Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 13-20.09.2021 ж.

23.09.2021 • 14:35

Қымбатты дос!
Өткен аптада біздің және Орталық Азиядағы көрші елдерде не болғанын білейік.

 

Білім

Тәжікстандағы білім беру саласын бизнеске арналмаған алаң деп санауға болады. Ақша табу тәсілдері көп, бәсеке аз, ал мемлекеттік білім сапалы қызмет көрсету қажеттігін қанағаттандырмайды. Дәл қазір бизнес құруға болатын бес бағыт туралы ғана айтайық. Толығырақ.

Тәжікстан жастарының білім алу мүмкіндіктері тізімін мына жерден қарай аласыз.

Қырғызстанда қырғыз тілінде онлайн курстары бар алғашқы интерактив сайт іске қосылды. Бұл туралы «IDEA Орталық Азия» ҚҚ хабарлады. Оның айтуынша, «МедиаКыздар академиясы» жобасы аясында олар қырғыз тілінде төрт онлайн курс бар «Курсив» білім беру платформасын жасады. Толығырақ.

Қырғызстанның білім беру ұйымы қызметкерлері (жетекші, мұғалімдер және басқалар) студенттер мен олардың ата-анасынан (заңды өкілдерінен) мекеме үшін қаржылай және басқа да материалдық көмек беруді талап етуге құқылы емес. Бұл туралы Қырғызстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заңы жобасында айтылған. Құжат бойынша, мемлекеттік немесе муниципал білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесі ерікті түрде жеке және заңды тұлғалардың ерікті жарналары мен қайырымдылығынан, Қырғызстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да түсімдерден құралған қаржылай және басқа да материалдық ресурстарды тарта алады. Толығырақ.

Қазақстандықтар арнайы сенім телефонына қоңырау шалу арқылы білім саласындағы проблемалар туралы хабарлай алады, деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Азаматтар әртүрлі сұрақ бойынша хабарласа алады. Мұғалімдерді міндетіне кірмейтін жұмысқа тарту фактілері, мектеп дәретханасы, бейнебақылау камералары, дабыл түймелері, қауіпсіздік жүйесінің басқа элементтері, жатақханалар және тағы бсқа туралы мәселелер туралы хабарлау ұсынылды.

Кез келген адам WhatsApp мессенджерінде фотосуреттер мен видеоларды 8 (705) 206-59-32 нөміріне жібере алады. Мектептерге қатысты сұрақтар жергілікті атқарушы органдарға жолданады. Бұл қаржыландырудың заңнамалық функциялары, құрылыс, жөндеу жұмыстары, қажет жағдай жасау мәселелері, оның ішінде санитария жағдайы әкімдіктердің құзыретіне жататыны арқылы түсіндірілді. Толығырақ.

«Дунё» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Навои мемлекеттік педагогикалық институты (НГПИ) басшылығы Ұлыбританиядағы Өзбекстан елшілігінің делдалдығымен Сандерленд британ университеті (University of Sunderland, UoS) басшылығымен Өзбекстанда жоғары білікті мамандар даярлаудағы ынтымақтастық пен серіктестік туралы келіссөздер жүргізді. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Түркіменстанның Ашхабад қаласы полициясы саябаққа келушілерге бақылауды күшейтті. Саябақтарда қарсы жыныстағы жастарды ұстау жағдайлары жиілеп кетті. Сонымен қатар, әйелдер мен қыздардың сырт келбеті полиция бақылауында. Бұл туралы Азатлык тілшілері Ашхабадтан хабарлайды. Кейінгі күндері Ашхабад саябақтарында қолдарында рация бар полиция қызметкерлерін жиі көруге болады. Полиция қызметкерлері аллеяларда жүріп, орындықтарда кімнің кіммен отырғанын бақылайды. Толығырақ.

Түркіменстан халқы карантинге байланысты қиындықтарға әлі де кезігіп жатыр. Сонымен қатар, жұрт коронавирустың таралуына қарсы сақтық шараларын сақтау бойынша биліктің бұрын-соңды болмаған талаптарын орындауға міндетті. Осының бәрі елдегі экономикалық дағдарыстың ұзаққа созылуы жағдайында халық бастан кешіретін күнделікті қиындықтарды одан сайын күрделендіреді. Толығырақ.

 

Қауіпсіздік

Uzcard (Өзбекстан) пластикалық карталарды қолданушыларға карта атын жамылып әрекет ететін алаяқтар туралы ескертті. Компанияның  мәліметінше , алаяқтар Uzcard атынан uz-investt. space, invest-uz. space сайттарында жарияланым жасайды. Қолданушыларға «инвесторлардан тәуелсіз төлемдер» алу ұсынылады, нәтижесінде олар өз еркімен алаяқтарға картасындағы қаражатқа қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Толығырақ.

 

Технология

Қыркүйектің 27-сі мен қазанның 1-і аралығында Қырғызстанда Digital Week бірегей цифрлық даму апталығы өтеді. Бұл аптаға жетекші халықаралық сарапшылар перспективалы бағыттарға қатысты өзекті ақпаратты бөлісетін, ел экономикасындағы ақпараттық технологияларды дамытудың қазіргі мәселелерін анықтайтын және мемлекеттік органдар өкілдерімен және қатысушылармен бірге оларды жеңудің шешімдерін ұсынатын бірқатар іс-шара кіреді. Толығырақ.

16 қыркүйекте Өзбекстандағы «Өзбектелеком» компаниясында «Операторлар мен провайдерлер үшін интернет-арнаның бағасының кезекті төмендеуі және республикада интернет желісінің дамуы» тақырыбында брифинг өтті. Осыған байланысты компанияның ақпараттық қызметі басшысы Тимур Мамаджанов бірқатар цифрды жариялады. Оның айтуынша, бір жыл ішінде операторлар мен провайдерлер сатып алатын арналардың әр мегабитінің бағасы екі есе дерлік төмендеді (46,6%-ке). Енді 1 Мбит/с құны - 30 мың сум. 4 жыл бұрын бұл 8 есе қымбат еді. Толығырақ.

Киев мәдениет университетінде (Украина) ТикТок факультеті ашылады. Бұл туралы білім мекемесінің ресми сайтында хабарланды. Мұндай факультет бірініш рет тек Украинада ғана емес, әлемде де ашылды. Жобаның идея ұсынушысы - әйгілі украиналық тиктокер Михаил Поплавский. Ол жастар «жұлдызды жолын әлеуметтік желілер арқылы жасауы» керек деп санайды. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.