Бәріңе сәлем!
Алақай! QLEVER платформасына 2 жыл!
Бәріңізге осы керемет мерейтой құтты болсын! Бізбен бірге екеніңе рақмет!
Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар дайджесін ұсынамын.
Кеттік!
Білім
Қырғызстандағы ата-аналар білім беруді қорғау үшін бірікті. Алғашқы наразылық пен үндеу. Қырғызстанда «Қырғыз Республикасының білім саласын қорғау үшін ата-аналардың қоғамдық қозғалысы» құрылды. Толығырақ.
Қазақстанда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды. Қалай көмек алуға немесе беруге болады? Әр мектепте әлеуметтік көмекке мұқтаж балалар тізімі жасалды. Әр облыста сенім телефондары бар. Толығырақ.
Нұр-Сұлтандағы университетте кімнің оқу ақысы төленеді. Әлеуметтік осал топқа жататын үміткерлердің құжатын қабылдау 21 тамызға дейін (қоса алғанда) созылды. Толығырақ.
Назарбаев зияткерлік мектептері оқушыларға берілетін жеңілдіктерді азайтады. Мұқтаж отбасылардан шыққан студенттерге берілетін жеңілдіктер сақталады. Толығырақ.
Қырғызстан білім жүйесінде реформалар жүргізу үшін Араб үйлестіру тобынан 60 миллион доллар және Жаһандық білім беру серіктестігінен 15 миллион доллар алуы мүмкін. Толығырақ.
«Қазақстан халқына» қоры мұқтаж студенттерге бөлінетін гранттар санын көбейтті. Грантқа өтінімдерді 25 тамызға дейін тапсыруға болады. Ол бакалавриат пен магистратурада оқитын студенттерге 2 350 грантқа дейін бөледі. Сондай-ақ, қор 40 000 теңге шәкіртақы тағайындады, деп хабарлайды «Қазақстан халқына» қоры баспасөз қызметі. Толығырақ.
Адам құқықтары
Өзбекстанда Twitter мен басқа да әлеуметтік желілер бұғаттан шығарылды. 1 тамыздан бастап Өзбекстанда Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілері мен WeChat мессенджеріне кіруге қойылған шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы Газете.uz сайтына Ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз хатшысы Шерзод Ахматов хабарлады. Толығырақ .
«Зорлау саны азайған жоқ». Қырғызстанның азаматтық белсенділері нақты цифрлардың маңызды екенін айтады. «Әйелдер мен балалар құқығын қорғау» қозғалысы күн сайын әйелдер мен балаларға қатысты жағдайдың нашарлап жатқанына алаңдайды. Сондықтан оған қатысушылар ашық үндеу дайындады. Толығырақ.
Ескерткішке Z әрпін жазған Қазақстан тұрғыны қамауға алынды. Қарағанды облысы Саран қаласы соты Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерге арналған обелиск жанындағы танк ескерткішінің мұнарасына Z белгісін қойған жергілікті тұрғынды 7 тәулікке қамады. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Азаттық радиосы (Азаттық радиосының қазақша редакциясы) хабарлайды. Толығырақ.
Өзбекстанда кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін жазаны күшейту талап етілді. Кейінгі жылдары Өзбекстанда оқушы қыздарды зорлау фактілері бірнеше рет тіркеліп, қылмыскерлер жеңіл жазамен құтылып, бұл қоғамда наразылық тудырды. Бұл тақырыптағы пікірталасқа президенттің үлкен қызы Саида Мирзияева да қосылды. Балалар омбудсмені Әлия Юнусова бұл мәселе бойынша Сенатқа жүгінгенін айтты, деп хабарлайды Centralasian.org. Толығырақ.
Әлеумет
Қырғызстанда дәптер мен оқу құралдары бағасы 1,5 есе қымбаттады. Биыл оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады. Толығырақ.
Өзбекстанның Наманган облысында археологиялық ескерткіш жойылды. Наманган облысының Янгиқорған ауданында жергілікті тұрғындар «Гаистонтепа» археологиялық орнын қиратты, деп хабарлайды UzNews Мәдени мұра агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Толығырақ.
Қырғызстанда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 1 тамыздан бастап орта есеппен екі есеге көтеріледі. Президент жарлыққа қол қойды. Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасының мемлекеттік қызметкерлері мен муниципал қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы 2 тамызда президент әкімшілігі ақпараттық саясат қызметі хабарлады. Толығырақ.
Өзбекстандағы донорларға қосымша жеңілдіктер беріледі. Өзбекстанда 2023 жылғы қаңтар айынан бастап «Құрметті донор» белгісін иеленушілерге берілетін біржолғы ақшалай сыйақы мөлшері 5-тен 15 базалық есеп айырысу бірлігіне дейін өседі. Бұл туралы «Ферғана» ел президенті жарлығына сілтеме жасап жазды. Толығырақ.
Еуропалық Одақ Түркіменстандағы иттерді қорғау туралы заңды қолдады. Еуропалық Одақтың Түркіменстандағы өкілдігі иттерге қатыгездік көрсетуге тыйым салатын заңның қабылдануын қолдап, «Махаббат пен мейірімділік» онкүндігін жариялады, деп хабарлайды "Ферғана" ақпарат агенттігі. Толығырақ.
Алматыда Батырхан Шүкенов туралы балаларға арналған кітаптың тұсаукесері өтті. Алматыда бас ботаникалық бақ сахнасында қазақ музыканты Батырхан Шүкенов туралы балаларға арналған тұңғыш кітаптың тұсаукесері өтті. Толығырақ.
Технология
Тәжікстанда тәжік сөздерін түзететін компьютерлік бағдарлама жасалды. Тәжікстанның Тіл және терминология комитеті Word бағдарламасында қате жазылған тәжік сөздерін автоматты түрде түзететін компьютерлік бағдарлама әзірледі. Толығырақ.
Абайлаңыз, алаяқтар!
Душанбе қаласы әкімдігі әлеуметтік желілерде Рустам Эмомалидің фейк аккаунттары пайда болғанын ескертеді. Тамыздың 1-і күні Душанбе қаласы әкімдігі сайтта арнайы хабарлама жариялап, әлеуметтік желілерде Мәжіліс Милли басшысы мен Душанбе мэрі Рустам Эмомали атына жалған парақшалар ашылғанын ескертті. Толығырақ.
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі интернеттегі алаяқтық оқиғаларының неліктен жиілеп кеткенін түсіндірді. Қазақстанда онлайн-алаяқтардың көбеюінің бір себебін Ішкі істер министрлігі жұмыссыздықтан деп санайды. Толығырақ.
Бізбен бірге екеніңе рақмет!
Әзірше!
P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!
Дайджесті дайындауға Алмабек Ибрайымов қатысты