Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 10-17 қаңтар, 2022 жыл

19.01.2022 • 09:50

Бәріңе сәлем!

Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар туралы жаңа жылдың алғашқы дайджесін ұсынамын.

Кеттік!

 

Білім

Техникумды ойдағыдай бітірген өзбек түлектеріне оқуын екінші курстан бастап университетте әңгімелесу негізінде және қабылдау емтихандарынсыз жалғастыруға құқық берілді. Толығырақ.

2022 жылғы қаңтардан бастап AKFA университеті 2022-2023 оқу жылына талапкерлерді қабылдай бастайды. 2022 жылы университет 10 қаңтар мен 20 тамыз аралығында қабылдау науқанын жүргізеді. Толығырақ.

Өзбекстанның Халыққа білім беру министрлігі қысқы демалысты 2 аптаға жуық ұзарту жазғы демалыстың ұзақтығына әсер етпейтінін мәлімдеді. «Қосымша каникул кезінде өтілуге тиіс сабақтар (тақырыптар) тоқсан басынан кейінгі сабақтарға қосылып, тығыз түрде өтіледі. Сондықтан бұл қосымша демалыс күндері басқа каникулдарға әсер етпейді», – делінген хабарламада. Толығырақ.

BalaTech балалар мен жасөспірімдерге арналған білім беру платформасы БҰҰДБ қолдауымен ТМД және Шығыс Еуропа елдерінде халықаралық бағдарламалау байқауын ұйымдастырады. Бұл туралы редакцияға келіп түскен баспасөз хабарламасында айтылған. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Жақында Қазақстанда болған тәртіпсіздіктерден кейін Түркіменстан билігі азаматтардың өмірін бақылауды күшейтті. Полицейлер тұрғын үйлер маңына қойылды. Олар өтіп бара жатқан адамдардың арасынан таңдап, олардың ұялы телефонын тексереді. Толығырақ.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 12 қаңтарда өткен Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген отырысында елдің Ұлттық қауіпсіздік министрлігін қазіргі әскери-саяси жағдайды, аймақтағы қауіпсіздік жағдайын талдауға және оның Түркіменстанға әсерін бағалауға шақырды. Кездесу кезінде Бердімұхамедов интернеттегі әртүрлі ақпарат көзін шектеу жұмысын жақсартуды да тапсырды. Толығырақ.

 

Әлеумет

Түркіменстан билігі алимент төлей алмайтын азаматтарды ай сайын 600 грамға дейін қан тапсыруға жібереді. Билік азаматтардың жекелеген санаттарына жүктеген жаңа міндеттері туралы Азатлык радиосының тілшісі хабарлады. «Лебап уелаятындағы қалалық және этраптық соттар алимент берешегі бар азаматтарға ай сайын қарызының мөлшеріне қарай 300-ден 600 грамға дейін қан тапсыру туралы шешім шығарады. Олар азаматтарды қарызын осылай өтеуге мәжбүрлейді. Бұл уелаят сотының бұйрығымен жасалып жатыр», – деді Лебап сотының қызметкері 13 қаңтардағы тілшімізбен аноним сұхбатында. Толығырақ.

АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) Өзбекстандағы әйелдер мен жеке қолөнершілердің қолөнер кәсіпорындары жобаларын қолдайды. Осы мақсатта «Агробизнесті дамыту» жобасы аясында Әйелдер мен қыздардың мүмкіндігін кеңейту қоры құрылды. Ташкенттегі АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі қор жеке қолөнершілер үшін 5 миллион сумнан 50 миллион сумға дейін және тіркелген қолөнер секторындағы әйелдер кәсіпорны үшін 50 миллион сумнан 200 миллион сумға дейін жаңа технологияларды енгізуді бірлесіп қаржыландыруға өтінім қабылдауды бастады. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.