан ауыз су өндірісі бойынша пилот жағдайда «атмосфералық су генераторы» (Airaqua, 7 тазарту сүзгісінен тұрады) іске қосылды. Толығырақ.

 

Технология

Apple ұсына бастаған «Private Relay» функциясы Түркіменстанды қоса алғанда 10 елде болмайды. «Private Relay» қолданушыларға құпиялықты сақтауға көмектесу үшін VPN қызметі ретінде істейді. Толығырақ.

Қырғызстанның цифрлық даму министрлігі 2023 жылдың аяғына дейін 5G технологиясын Қырғызстанға енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы 2021-2023 жылдарға арналған Қырғызстанның цифрлық экономикасы тұжырымдамасында айтылған. Толығырақ.

Қырғызстанда барлық елді мекенді жылдамдығы жоғары және қол жетімді интернетпен қамту үшін 200 қол жеткізу нүктесін құру басым бағыттардың бірі болып отыр. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігі баспасөз қызметі хабарлады. Толығырақ.

 

Абайлаңыз, алаяқтар!

Google Play-де Minecraft ойынына қосымшалар атын жамылып таратылатын жаңа зиян қолданбалар пайда болды. Бұл туралы RG Digital «Касперский зертханасына» сілтеме жасап хабарлады. Толығырақ.

Қырғызстанның әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінде әкімдік атынан ақша сұрап жатыр. Бұл туралы елордалық муниципалитеттің баспасөз қызметі хабарлады. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.