Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 12-19.04.2021 ж.

20.04.2021 • 16:21

Қымбатты дос!

Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі жаңалықтар дайджесін ұсынамын.

Кеттік!

 

Білім

МегаФон Тәжікстан компаниясы Тәжікстан Ұлттық Банкі ұйымдастырған Тәжікстандағы балалар мен жастарға арналған GlobalMoneyWeek-2021 қаржылық сауат айының Digital-серіктесі болды. Былтырғыдай оператор мектеп оқушылары мен студенттердің шығармашылық жұмысын қабылдау үшін ұялы интернет қызметі мен жабдықталған трафик пакетін ұсынды. Толығырақ.

Қырғызстандағы мектептерде мемлекеттік емтихандар болмайды, нәтижелер тоқсандық бағалар негізінде шығарылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің мектептегі білім департаменті 24.kg ақпараттық агенттігіне хабарлады. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Ташкенттегі (Өзбекстан) мектептердің бірінде оқушылардың шұлығы ұзындығын тексере бастады. Әкімшілік ЛГБТ-мен осылай күресіп жатыр екен. «Кеше адамдар ұлымның класына кіріп, сабақ уағында аяқ киімдерін шешкен. Сөйтіп, шұлығының ұзын-қысқалығын тексерген. Шұлығы қысқа балаларды суретке түсіріп алған. Олар мұны Олар мұны ЛГБТ-мен күрес деп түсіндіріпті», - деп жазды блогер Шахноза Соатова Телеграм-каналында. Оның айтуынша, мектептерде сабақтың орнына ЛГБТ тақырыбы туралы лекциялардың не себепті өткізіле бастағаны түсініксіз. Ол мұның абсурдқа әкелген антинасихат екенін айтты. Толығырақ.

Қазақстанда Ashyq қосымшасы арқылы QR кодын сканерлеп, мәртебені тексеруге болатын веб-сайт әзірленді деп мәлімдеді ҚР Цифрлық даму, инновациялар​ және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрсынов. Толығырақ.

Қазақстан үкіметі заңнамалық актілерге жеке деректерді қорғау мәселелері бойынша түзетулер әзірледі, осылайша үкімет лауазымды тұлғалардың жеке дерегін пайдалану ережесін қатайтуға тырысып отыр. Толығырақ.

 

Әлеумет

Экономикалық дағдарысты бастан өткеріп жатқан Түркіменстанда Рамазан айы басталғалы бері жанармай құю бекеттері мен автотұрақтарда мұсылмандардың қасиетті айына орай ән салып, тәттілер мен ақша сұрайтын балалар саны айтарлықтай өсті. Бұл туралы Азатлык радиосы тілшісі хабарлады. Толығырақ.

14 сәуірде Тәжікстанда «Илм ва табиат» («Ғылым мен табиғат») жаңа телеарнасының көрсетілімі басталды. Телеарна бүкіл ел бойынша 11:30-да хабар тарата бастады, деп «Азия-Плюске» республиканың телерадио хабарларын тарату комитеті хабарлады. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.