Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 17-24.05.2021 ж.

26.05.2021 • 09:07

Қымбатты дос!

Өткен аптада біздің еліміз бен Орталық Азиядағы көрші мемлекеттерде не болғанын білейік.

 

Білім

Жаз келіп, көптен күткен мектеп демалысы да жетті. Балалар демалысты асыға күтеді, ал ата-аналар жазда баласын немен айналыстыру керек деген мәселеге тап болады. Тәжікстандағы идеялар топтамасын ұсынамыз. Толығырақ.

Өзбекстанның халыққа білім беру министрлігі Өзбекстан мектептерінде соңғы мемлекеттік емтихандар қашан болатынын айтты. Ведомство хабарлауынша, 5, 6, 7, 8 және 10-класс оқушылары мемлекеттік емтихандарды 26 мамыр мен 2 маусым аралығында тапсырады. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Қазақстанда саясаткерлер мен шенеуніктердің қаржылық операциясын бақылау заңнамалық түрде бекітіледі. Ұсынылып отырған түзетулер қаржы жүйесінің ашықтығын арттыруға және қылмыстық жолмен алынған кірістерді экономиканың нақты секторына тартуды азайтуға арналған. Толығырақ.

 

Әлеумет

Түркіменстанда Алабай иттері иелері жергілікті ветеринар қызметтерінен үй жануарларына төлқұжат алуға асығып жатыр. Азатлық радиосы тілшісі хабарлауынша, бұған тіркелген алабайларға ай сайын 10 келі тауық еті, 30 келі аршылған күріш және күніне бес нан беріледі деген хабарлама себеп болды. Толығырақ.

Жыл сайын 23 мамырда Тәжікстанда Жастар күні аталып өтіледі. Ел президенті Эмомали Рахмон ел жастарын мерекесімен құттықтай отырып, 21 мамырда статистика бойынша, ел халқының 70%-тен астамы 35 жасқа дейінгі жастар екенін, сондықтан Тәжікстан жастар елі саналатынын айтты. Толығырақ.

Өзбекстанда масштабы мен толықтығы жағынан жастар үшін бұрын-соңды болмаған «Ташкенттің бес бастамасы қозғалысы» шарасы ұйымдастырылды, ол 21-25 мамыр аралығында өтті. Жастар мерекесі үшін тақырыптық аймақтары бар тұтас қалашық, тіпті бүкіл қала салынды. Толығырақ.

 

Спорт

Қазақстан құрамасы хоккейден қазіргі әлем чемпиондарын жеңді. Ригадағы хоккейден әлем чемпионатында екінші матчта Қазақстан құрамасы қазіргі әлем чемпиондары Финляндия құрамасына қарсы ойнап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бірінші ойында Қазақстан Латвияны буллиттен жеңгенін айта кетейік. Толығырақ.

 

Технология

Қырғызстанда IshTapp жасанды интеллектісін қолдайтын жұмыс іздеуге арналған қолданба әзірленді. Бұл туралы БҰҰДБ хабарлайды. Оның айтуынша, қолданба жұмыс іздеушілерге жұмыс табу үшін, ал жұмыс берушілер жұмысшыларды іздеуге көмектесу үшін жасалған. Қолданбаны Жапония үкіметінің қаржылық қолдауымен БҰҰДБ әзірледі. Толығырақ.

Америкалық миллиардер Илон Маск Tesla-ның Қазақстанда, Ресейде және басқа ТМД елдерінде ресми пайда болатыны туралы хабарлады. Толығырақ.

 

Экология

Қырғызстанда экологиялық деректер базасы іске қосылды. Деректер Қырғызстандағы экологиялық мәселелермен жанама немесе тікелей байланысты талдау, ғылыми зерттеулер мен публицистикалық материалдар дайындау үшін пайдаланылуы мүмкін екені айтылды. Толығырақ.

Қазақстанда қалдықтарды сұрыптаумен, қайта өңдеумен және депозиттеумен айналысатын 225 кәсіпорын бар. 2020 жылдың өзінде ол жерлерге 3,8 миллион тонна қалдық түскен. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.