Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 14-21 қыркүйек 2020 ж.

22.09.2020 • 06:30

Қымбатты дос!

Күздің осы тамаша күні сәттілік әкелсін!

Онлайн оқыту қалай, қажытты ма? Жауап сөзсіз «Иә!» деп ойлаймын. Бәріміз виртуалды өмірден шаршадық.

Мен, Думан Смақов, factcheck.kz сайтының бас редакторымын. Біздің BRYCA жобасындағы команда Орталық Азияның медиакеңістігіне мониторинг жасайды және мен осы процестің басшысы ретінде аптаның басты жаңалықтарын айтып бергім келеді. Кеттік!

IT

Тәжікстанның бірқатар мобильді компанияларының өкілдері интернеттегі іркілістерді олардың қызметіне байланысты еместігін мәлімдеді. 16 қыркүйекте көптеген әлеуметтік желі қолданушылары кешкі уақытта интернеттің кем дегенде бір сағат бұғатта болғанын хабарлады. Бұғаттау ойындары туралы толығырақ.

Түркіменстанда интернетті бұғаттау мен VPN пайдаланушыларына қысым көрсету жалғасуда. Тілшілердің хабарлауынша, Интернетке қауіпсіз кіруді пайдаланудағы қиындықтар шамамен бір жарым ай бұрын басталған, бірақ пайдаланушылардың бұғатталуы мен қудалануына қарамастан, VPN-ге сұраныс артып келеді. Толығырақ.

Интернетте жасөспірімдерді өлімге итермелейтін арнайы Қазақстанға бейімделген жаңа ойындар пайда бола бастады. Толығырақ.

Саясат

Тәжікстанның барлық қалалары мен аудандарындағы он мың волонтер Республика президентін сайлауға қатысады. Оның ішінде тәжік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген 250 адам халықаралық байқаушыларға көмектесетін болады. Толығырақ.

17 қыркүйекте Гарвард университетінде 2020 жылғы 30-шы Шнобель сыйлығының (Ig Nobel Prize) марапаттау рәсімі өтті. Бұл – жүлде жарғысында жазылғандай «алдымен сізді күлдіріп, содан кейін ойлануға мәжбүр ететін» зерттеу авторларына берілетін күлкілі ғылыми марапат, - деп хабарлайды Русская служба ВВС. Лауреаттар қатарында Түрікменстан президенті де болды. Гурбангулы Бердімұхаммедовтың қандай еңбегі үшін марапат алғанын мына жерден оқуға болады.

Экология

Өзбекстанның экология және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік комитеті мен Ташкент қаласының әкімдігі куранттар жанындағы «Болажон» саябағында және Бүржар каналының жағалауында ауқымды тазалау жұмыстарын жүргізді. Науқан туралы толығырақ.

Білім

Қырғызстанда мектептер арасында «Үздік медиабұрыш» байқауы басталды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, 2020 жылдың 20 қыркүйегі мен 25 қазаны аралығында «БАҚ-ты қолдау орталығы» Қоры тұтас Қырғызстанның мектеп мұғалімдерінен Facebook, Instagram немесе Youtube-арнасындағы парақшаларын (медиабұрыштар) байқауға қабылдайды. Толығырақ.

Қазақстанда бағдарламалауды үйрететін тегін платформа іске қосылды. lrn.dev сайтында сайттар мен қосымшалар және ойындар жасауға көмектесетін алгоритмдер құру бойынша сабақтар бар. Толық мақалаға сілтеме.

Қырғызстанда еріктілер тобы Khan Academy сайтындағы әлемдік оқыту курстары мен STEM-бағыттар бойынша видеоларды қырғыз тіліне аударып жатыр. Толығырақ.

Қырғызстанда «Илимдеги кыздар» — «Ғылымдағы қыздар» жобасы басталды. Жоба аясында жасөспірім қыздарға STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) саласында білім алуға және жоғары жалақы төленетін жұмысқа орналасуға көмектеседі. Оған әлеуметтік осал отбасылардан, ауылдық жерлерден, Бішкек және Ош қалаларының және Шу облысының жаңа құрылыстарындағы ішкі мигрант отбасыларынан 15-18 жас аралығындағы 30 мың қызды қатыстыру жоспарлануда. Толығырақ.

Орыс тілді сыныптарды жабу, мектептерді тексеру, орыс тілінде сөйлесуге тыйым салу. Түрікменстан мектептерінде не болып жатыр? Жауап сілтемеде.

Пандемия

2020 жылғы 1 қазаннан бастап Өзбекстан Республикасына әуе, теміржол және автокөліктік өткізу бекеттері арқылы кіруге және шығуға рұқсат етіледі. Бұған дейін енгізілген шектеулер алынып тасталады. Толығырақ.

Жаңалықтарды аяғына дейін оқығаныңа рахмет!

Келесі аптада жүздескенше!

P.S. Бізге қолдау көрсет! Лүпіл басып, Qlever-де ойнап көр!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.