Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 11-17.05.2021 г.

18.05.2021 • 13:55

Қымбатты дос!

Қане, өткен аптада біздің елде және Орталық Азияның өзге де көрші елдерінде не болғанын білейік.

Білім

Өзбекстанда Құранның әлемдегі ең үлкен парағы шығарылды. Каллиграф Гиннестің рекордтар кітабына енуді көздейді. Бұл туралы Өзбекстан Ислам мәдениеті орталығының директоры Шоазим Миноваров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды CentralAsia. Толығырақ.

Адам құқықтары

Түркіменстанда кейінгі 3 айда тұрғындар екінші рет мешітке кіргізілмеді. Бұл мұсылмандардың Ораза мейрамында болды, оған қоса, АҚШ Мемлекеттік департаментінің Түркіменстанды діни бостандықты бұзушы деп атаған есебінің жариялануына сай келді. Толығырақ.

Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы 14 мамырда үкіметтің «Соттар қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң жобасын мақұлдады. Билік жаңа заң сот ісінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге және ел соттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын нығайтуға бағытталғанын айтып өтті. Бұрын сот процестері жабық есік артында немесе тергеу изоляторларында өтетін. Билік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кейбір сот отырыстарына жібермейтін немесе істі құпия деген желеумен оларға ақпарат беруден бас тартатын. Толығырақ.

Әлеумет

Орталық Азия тұрғындардың бәрінің бірдей дұрыс тамақтануға, сапалы, жаңа тағам сатып алуға және салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндігі бола бермейді. Жалпы аймақ үшін аштық проблема тудырмаса да пандемия кейбір Орталық Азия, Кавказ және ТМД еліндегі азық-түлік жағдайын нашарлатты. Толығырақ.

Өзбекстан күкіртті экспорттай бастады. «Узбекнефтегаз» АҚ ақпарат қызметі хабарлауынша, жыл басынан бері биржалық аукциондарда құны 9 миллион доллардан асатын 500 мың тоннадан астам күкірт өнімі сатылды.Толығырақ.

1 шілдеде ЕАЭО елдерінің «Шекарасыз жұмыс» цифрлық жобасы басталады. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің алғашқы бірлескен цифрлық жобасы «Шекарасыз жұмыс» бірыңғай іздеу жүйесі» 2021 жылдың 1 шілдесінде іске қосылады деп жоспарланған. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.