Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 11-18.10.2021 ж.

19.10.2021 • 09:43

Қымбатты дос!

Өткен аптада елімізде және Орталық Азиядағы көрші елдерде не болғанын білейік!

 

Білім

Неміс академиялық алмасу қызметі (DAAD) биыл Қырғызстанның жоғары оқу орындарының үздік студенттері мен түлектеріне Германияда магистратура мен аспирантураға оқу грантын тағайындайды. Бұл туралы редакцияға түскен баспасөз хабарламасында айтылған. Сонымен қатар, DAAD стипендия бағдарламасы аясында Қырғызстандағы жоғары оқу орындарының үздік студенттері Германияның жоғары оқу орындарында неміс тілінде жазғы курста оқи алады, ал ғылым докторы дәрежесі бар ғалымдар мен ЖОО оқытушылары Германиядағы университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми тағылымдамадан өте алады. Толығырақ.

Қырғызстан депутаттары зиян өнімдерді жарнамалауға тыйым салуды енгізеді. 11 қазанда Жогорку Кенештің Әлеуметтік мәселелер, білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау комитеті отырысында депутат Евгения Строкова сондай заң жобасын ұсынды. Толығырақ.

12-24 қарашада Өзбекстанның алты қаласында «Білім мен кәсіп - 2021» халықаралық көрмесі өтеді. Экспозицияға келушілер әлемнің түрлі елінен келген шетелдік жоғары оқу орындарымен таныса алады. Толығырақ.

Әлемде 10-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің 13%-тен астамы психикалық бұзылыспен өмір сүреді, бұл - 89 миллион жасөспірім ұл мен 10-19 жас аралығындағы 77 миллион жасөспірім қыз. Мұндай деректер ЮНИСЕФ-тің «2021 жылғы әлем балаларының жағдайы» жаңа баяндамасында айтылған. Онда балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы, оны нығайту және қорғансыз балаларды қорғау жолдары зерттеледі. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясында Қазақстан 2022-2024 жылдарға БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне сайланды. Толығырақ.

 

Әлеумет

14 қазанда Тәжікстан Кәсіпкерлер күнін атап өтті. Мына жерде бизнес жолындағы шешілмеген басты кедергілер жинақталған.

Интернетте Қырғызстанға саяхат туралы әңгімелейтін қызық Manshuq туристік жобасы пайда болды. Оқырмандар бұл жерден не нәрсеге назар аудару керек екенін біледі. «Қырғызстанда бірнеше рет болып, ендігі бәрін білемін деп ойласаңыз, онда біздің жаңа материал сізге арналған. Оштың қай жерлеріне бару керек екенін, көптеген туристі Қырғызстан не себепті қызықтыратынын 20 жылдық тәжірибесі бар кәсіби гид және туризм жөніндегі ұлттық тренер Лада Хасанова айтып береді», – дейді сайт жасаушылары. Толығырақ.

«Айналамыздағы құпиялар» – Еуразия бірінші арнасындағы жаңа жоба осылай аталады. Бұл – шығу тегі ғасырлардан бастау алатын қазақ асханасының құпиясы мен дәстүрі туралы бағдарлама. Жоба жетекшілерінің бірі – тарихшы, этнограф Айгерім Мұсағажинова. Ол ұзақ жылдар бойы қазақ тағамдарының құпиясын зерттеп келеді, деп хабарлайды zakon.kz. Толығырақ.

 

Технология

Қырғызстанның стандарттау және метрология орталығы мүгедектігі бар қолданушылар үшін веб-сайттардың қолжетімділігі деңгейінің дамуы мен жоғарылауына оң әсер ететін стандартты бекітетін бұйрық берді. Бұл туралы редакцияға түскен баспасөз хабарламасында айтылған. Стандарттың ресми атауы «КМС ГОСТ Р 52872-2021 интернет-ресурстары және цифрлы түрде ұсынылған басқа да ақпарат. Стационар және мобайл құрылғыларға қосымшалар, басқа қолданушылар интерфейсі. Мүгедектігі бар адамдар мен басқа да тіршілік әрекеті шектелген жандарға арналған қол жеткізу талаптары (ГОСТ Р 52872) -2019, IDT)». Толығырақ.

 

Жалған ақпарат

Қазақстандықтар 5G технологиясы туралы қастандық теорияларын таратуды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz. Бұл жолы әлеуметтік желілерде ұялы байланыс мұнаралары көрсетілген видео тарап жатыр. Олар әлем халқының санын бір миллиард адамға дейін кеміту үшін қажет екені айтылады. Толығырақ.

 

Экология

1933 жылы 12 қазанда Тәжікстан ғылым академиясының Ботаникалық бағы құрылды (Боги «Ирам»). Оны Душанбеде профессор Б.Федченко құрды. Ол сол кезеңде 34 гектор болатын КСРО ҒА тәжік базасының ботаника секторын басқарды (1951 жылдан бастап Тәжікстан ғылым академиясы). Бүгінде бақша аумағы 40 гектарға жетеді.

Бақшаға кіре берісте 1930-жылдардың ортасында Ботаника институтының бірінші қызметкерлері отырғызған ағаш үлгілері бар. Тәжік КСР Ғылым академиясы құрылғаннан кейін 1960-жылдары Тәжік КСР Ғылым академиясының Ботаника институтына арналған бақ аумағында жылыжайлар салынды. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.