Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 12-19 қыркүйек, 2022 жыл.

22.09.2022 • 15:11

Сәлем!

Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар дайджесін ұсынамын.

Кеттік!

 

Білім

17 тірек мектеп: «Қазақстан халқына» қоры Ақмола облысындағы алғашқы мектепті жабдықтап бітті. «Қазақстан халқына» қоры Ақмола облысы Қатаркөл ауылындағы Досов атындағы орта мектепті қажет материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етті. Бұл – «Ауылды жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасына қатысушы 17 мектептің біріншісі. Толығырақ.

Қырғызстандағы әр төртінші бала ғана балабақшаға барады. Бірнеше жыл бұрын ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Генриетта Форе: «Мектепке дейінгі тәрбие – білім алудың негізі және білім беру процесінің әрбір келесі кезеңі табысты мектепке дейінгі тәрбиеге байланысты», – деген еді. – «Дегенмен бүкіл әлемде балалардың бәрі мұндай мүмкіндікке ие бола бермейді. Бұл балалардың екінші жылға қалу қаупін немесе мектепті тастап кету қаупін арттырады және өзінен табыстырақ қатарластарының көлеңкесінде қалуға мәжбүр етеді». Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Қырғызстан парламенті депутаты оқушы қыздарды тым қысқа белдемше киеді деп айыптады, деп хабарлайды 24kg. Толығырақ.

Мары уелаятының дайхан бірлестіктерінде мектеп оқушылары сабақтан кейін мақта жинауға тартылып жатыр. Жергілікті бақылаушылар Түркіменстандағы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашарлауы мен жаппай жұмыссыздық балаларды ауыр жұмыс істеуге мәжбүр етіп отырғанын айтады. Толығырақ.

Иесі жоқ жануарларды аулау қызметінің аяусыз әрекеттеріне қарсы шыққан Түркіменабат тұрғындарына қала билігі қысым жасап жатыр. Толығырақ.

Түркіменстанда әйелдерге косметика жағуға, контур операциясын жасауға, маникюр жасауға, шашын бояуға, тар киімдер мен джинсы шалбар киюге, көлік жүргізуге және көліктің алдыңғы орындығына отыруға тыйым салынды. Елде түсік жасатуға да тыйым салынды деуге болады. Әйелдер ұсталып, айыппұл салынып, тіпті жұмыстан шығарылып жатыр. Әйелдерге тыйым салу Сердар Бердімұхамедов әкесінің орнына Түркіменстан президенті болғаннан кейін күшейе бастады. Толығырақ.

Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) Түркіменстан президентін түркімен баспасөзіне қойылған шектеулерді алып тастап, журналист Нұргелді Халықовты босатуға шақырады. Толығырақ.

Алматыда қарақалпақ диаспорасының екі белсендісі Қошқарбай Төремұратов пен Жангелді Жақсымбетов ұсталды. Олар Өзбекстанның конституциялық құрылымына қол сұқты және қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке қауіп төндіретін материалдар әзірлеп, таратты деген күдікке ілінген. Толығырақ.

Жалған ақпарат таратты деп айыпталған қоғамдық Qaznews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды. Толығырақ.

«Балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілері туралы хабарларды ескерсек, Қырғызстан қауіп туралы хабарлау үшін әрбір бала көшеде немесе телефонда пайдалана алатын арнайы дүрбелең түймесін енгізуі керек», – деді Омбудсмен Атыр Абдрахматова Kaktus.media-ға берген пікірінде. Толығырақ.

 

Әлеумет

АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) 600 ауыл әйелі үшін кәсіпкерлікті оқытудың озық бағдарламасы басталғанын хабарлады. Бағдарлама Өзбекстандағы ауыл әйелдерінің кәсіпкер және білікті жұмысшы ретінде еңбек нарығына қатысуын қолдау арқылы оларға көмектесуге бағытталған 3,4 миллион доллар көлемінде әйелдің экономикалық мүмкіндіктерін арттыру бастамасының бөлігі ретінде жүзеге асырылып жатыр. Оқу 2022 жылғы 26 ​​қыркүйекте басталады. Толығырақ.

Қазақстанда алғаш рет есту қабілеті нашар балалардың құлағына есту аппараты салынды. Бірегей операция Алматыдағы Ақсай республикалық балалар клиникалық ауруханасында жасалды. Толығырақ.

 

Абайлаңыз, алаяқтар!

Касперский зертханасы: Тәжікстан мен Өзбекстан азаматтары алаяқтарға көбірек алданады. Аналитиктер қастық ойлаушылар халықтың қаржы сауаты аз екенін шебер пайдаланады. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Дайджесті дайындауға Алмабек Ибрайымов көмектесті

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.