Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест *: 16 мамыр – 23 мамыр, 2022 жыл

24.05.2022 • 05:50

Бәріңе сәлем!

Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар туралы дайджесті ұсынамын.

Кеттік!

 

Білім және ғылым

Қырғызстан талапкері жалпыреспубликалық тестілеуден өту туралы не білуі керек? Толығырақ.

Қырғызстанда жасы толып тұрған балалардың 77%-і мектепке дейінгі білім алмайды, балалардың 6%-і мектепке бармайды. Мұндай цифрларды 17 мамырда өткен «Білім және ұлттық қауіпсіздік» деген дөңгелек үстел кезінде білім саласының эксперті Асылбек Жодонбеков мәлім етті. Толығырақ.                                                                                                                                       

Көптеген ата-ана баласының қандай да бір пайдалы, өзекті және дамушы үйірмеге барғанын қалайды. Робототехника – бұл математика, физика және механиканы оқулықта емес, нақты өмірге енгізу. Толығырақ.

 

Әлеумет

Жазда жұмыс істеуді ойлайтын 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер көбейіп келеді. Айлығы аз – 9 мыңнан 21 мың сомға дейін болса да, жұмыс істегісі келетіндердің шегі жоқ. Подробнее.                                                                                                         

 

Технология

Өзбекстанның «Өзбеккосмос» ғарыш агенттігі басшысы Шухрат Қадыров америкалық SpaceX компаниясының өкілі Бен МакУильямспен жақында болған келіссөздер кезінде Илон Маск компаниясын Өзбекстанда Starlink жоғары жылдамдықты спутниктік интернет жобасын әзірлеуге шақырды, деп хабарлайды Podrobno.uzТолығырақ.

 

Абайлаңыз, алаяқтар!

Өздерін полиция қызметкерімін деп таныстырып қоңырау шалушылар өзінің аты-жөні мен әкесінің атын айтып, сосын тұрғындарға алаңдататын ақпарат хабарлайды. Қазақстандықтарға кім, не үшін телефон соғып жатқанын «31 арна» тілшілері анықтады. Толығырақ: https://informburo.kz/stati/lipovye-policeiskie-obcishhayut-koselki-kazaxstancev

 

Мәдениет және спорт

20 мамырда Бішкектегі тарих мұражайында мемлекет қайраткері Темірбек Қошоевқа арналған «Дәуір фонындағы портрет» циклінен көрме ашылды. Ол – Қырғыз КСР мен тәуелсіз Қырғызстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Толығырақ.

Маусым айының басында аймақтағы ең үлкен «Кули Душанбе» аквапаркінде SOMON MUSIC FESTIVAL өтеді. Asiaplustj.info тілшілері шараны ұйымдастырушылармен тілдесіп, келушілерді қандай тосын сый күтіп тұрғанын білді. Толығырақ.

Бейнелеу өнері және дизайн институтында бірегей сурет салу техникасы – «Эбру» бойынша ерекше тренинг өтіп жатыр. Келушілерге Түркиядан келген тәжірибелі ұстаз сабақ береді. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

* Дайджесті жазуға оқу практикасы аясында Алуа Сәтбекова көмектесті

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.