Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думана Смақовтан дайджест: 2020 жылдың 16-23 қарашасы

24.11.2020 • 10:28

Сәлем!

Сенің жағдайың жақсы деп үміттенем. Тынбай оқып, жаңа жеңістерге дайындалып жатқаныңа сенімдімін. Саған сәттілік тілеймін!

Ал бізде жаңа апта басталды, демек Орталық Азия елдерінде жаңа оқиғалар болды. Қане, көрейік!

 

Білім

2020/21 оқу жылы басталмас бұрын Өзбекстанның Халыққа білім беру министрлігі Kundalik жүйесіне қосылған мектеп оқушылары ата-аналарына қағаз күнделік сатып алудың орнына оның электрон аналогына жазылу керек екенін хабарлады. Kundalik-пен жұмыс істеуге бөлінген сынақ мерзімінің аяқталуына байланысты электрон күнделікпен және цифрлық білім беру платформасының басқа функцияларымен жұмысты жалғастыру үшін оған қол жеткізу жарнасын төлеу керек. Толығырақ мына жерде.

Ағылшын тілін білу бойынша әлемдегі ең ірі рейтингінің нәтижесі шықты. Есеп 100 ел мен аймақтағы 2,2 миллион ересек адамның тестілеу нәтижелеріне негізделген. Орталық Азия елдері рейтингінің соңында тұр. Рейтинг туралы толығырақ сілтеме бойынша.

Түркіменстанда Интернет жылдамдығы шектеулі және оны пайдалану барған сайын қиындай түсуде. Бұл жағдай коронавирус пандемиясына байланысты шетел университеттерінде онлайн оқып жатқан түрікмен студенттері үшін түрлі проблема туғызып отыр. Толығырақ мына жерде.

 

Әлеумет

Түрікмен дінбасылары мен ақсақалдары халықты бақылауға және медицина маскалары қызметі пайдасын түсіндіруге қатысады. Осы айда ел билігі тұрғындардың маска тағу талабының орындалуын бақылауды күшейтті, оны полициямен және шенеуніктермен бірге санитар-эпидемиология қызметі қызметкерлері мен мұғалімдер жүзеге асырып жатыр. Дүниежүзілік COVID-19 пандемиясының жаңа толқыны аясында ДДСҰ «COVID-19-дан ада» Түрікменстанға қатысты қызметін жандандыра түсті. Толығырақ сілтеме бойынша.

Түркіменстанның Мары қаласы билігі Ашхабадта үлкен тексеріс болады деп күтіп, тәртіпті сақтау үшін көшеге полиция орнына мектеп мұғалімдерін шығарды. Сонымен қатар, үкіметтік топтың Мары уәләяты әкімшілік орталығына келуіне дайындық кезінде билік қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою жұмыстарын күшейтті, оған қоса, қала саябақтарындағы құстарды қуып, тіпті оларды улай бастады. Толығырақ мына жерде.

Өзбекстанның Дене шынықтыру және спорт министрлігі мемлекеттік қызметкерлердің дене шынықтыру мен спортқа тұрақты қатысуын бақылауды жалғастырады. Толығырақ сілтеме бойынша.

Тәжікстан мен Қырғызстанның шекаралас ауылдарында «Бейбіт ауылдарды дамыту» жобасы басталады. Тәжікстан мен Қырғызстандағы DVV International халықаралық ұйымы Тәжікстанның Ересектерге білім беру қауымдастығы және Қырғызстанның «Ош жастары» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп жүзеге асырып жатқан бұл бітімгершілік бастама Тәжікстанның Исфара қаласының Чорку жамағаты Сомонион және Ходжай Ало ауылдарында, Лаккон жамағатында және Қырғызстанның Баткен ауданының Қара-бақ, Көк-таш және Уч-Добо ауылдарында жүзеге асады. Толығырақ мына жерде.

 

Адам құқықтары

Өзбекстан Республикасы Конституциясын Брайль форматында басып шығару бойынша жұмыс басталды. Акцияның бастамашысы – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жоба үйлестіруші кеңсесі. Бұл туралы ЕҚЫҰ-ның Өзбекстандағы жобалар үйлестірушісі Джон МакГрегор мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік интеграциясы келешегін талқылауға арналған онлайн-шара барысында айтты. Семинарды ЕҚЫҰ кеңсесі Өзбекстанның мүгедектер қауымдастығымен, ДИАҚБ және басқа да мүгедектігі бар адамдардың құқығы саласындағы халықаралық сарапшылармен бірлесіп өткізді. Толығырақ мына жерде.

 

IT және желідегі қауіпсіздік

Қазақстандағы жас мұғалім Аяш Мырзабекова команда жинап, Назарбаев университеті қолдауымен бүкіл ТМД бойынша мұғалімдерге арналған авторлық оқу материалдарын, презентацияларды, жұмыс парақтарын сатуға, сатып алуға немесе тегін жариялауға болатын платформа жасады. Оның айтуынша, болашақта бұл сайт мұғалімдерге арналған стандартты іздеу жүйесін алмастырып, олардың жұмысын жеңілдетіп, қосымша табыс әкеледі. Толығырақ мына жерде.

Avast (Қырғызстан) компаниясы Minecraft ойыны көмегімен жасалған алаяқтық схеманы анықтады, соның көмегімен олар қосымшалар арқылы айына жүздеген доллар алып отырған. Зерттеуде айтылғандай, бұл қосымшалар геймерлерге жазылым негізінде Minecraft тауарларын тегін сынақ мезгілімен алуды және ол уақыт аяқталғаннан кейін қомақты төлем арқылы сатып алуды ұсынған. Avast мәліметі бойынша, қолданушылар бұл қосымшаларды 5 миллионнан астам рет жүктеген. Толығырақ сілтеме бойынша.

Тәжікстанда Istemol.Tj тұтыншуылары құқығын қорғайтын сайт іске қосылды. Толығырақ мына жерде.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Апта сәтті болсын!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.