Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 14-21.06.2021 ж.

22.06.2021 • 09:35

Қымбатты дос!

Осы аптада біздің елде және Орталық Азиядағы көрші елдерде не болғанын білейік.

 

Білім

Қазақстанда бухгалтер есебі, салық және кадр мәселелері бойынша тегін онлайн консультациялар өтеді, деп хабарлайды Алматының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы. Білім беретін онлайн клуб Қазақстанның барлық аймағында бизнес үшін ашық. Толығырақ.

20 маусымда Өзбекстанда 2021-2022 оқу жылына арналған жоғары оқу орындарындағы бакалавриатқа үміткерлерді онлайн тіркеу басталды. Толығырақ.

Ата-аналарға ыңғайлы болу үшін Ташкент, Нүкіс қалалары мен Өзбекстан облысы орталықтарындағы орта мектептердің 1-класына қабылдау процесі эксперимент ретінде электрон түрде жүзеге асырылады. Басқа облыстардағы (Қарақалпақстан Республикасының басқа аудандары (қалалары) мен облыстары) орта мектептегі 1-класқа қабылдау дәстүрлі формат бойынша, яғни мектепте өтеді. Толығырақ.

Түркіменстан мектептерінде 18 жасқа толған түлектер әскерге мектеп қабырғасынан аттанады. Азатлық тілшілері хабарлағандай, 15 маусымда астана мектептерінде бітіру емтихандары өтіп, түлектер емтихан тапсырған соң әскери және полиция қызметкерлері оларды дереу әскери комиссариаттарға жеткізді. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Тәжікстанда 2021-2025 жылдарға арналған «Қолжетімді орта» мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Енді мүгедектігі бар адамдар Отаны қолжетімді болатынынан үміт ете алады.

Жәмилә - екінші топтағы мүгедек. Бала кезінде ол жүріп, жүгіре алатын, бірақ 12 жасында апатқа ұшырап, аяғынан айырылды. Содан бері ол балдақпен жүреді. Толығырақ.

Тәжікстанда заңгер Facebook-тегі посты үшін 5,5 жылға сотталды. Үкім 14 маусымда шығарылды. Сот өз шешімі туралы әлі ресми ақпарат жариялаған жоқ, бірақ Ризоевтің адвокаты Дилафруз Самадова 16 маусымда Озоди радиосына берген сұхбатында тергеу оның клиентінің әлеуметтік желідегі жазбаларын «экстремист және ұлттық қауіпсіздікті тұрақсыздандырады» деп санайтынын айтты. Толығырақ.

Қырғызстан сарапшылары депутат Гүлшат Асылбаева мен Айнұр Осмонованың «Ақпаратты манипуляциялау туралы» заңы күшін жоюды талап етеді. Олардың пікірінше, құжатта бастамашылардың сөз бостандығын пайдалану құқығын жүзеге асыруға ұсынған шектеулердің құқықтық негізі жоқ. Заң жеткілікті түрде нақты тұжырымдалмаған және азаматтарға оның орындалмауы салдарын болжауға мүмкіндік бермейді және сәйкесінше пікір мен сөз бостандығы құқығы принципіне қауіп төндіреді. Толығырақ.

 

Әлеумет

Түркіменстан тұрғындары газ қарызына байланысты азық-түлік рационынан айырылды. Азатлық тілшілері хабарлауынша, қазіргі уақытта аймақ билігі тұрғындардың газға төлемінің алты айлық балансы қорытындысын шығарып жатыр. Борышкерлер азық-түлік рационынсыз, газсыз қалады және сотқа шақыру қағазын алады. Толығырақ.

Дүниежүзілік банк сенімді деректердің жоқ екеніне байланысты Түркіменстанды «Ғаламдық экономикалық перспективалар» соңғы есебінен шығарды. Толығырақ.

Бішкекте (Қырғызстан) пандемия кезіндегі қырғызстандықтардың өмірі туралы фильм альманахтары таныстырылды. Киноалманах он эпизодтан тұрады. Мұнда консерватив мектеп басшылығына қарсы тұратын ауыл мұғалімі жайлы және үйдегі тиран туралы психологиялық драма, волонтерлар, блогерлер, бизнесмендер, тіпті дәріні алыпсатарлар туралы оқиға келтірілген. Толығырақ.

 

Технология

Google жер сілкінісі туралы ескерту жүйесіне тағы жеті елді, соның ішінде Тәжікстанды қосты. Ол алғаш рет Калифорнияда сыналды, содан кейін ол тек екі елде - Жаңа Зеландия мен Грекияда іске қосылды. Толығырақ.

 

Экология

«Каспий тартылып жатыр». Дурнев аралдары материкке қосылды, сөйтіп жаңа шатқал пайда болды. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.