Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 1-7 ақпан 2021 ж.

09.02.2021 • 07:57

Қымбатты дос!

Саған Орталық Азия елдерінде болған маңызды оқиғалар туралы жаңа дайджест ұсынамын.

Кеттік!

 

Білім

Тәжікстанда алғаш рет «Илмхона» UX/UI дизайны және iOS әзірлеу курстарын бастайды. UX/UI дизайны және iOS әзірлеу бойынша жаңа курстарды онлайн оқыту 19 ақпанда басталады. Бұл бағыттағы мамандарға жергілікті және шетел еңбек нарығында сұраныс жоғары. Толығырақ сілтемеде.

Бішкек оқушылары (Қырғызстан) ата-аналары билікке балаларды дәстүрлі форматта оқуға рұқсат беру туралы өтініш айтты. Олар бұл өтінішті 24.kg редакциясына да жолдады. Олардың айтуынша, қашықтан электрон білім беруді енгізу астаналық мектеп оқушыларының білім алу құқығын бұзған. Толығырақ мына жерде.

Түріктің «Маариф» қоры Қырғызстан астанасында алғашқы мектебін ашады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметі хабарлады. Толығырақ сілтемеде.

Адам құқықтары

Түрікменстан билігі гомосексуал қатынастар үшін жазаны қарастыратын Қылмыстық кодекстің 135-бабының 1-бөлімін қылмыс деп танымау мәселесін зерттеуге ниетті. Бұл туралы Түрікменстанның БҰҰ-ның Адам құқығы комитетіне 2020 жылы ұсынылған үшінші мерзімді есебінде айтылған, деп хабарлайды Turkmen.news. Толығырақ сілтемеде.

Худжандта (Тәжікстан) алғаш рет инклюзив қойылым өтті. Бұл әдеттен тыс театрландырылған қойылымның негізгі идеясы денсаулығы әртүрлі бұзылысқа ұшыраған балалар туралы стереотиптерді жоюға, олардың әлеуметтік белсенділігін нығайтуға, өздеріне сенімді болуға және құрдастарымен достасудан қорықпауға көмектесуге негізделген. Инклюзив театр қоғамға мүгедектігі бар адамдар әлемі туралы көбірек білуге ​​көмектеседі, қоғам әдетте олар туралы біле бермейді. Толығырақ мына жерде.

Әлеумет

Өзбекстанда санитар-эпидемиология қорытындысына сай келетін өнімдер тізімі бекітілді. "Өзбекстан Республикасының сәйкестігі бекітілуге тиіс сәйкестікті бағалау объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Үкімет қаулысы қабылданды. Толығырақ мына жерде. 

Экология

Түркіменстанда Каспий теңізінің жағалауына жүздеген өлі итбалық пен мыңдаған балық тасталды. Теңіз шекара қызметі қызметкері аноним шартымен берген мәліметі бойынша, билік оқиға туралы ақпаратты жасырып отыр, теңіз мекендеушілерінің жаппай өлімі себебін анықтауға тырысып жатыр. Өткен жыл соңында Ресей Федерациясы Дағыстан Республикасында Каспий теңізінің батыс жағалауына бірнеше жүздеген итбалық өлексесі тасталған еді. Толығырақ мына жерде.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше

P.S. Команданы қолда! Лайк бас, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.