Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 15-22 ақпан, 2021 жыл.

23.02.2021 • 13:06

Қымбатты дос!

Алақай! Көктем жақындап қалды! Салқын кетіп, көктемнің жылы күндері басталмақ! Қандай керемет, десеңіші...

Ал әзірше назарыңа Орталық Азия елдерінде болған маңызды оқиғалар туралы жаңалықтың жаңа дайджесін ұсынамын.

Кеттік!

 

Білім

Өзбекстанның жоғары білім беру министрлігі студентті өзбек университетінен қандай себептер үшін шығаруға болатынын түсіндірді. Қазір елде студентті оқу үлгерімі үшін ғана емес, басқа да бірқатар себеп бойынша оқудан шығаруға болады. Толығырақ.

Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі білім берудің вариатив формасын енгізгісі келеді. Ведомство мұндай қаулы жобасын қоғамдық талқылауға ұсынды. Негіздеме анықтамасында қазіргі кезде балалардың 29,4 проценті ғана мектепке дейінгі білім беру мекемесінде, 15,3 проценті мектепке даярлық мекемесінде оқып жатқаны көрсетілген. Толығырақ.

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі алтыншы саяси департаменті директоры Ермек Өмірәлиев ЕҚЫҰ-ның Қырғызстандағы бағдарламалар кеңсесі басшысы Пьер фон Аркспен кездесті. Сыртқы істер министрлігі хабарлауынша, тараптар ұзақмерзімді іскерлік байланыс орнату жөніндегі іс-шаралар жоспарын талқылады. Экономикалық ынтымақтастыққа баса назар аударылады. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Түркіменстанның Лебап уелаятында тұратын ондаған азаматтығы жоқ адам мен шет мемлекеттер азаматы түркімен азаматтығын алудан бас тартып жатыр. Көптеген жыл бойы Түркіменстан азаматы болуға тырысқан бұл адамдар енді мүмкіндік берілгенде елден кетуге шешім қабылдауының басты себебі - саяси және экономикалық проблемалар. Бұл туралы Азатлық радиосы тілшісі хабарлады. Толығырақ.

Еуропалық Одақ (ЕС) пен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастық кеңесі 19 ақпан, жұма күні Брюссель, Лиссабон және Душанбе арасындағы видеоконференция арқылы тоғызыншы отырысын өткізді. Кездесуді Португалияның Сыртқы істер мемлекеттік министрі Агушту Сантуш Силва мырза жүргізді. Тәжік делегациясын Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин басқарды. Толығырақ.

Бірдей мүмкіндіктерге қарамастан, бейнелеу өнеріндегі кейбір тақырып, мысалы «жалаңаш» тақырыбы, Тәжікстандағы әйел суретшілерден гөрі ер суретшілер салғаны жақсырақ қабылданады. Толығырақ.

 

Әлеумет

Қазақстанда әйелдерді бизнес жүргізу негіздеріне оқыту үшін «Кәсіпкер ана» бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаға қатысушылар 500 мың теңге көлеміндегі грант иелене алады. Толығырақ.

 

Технология

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев «Жасанды интеллект технологияларын жеделдетіп енгізуге жағдай жасау шаралары туралы» жарлыққа қол қойды. Құжат жасанды интеллект (ЖИ) саласында отандық экожүйе жасауды және әзірлеушілерге қажет жағдай туғызуды, саланың құқық жағын реттеуді көздейді. Толығырақ.

Қырғызстанда YouTube-те канал ашу, оны дамыту және монетизациялау бойынша видеокурстар басталды. Бұл туралы БҰҰДБ хабарлады. Бастаманың негізгі мақсаты - жауапты контент құруды танымал ету және YouTube негізіндегі бизнесті қолдау. «Қалай ықпалды блогер болуға болатыны туралы. Бәрі YouTube алаңы жайында» курсы Google Class платформасында өткізіледі және оны барлығы қарай алады. Толығырақ.

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.