Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 09-16.08.2021 ж.

17.08.2021 • 06:58

Қымбатты дос!

Өткен аптада біздің елде және Орталық Азиядағы көрші елдерде не болғанын білейік. 

 

Білім

Жаңа оқу жылының басталуына 3 апта қалды. Бірақ Орталық Азия елдері балалардың мектепке қашан баратыны мен сабақ қандай форматта өтетіні туралы шешімді мемлекетіндегі эпидемиология жағдайына қарай қабылдайды. Толығырақ.

Тәжік ІТ нарығында қазір не болып жатыр? Жұмыс берушілер арасында қандай бағдарламалау тілдері сұранысқа ие? Бұл салада жоғары білімсіз жұмыс табуға бола ма? «Алиф Академиясы» аналитиктері IT индустриясын зерттеп, компаниялар кейде болашақ бағдарламашыларды өз бетінше оқытуға немесе олардың оқу ақысын төлеуге келісетінін анықтады. Толығырақ.

 

Әлеумет

Қырғызстанның экономика және қаржы министрлігі интернет арқылы сауда жасайтын немесе қызмет көрсететін кәсіпкерлерді бақылауға алмақ. Бұл туралы бүгін ведомство басшысы Ақылбек Жапаров кәсіпкерлермен кездесу кезінде айтты.

Оның айтуынша, қазір бұл сегментте шамамен 53 мың адам жұмыс істейді. Салық қызметінде 11 мың кәсіпкер тіркелген, бірақ олардың 7-8 мыңы ғана салық төлейді. Толығырақ.

​​Өзбекстан Дүниежүзілік жастар құқығы конференциясының бастамашысы болды. АХҚО баспасөз қызметі хабарлағандай, 2 күндік әлемдік форум нәтижесі Ташкенттің жастар декларациясы болды. Ол - қатысушылар талқылауына негізделген жастар хабарламасы. Толығырақ.

 

Желідегі қауіпсіздік

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 50 мың теңге сыйақы алатын сауалнама туралы ақпаратты жоққа шығарды. Департаменттің баспасөз қызметі ақшалай сыйақысы бар сауалнама туралы таралған ақпарат жалған екенін хабарлады. Толығырақ.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Түркіменстан билігі ел азаматтарына Отанына адал болуға ант беру талаптарын енгізді. Енді ант беру тәжірибесі интернетті шектеу үшін де қолданылып жатыр. Өз азаматтарының интернетке кіруін шектеу үшін осы уақытқа дейін шетелдің технологиялық компанияларымен жасырын түрде жұмыс істеген Түркіменстан үкіметі шектеу әдістерін жаңа деңгейге көтеріп жатыр. Толығырақ.

Samsung-тың жаңа құрылғылары тұсаукесерінде WhatsApp мессенджері Galaxy Z Fold3 пен Galaxy Z Flip3 чаттарын iOS-тан тасымалдау функциясы бар алғашқы смартфондар болатынын хабарлады. Алдағы апталарда бұл функция басқа Samsung Galaxy смартфондарында, ал болашақта барлық Android құрылғысында пайда болады. Толығырақ.

TikTok әлеуметтік желісінде Хомяк деген атпен танымал қазақстандық Алина Ким ТМД-дағы ең танымал тиктокер қызға айналды. Бүгінде оның аудиториясында 27,6 миллионнан астам жазылушы бар, оның ішінде ТМД тұрғындары ғана емес, шетел жанкүйерлері де табылады. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.