Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смакқовтан дайджест: 2020 жылдың 12-19 қазаны

20.10.2020 • 09:19

Қымбатты дос!

Бұл аптада өзің туралы айтуды ұсынамын: немен айналысасың, не нәрсеге қызығасың, нені уайымдайсың. Осы сұрақтарға жауап беріп, жазбаңды әлеуметтік желіде жарияла. Жазбаңды тезірек таба алуым үшін, #qleverme хэштегін қоюды ұмытпа. Келесі аптада ең үздік пост менің дайджестіме кіреді. Іске сәт!

Менің сауалдарыма қалай жауап беруді ойлап отырғаныңда саған орталық Азияның ең маңызды жаңалықтарын айтып берейін.

 

Білім

Өзбекстанның ЖОО-лары жақында дәстүрлі білім беру түріне оралуы мүмкін. Ел үкіметі неге мұндай шешім қабылдағысы келетінін мына жерден оқуға болады.

Code Генератион бағдарламалау мектебі мен Білім беру бастамалары қоры 5-11-класс оқушылары үшін Спорттық бағдарламалау бойынша олимпиада ұйымдастырады. Олимпиадаға Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның және Тәжікстанның кез келген оқу орнының 5-11-сынып оқушылары қатыса алады. Толығырақ сілтемеден оқыңыз.

Білім беру сапасын қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекция Өзбекстанның 57 жоғары оқу орнының және олардың филиалдарының қызметін зерттеп, жоғары оқу орындарының кезекті ұлттық рейтингін шығарды. Үздік бестікке Өзбекстан ұлттық университеті, Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты, Самарқан мемлекеттік университеті, Ташкент ақпараттық технологиялар университеті және Ташкент мемлекеттік аграр университеті кірді. Рейтинг туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.

Әлеумет

20 қазаннан бастап Қырғызстан мен Қазақстанның кәмелетке толмағандарына мемлекеттік шекарадан тек Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасының шетелдік төлқұжаттарымен өтуге рұқсат беріледі. Шекарадан өтудің жаңа ережесі туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

Қазақстанда "Союз МС-17" зымыраны ұшырылды. Негізгі экипаж құрамына Роскосмос ғарышкерлері Сергей Рыжиков, Сергей Куд-Сверчков және NASA астронавты Кэтлин Рубинс кірді. Зымыранды ұшыру туралы толығырақ мына жерде.

Пандемия

Дүниежүзіндегі ең ірі Numbeo дерекқоры шығарған денсаулық сақтау деңгейі бойынша әлемдік рейтингіде Қазақстан 93 елдің ішінен 53-орынға ие болды. Оған қоса, Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінің ТМД елдері арасында ең жоғары сапа индексіне ие. Қазақстан Республикасының көрсеткіштерінен  Беларусь Республикасы (59-орын), Ресей (63-орын), Украина (78-орын) және Әзербайжан (91-орын) көрсеткіші төмен. Сілтеме бойынша толық ақпарат.

Худжанд университеті COVID-19-ды жасанды интеллект арқылы аурудың бастапқы кезеңінде анықтайды. Зерттеуді Tajrupt.ai жасанды интеллект орталығы жүргізеді. Бұл қалай жұмыс істейді? Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Экология

Еуропалық Одақ пен АКТЕД-тің жасыл туризм саласындағы бастамасы Орталық Азияның тұрақты өркендеуіне ықпал етеді. Жаңа инновациялық жоба Қырғызстанның, Өзбекстан мен Тәжікстанның тез дамып келе жатқан туризм секторына таза энергия мен таза тәжірибені енгізуге бағытталған. Толығырақ мына сілтемеде.

Бізбен бірге болғаныңыза рақмет!

Жемісті және сәтті апта болсын!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.