Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 14-21 ақпан, 2022 жыл

22.02.2022 • 07:34

Бәріңе сәлем!

Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар туралы дайджесті ұсынамын.

Кеттік!

 

Білім

Қырғызстан президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іскерлік кеңес пен Білім және ғылым министрлігі студенттер арасында сауалнама жүргізді. Респонденттерге білім беру ұйымдарындағы қысқы сессия кезінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы сұрақ қойылды, деп хабарлайды кеңестің баспасөз қызметі. Толығырақ.

Еуропалық Одақ, Біріккен Ұлттар Ұйымының Тәжікстандағы Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Тәжікстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен (БҒМ) бірлесіп, бірінші ұлттық инновациялық оқу-білім беру орталығының ресми ашылу салтанатын өткізді. Орталық білім беру телесабақтарын өндіру және Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Білім сапасын қолдау II бағдарламасы» шеңберінде инновациялық аралас оқыту мазмұнын ілгерілету бойынша жұмыс істейді. Толығырақ.

 

Әлеумет

Қазақстанда қашықтан жұмыс істеуге ең қолайлы қалалар Алматы мен Нұр-Сұлтан, деп хабарлайды HeadHunter. Бұл мегаполистерде жұмыс берушілерден қашықтан жұмыс істеуге болатын ең көп ұсыныс түскен: 2021 жылы Алматыда шамамен, 4000 және Нұр-Сұлтанда 3000 ұсыныс бар. Олардан кейін Қарағанды, Шымкент және Атырау келе жатыр. Ал Қазақстанда қашықтан істелетін жұмысқа қанша төлейді? Толығырақ.

Қазақстанда 5 сәуірден бастап жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінімдер қабылданады, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев үкімет отырысында. Толығырақ.

15 наурыздан 15 мамырға дейін Мәдениет пен өнерді дамыту қоры Халықаралық театр және балет фестивалін ұйымдастырады, оған Мәскеудің «Современник» театры, Мәскеу заманауи пьеса мектебінің театры, Ұлттар театры, А.П.Чехов атындағы Мәскеу көркем театры, Борис Эйфман атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық балет театры, Әлішер Науаи атындағы МАҮТ, Хамза атындағы өзбек ұлттық драма театры, Марк Вайльдің «Ильхом» театры және  Өзбекстанның Жастар театры қатысады. Толығырақ.

Мемлекет басшысы «2022 жылы Наурыз ұлттық мерекесіне дайындық және оны өткізу туралы» қаулыға қол қойды. Өзбекстанда Наурыз мейрамын жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында қазіргі өзгерістер мен жаңару үдерістеріне сай мереке «Ассалом, Наурыз – жаңару мен ізгілік, ар-намыс пен абырой мерекесі» ұранымен жалпыхалықтық мереке ретінде өтеді, деп жазады «Норма». Толығырақ.

 

Технология

WhatsApp мессенджерінің әзірлеушілері дыбыс хабарламаларын чаттардан тыс тыңдау мүмкіндігін жариялады, деп хабарлайды 9to5Mac. Көптен күткен функция барлық WhatsApp қолданушысы үшін iOS жүйесіндегі смартфондарға арналған нұсқада қосылғаны хабарланды. Бұл үшін қолданбаны 22.4.75 нұсқасына дейін жаңарту керек. Толығырақ.

Былтыр ақпан айында үкімет Байланыс қызметіне интернеттің жылдамдығы мен сапасын арттыруды тапсырған еді. Алайда қолданушының көпшілігі жылдамдықтың төмендігіне, тариф бағасының өте жоғары екеніне және негізінен интернет сапасына әлі шағымданып жатыр. Бұл тапсырма әлі күнге дейін не себепті орындалмады? Шындығында, бұл – риторикалық сұрақ. Дегенмен біз тәжік интернетінің жылдамдығы мен сапасының неліктен төмен екенін еске салғымыз келеді. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.