Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 15-22 наурыз, 2021 ж.

25.03.2021 • 05:10

Қымбатты дос!

Сені және жақындарыңды Қазақстандағы Наурыз мерекесімен, Қырғызстандағы Ноорузбен, Өзбекстан мен Тәжікстандағы Наврузбен және Түркіменстандағы Новруз мейрамымен құттықтаймын! Жаңа жылыңмен!

Жамандықтың бәрі артта қалып, алда сәттілік пен табыс күтсін!

Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар туралы жаңалықтар дайджесін ұсынамын.

Кеттік!

 

Білім

1 қыркүйектен бастап Қырғызстан үкіметі «Мектеп лигасы» деген жобаны бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Артем Новиков елдің барлық аймағындағы мұғалімдермен болған видеоконференцияда мәлімдеді. Толығырақ.

Тәжікстанның 11-класс оқушысы QS университеттері ең беделді рейтингісі бойынша, әлемнің ТОП-15 үздік университетіне енген Дьюк университетінің (Duke Kunshan University) азиялық кампусында оқуға $223 мың АҚШ доллары көлемінде білім грантын жеңіп алды. Толығырақ.

Тәжікстанның Душанбе қаласында жасөспірім шахматтан ересектер арасындағы қалалық чемпионатта жеңіске жетті. 51 адам қатысқан ерлер арасындағы чемпион болу үшін өткен тартыс сенсациямен аяқталды: 13 жасар Джалолиддин Ильхоми 9 мүмкіндіктің 7,5 ұпайын жинап, ересектер арасындағы турнирдің жеңімпазы атанды. Толығырақ.

Физиканы тереңдетіп оқытатын кластар Өзбекстанның 175 мектебінде ашылады. Бұл туралы президенттің жаңа жарлығында айтылған. Толығырақ.

Түркіменстандағы Ашхабад орта мектептерінің бірінде 8 наурыз мерекесін атап өту үшін жоғары класс оқушылары жиналғанына байланысты және оқушылардың бірі қайыр сұрап жүрген жерінен ұсталғандықтан полиция түсіндірме әңгімелер жүргізді. Толығырақ.

Бүгінде Қырғызстанда іс жүзінде мектептердің 25,5%-інде таза ауызсу жоқ, бұл балалардағы көптеген ауру себебі болып отыр. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Артем Новиков елдің барлық аймағындағы мұғалімдермен өткен видеоконференцияда мәлімдеді. Оның айтуынша, мектептердің 75%-іне жуығында санитария-гигиена талаптарына сай келмейтін ішкі санитар тораптары (дәретханасы) жоқ, ал мектептердің 68%-іне ыстық су қосылмаған. Толығырақ.

Әлеумет

Жексенбі күні Түркіменстан билігі барлық аудандағы, қаладағы және елдімекендегі мемлекеттік қызметкерлерді, оқушыларды, студенттер мен сарбаздарды, сондай-ақ фермерлер қауымдастығын аумақтарды алып тастауға және ағаш отырғызуға мәжбүр етті. Бағынбаса, қызметкерлерді жұмыстан шығарамыз деп, ал студенттер екінші курста қалады деп қорқытады. Толығырақ.

Технологиялар

Түркіменстанда VPN проблемалары әлі де бар. Азатлык оқырмандары да VPN арқылы веб-сайттарға кіру қиындықтары туралы хабарлап жатыр. Сервис қызметтері істемейді немесе елорда мен аймақтарда өте баяу істейді. Толығырақ.

Google Translate дауыс аудармасы жүйесінде қазақ тілі пайда болды. Барлық құрылғыға арналған қызметті браузер арқылы пайдалануға болады, ал мобайл қолданбада бұл инновация тек iOS платформасында бар. Толығырақ.

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.