Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 15-22 тамыз,  2022 жыл

23.08.2022 • 13:09

Бәріңе сәлем!

Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалардың қысқаша шолуын ұсынамын.

Кеттік!

 

Білім

Ош қаласында (Қырғызстан) бес қабатты ғимаратта білім алуға тең қол жеткізу тақырыбына арналған қабырға суреті салынды. Бұл туралы суретші Вера Андрианова әлеуметтік желіде хабарлады. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, идея авторы – Вера Андрианованың өзі, ал суретті Арслан Нарынбеков салды. Толығырақ.

Қазақстан студенттері бұдан былай педагогикалық пратикадан өту үшін мектепті өз бетінше таңдай алмайды. Астана мектептерінің бірінде өткен панельдік мәжілістің пленар отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бұдан былай оқушылар педагогикалық практикадан өткісі келетін мектепті таңдай алмайтынын айтты. Толығырақ.

Қазақстанда бірінші класс оқушылары үшін екі тіл алынып тасталып, тек қазақ тілі қалды. Қазақстанда жаңа оқу жылынан бастап бірінші класс оқушыларына үш тіл оқыту тоқтатылды. Соның ішінде, орыс тілі де бар. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов сұқбатында мәлімдеді. Толығырақ.

Қазақстанда оқу жылы 2 аптаға ұзартылды. Министрдің айтуынша, оқу жылын ұзарту кейбір мектептің үш ауысымда емес, екі ауысымда жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Толығырақ.

 

Ғылым

Қазақстан мен Ресей ғалымдары COVID-19-бен күресетін химиялық қосылыс тапты. Бүгінде әлемде COVID-19-ды емдеу үшін үш дәрі қолданылады: ремдесивир, паксловид және фавипиравир. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

ЕО Түркіменстандағы өкілдігі бару үшін «үлгілі» баспаналарды таңдады. Кейінгі апталарда Түркіменстанда жануарларға мейірімділікті насихаттау шараға айналды. Елде иттерге деген көзқарасты реттейтін заң қабылданды. Шетелдік өкілдіктер мен түркімен қоғамы өкілдері қаңғыбас жануарлар жатқан үлгілі баспаналарды аралады. Сонымен қатар, қала көшелерінде ит пен мысықты аяусыз ұстап, өлтіріп жатыр. Толығырақ.

«Қолы мен аяғында көгерген жерлер бар». Әйелдер полиция қызметкерлерін қатыгездік көрсетті деп айыптады. Қырғызстанның Ош қаласы мен Ош облысы азаптаудың алдын алу ұлттық орталығының аймақтық кеңсесіне Өзген қаласының екі тұрғыны полиция қызметкерлері үстінен шағым түсірген, деп хабарлайды орталықтың әлеуметтік желідегі парақшасы. Толығырақ.

 

Әлеумет

USAID Өзбекстанның электрон коммерция секторына осал әйелдер мен мүгедек әйелдердің көбірек қатысуын қолға алып жатыр. 15 тамызда АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) әлеуметтік жағынан осал әйелдерді Өзбекстанның цифрлық экономикасына тарту туралы бастама көтерді. Ташкент пен Қашқадария облыстарындағы 250-ге жуық әйел электрон коммерция, әлеуметтік желілердегі маркетиң және жарнама салаларын оқиды. Бұл туралы Anhor.uz сайтына Өзбекстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады. Толығырақ.

Өзбекстанда ұлы бабалар туралы 30 анимациялық фильм түсіріледі. Өзбекстан ұлы бабалар туралы 30 анимациялық фильм түсіруге шешім қабылдады. Әмір Темір бірінші болады, деп хабарлайды Podrobno.uz Кинематография агенттігі деректеріне сілтеме жасап. Толығырақ.

Қазақстан бір жылда қорғаныс шығынын 38%-ке, денсаулық сақтау саласын небәрі 0,2%-ке өсірді. Бюджет кірісі 37%-ке, шығыны 20%-ке өсті. Қазақстанның мемлекеттік бюджеті кірісі билығы 6 айда 9,9 триллион теңгеге, ал шығыны 9,7 триллион теңгеге жетті, деп хабарлайды Finprom.kz. Толығырақ.

Өзбекстанда жол-көлік оқиғасынан болатын бала өлімі Еуропадағыдан 4 есе көп. СОВАЗ порталы 2022-2026 жылдарға арналған Жасөспірімдердің денсаулығы мен әл-ауқатын нығайтудың ұлттық стратегиясы жобасын жариялады. Толығырақ.

 

Экология

Учаскелік полиция қызметкерлері экологиялық құқық бұзушылық үшін салынған айыппұл сомасының 30%-ін ала бастайды. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев «Экологиялық патруль» өкілеттіктерін кеңейту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл учаскелік полиция қызметкерлеріне экологиялық құқықбұзушылықтар үшін адамдарды өз бетінше жауапкершілікке тартуға және бұл үшін сыйақы алуға мүмкіндік береді, деп жазады «Медиазона» Gazeta.uz сайтына сілтеме жасап. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Дайджесті дайындауға Алмабек Ибрайымов көмектесті

 

 

 

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.