Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 15-22.11.2021 ж.

23.11.2021 • 13:58

Қымбатты дос!

Өткен аптада біздің және Орталық Азиядағы көрші елдерде нендей жаңалық болғанын білейік.

 

Білім

Тәжікстанның дарынды оқушыларға арналған лицейінің 17 оқушысы 2022 жылғы қаңтарда Техас штатында (АҚШ) өтетін Copernicus 2022 халықаралық физика және астрономия олимпиадасының финалына жолдама алды. Толығырақ.

Американың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) Тәжікстаннан келген Oogway Comics командасын өзінің ғаламдық Space Apps Challenge 2021 байқауының жартылай финалисі деп жариялады. NASA Space Apps Challenge – биыл 160-тан астам ел мен аумақтан 5000-нан астам команда қатысқан әлемдегі ең үлкен хакатон. Байқау 2-3 қазанда өтіп, командалар бірқатар ғылыми мәселенің инновациялық шешімдерін әзірлеп жарысты, деп хабарлады Тәжікстандағы АҚШ елшілігі. Толығырақ.

Ресейдің тағы сегіз университеті Өзбекстанда өз филиалын ашуға ниетті, деп хабарлады Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий 16 қарашада Мәскеу мемлекеттік университетінде ашылған екінші орыс-өзбек білім форумында. Виктор Садовничийдің айтуынша, үш филиалдың ашылуы қол қоюдың соңғы сатысында тұр және «жақын арада олар өзбек студенттері үшін есігін айқара ашады». Толығырақ.

Өзбекстанның Әділет министрлігі мен Конституциялық соты Конституция күніне орай (8 желтоқсан) елдің негізгі заңын білу бойынша жалпыұлттық емтихан өткізеді. Әділет министрлігі хабарламасында айтылғандай, емтиханды елдің 15 жастан асқан барлық азаматы тапсыра алады. Қатысу ерікті және тегін. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Human Rights Watch компаниясының Еуропадағы директоры Хью Уильямсон CABAR.asia аналитикалық платформасына берген сұхбатында: «Интернет – қоғамдық кеңістіктің нарық алаңы іспеттес, адамдарға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру керек, олар саясаткерлер мен билікті зорлық-зомбылықсыз сынай алып, мұнысы үшін қудалауға ұшырамауға тиіс», – деді. Толығырақ.

Интернет еркіндігін басып тастағаны үшін сынға алынған Түркіменстан билігі VPN бағдарламаларын пайдаланушыларға қарсы шараларды күшейтуді жалғастырып жатыр. Лебап уелаятында тойларды фото, видеоға түсіріп, фото басып шығару қызметін ұсынатын 20-ға жуық кәсіпкерге интернетті пайдалануға тыйым салынды. Билік оларды VPN қызметтерін пайдаланды деп айыптап, үкіметке қарсы парақшалар басып шығаруы мүмкін деп қорқады. Бұл туралы Азатлык радиосы тілшісіне кәсіпкерлер мен мән-жайды білетін дереккөздер айтты. Толығырақ.

 

Әлеумет

Қырғызстанда Әйелдердің дүниежүзілік кәсіпкерлігі күні (Women ' s Entrepreneurship Day) аталып өтті. "Құрақ" әйелдер бірлестігі осымен жетінші рет жаһандық күнге орай мерекелік іс-шаралар, шеберлік сағаттары мен үлкен конференция өткізді, онда биыл ел тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде әйелдердің экономиканы дамытуға қосқан үлесі туралы айтылды. WED-2021 12 қарашада республиканың оңтүстік өңірінен басталды. Дароот-Коргон, Гулчо және Ош қалаларында ауыл кәсіпкерлеріне арналған шеберлік сағаттары өтіп, DILBAR сән үйі коллекциясы көрсетілді. 19 қарашада Бішкекте бүкіл Қырғызстаннан келген көшбасшы әйелдердің, бизнес-құрылымдар, мемлекеттік органдар және халықаралық серіктестер өкілдері қатысуымен "Жасампаз және батыл: Қырғызстан әйелдерінің табысқа жетудегі 30 жылдық жолы" конференциясы өтті. Толығырақ.

Қырғызстандықтар қанша жұмыс істейді, қаншасы демалады және бос уақытында немен айналысады? Ерлер мен әйелдердің әрқайсы өз күнін қалай өткізеді? Осы сияқты сұрақтарға Ұлттық Статкомның уақыт бюджетін зерттеу жөніндегі жаңа зерттеуі жауап берді. Толығырақ.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (ДАТБ) мен Швейцария үкіметінің қаржылық қолдауымен Каритас/Швейцария төтенше жағдайлар кезінде ұлттық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Тәжікстанның Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетіне 22 тонна тез бұзылатын және бұзылмайтын азық-түлік берді. Толығырақ.

Түркіменстанда азық-түлік жетіспеушілігінің шиеленіскен жағдайы мен бағаның өсуі аясында Ашхабад билігі халыққа берілетін субсидияланатын азық-түлік көлемін тағы да қысқартты. Елордадағы Кеши шағын ауданындағы жеке үйлер тұрғындары енді бір үйде қанша отбасы тіркелгеніне қарамастан, үй шаруашылығына бір рацион азық-түлік алады. Бұрын бір үй шаруашылығында тіркелген әр отбасы азық-түлік рационын бөлек алатын. Ал Парахат-7 шағын ауданында азық-түлік рационы тізімінен сұйық май алынып тасталды. Толығырақ Азатлык радиосының тілшісі хабарлайды. Толығырақ.

Түркіменстан тұрғындарының билік мақта жинау жөніндегі мемлекеттік жоспардың орындалғаны туралы жариялағаннан кейін, аз уақытқа болсын, өткен жылдардағыдай, тапшы мақта майы сатылымға шығады деген үміті ақталмады. Жергілікті май зауыты мамандары кәсіпорында май жеткілікті мөлшерде өндірілетінін айтады, бірақ оны вагондарға тиеп, басқа аймақтарға алып кетеді, сондықтан жергілікті нарыққа түспейді. Толығырақ.

 

Экология

Қазақстан климат өзгеруінің тиімділік индексі бойынша соңғы орында тұр, деп хабарлады EnergyProm. CCPI 2022 рейтингінде Қазақстан небәрі 20 ұпай жинап, 64-орынға жайғасты. Былтырмен салыстырғанда Қазақстан 9 сатыға төмендеді. Бір саты жоғарыны Сауд Арабиясы алды. Биыл ешбір ел «өте жоғары» рейтингімен үздік үштікке кіре алмады. Төртінші орынға Дания, одан кейін «жоғары» рейтингімен Швеция мен Норвегия орналасты. Толығырақ.

Қыс бастала сала Орталық Азияда электр энергиясының жетіспеушілігі байқалады. Көп жағдайда, үкімет айтпақшы, энергетика секторын жақсартуға жұмсалған қомақты қаржыны ескерсек, электр қуатының не себепті үзіле беретінін түсіну қиын. Батыс Қазақстаннан Оңтүстік Тәжікстанға дейінгі бүкіл Орталық Азия тұрғындары электр энергиясын жеткізудегі іркілістерден зардап шегіп отыр. Бұл миллиондаған адамның өміріне әсер ететін қолайсыздық, тіпті төтенше жағдай тудырады. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.