Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 17-24 қаңтар, 2022 жыл

25.01.2022 • 11:54

Бәріңе сәлем!

Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар дайджесін ұсынамын.

Кеттік!

 

Білім

Қазақстанның Алматы қаласында Орталық ғылыми кітапханада, «Ғылым ордасы» – Ғылым академиясының сирек басылымдар мұрағаты мен қоймасында сақтаулы тұрған ғылыми еңбектерді, ескі кітаптар мен қолжазбаларды цифрландыру бойынша ауқымды жұмыс жоспарланып отыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Толығырақ.

Өзбекстан Республикасының Министрлер кабинеті «Шет тілдерін оқытуды жақсарту шаралары туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды uza.uz. Құжат бойынша, халықаралық деңгейде мойындалған сертификаттары бар орыс тілі мұғалімдеріне ай сайын қосымша үстеме төленеді. 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап халықаралық деңгейде мойындалған ұлттық немесе оған теңестірілген сертификаты бар және орыс тіліндегі емес оқу орындарында (кластарында) жұмыс істейтін орыс тілі мұғалімдеріне 50 процент көлемінде үстеме төленеді. Толығырақ.

Душанбедегі (Тәжікстан) Халықаралық президент мектебінің 9 оқушысы АҚШ-та өткен халықаралық COPERNICUS олимпиадасында биология пәнінен құрметті орындар алды, деп елдің Білім министрлігінің баспасөз орталығы хабарлады. Олимпиада 8-16 қаңтар аралығында Хьюстон ғылым және технология музейінде өтті. Онда 50 елден 2000-нан астам адам жаратылыстану, физика және астрономия бойынша бақ сынады.

Олимпиадада осы мектептің 8-класс оқушысы Маруф Исомиддинов пен 5-класс оқушысы Томирис Миралибекова екінші орын иеленді. Толығырақ.

Өзбекстандағы мамандандырылған мектептер кезең-кезеңімен Президенттік білім беру мекемелері агенттігінің құзырына беріледі. 17 қаңтарда президент Шавкат Мирзиёев мектептердегі білім мен тәрбие сапасын арттыру, мамандандырылған оқу орындарының қызметін жетілдіру мәселелеріне арналған видеоконференция өткізді. Толығырақ.

 

Әлеумет

Түркіменстанда Мәжілістің шешімімен 2022 жыл «Арқадағы бар халық дәуірі» деп жарияланды. Осыдан кейін Лебап уелаятындағы билік президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің мақтауын асырып жіберді. Азатлык тілшісінің хабарлауынша, бұл күндері жергілікті билік Бердімұхамедовтің жеке басына табынушылықты насихаттау мақсатында бюджеттік мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізіп жүр. Атап айтқанда, үгіт-насихат және түсіндіру жиындарында бюджеттік қызметкерлерден үйлерінде президенттің портретін ілу талап етіледі. Билік президенттің портреттері сақталатын орындарды да белгілейді. Мәселен, портреттерді үйдің ең құрметті жерлеріне ілу ұсынылады. Толығырақ.

Тәжікстандықтар жалақысының 24,7%-ін электр қуаты, су және қоқыс жинау сияқты коммунал төлемдерге жұмсайды. Байланыс, интернет және транспортты есепке алатын болсақ, шығын бірнеше процентке артып, бір ай ішінде тапқан ақшаның жартысына жетуі мүмкін.

Әлемдегі жағдайлар мен өмір сүру деңгейінің онлайн деректер базасы Numbeo 2021 жылға арналған ақпаратты жаңартты. Бұл ақпарат бойынша, Тәжікстан тұрғындары орташа есеппен коммунал қызмет үшін айына 375,23 сомони төлейді (2022 жылғы 18 қаңтардағы бағам бойынша 33,2 доллар). Іс жүзінде, бұл көрсеткіш 225-600 сомони (20-53 доллар) арасында өзгереді. Толығырақ.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар үшін карантин мерзімі 14 күннен 10 күнге дейін қысқартылды. Қаулығабас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов қол қойды. Құжат бойынша, деректер базасында COVID-19 инфекциясы анықталып, ПТР сынамасының оң нәтижесімен тіркелген адамдар оң нәтиже алған күннен бастап 10 күн ішінде «қызыл» статусына ие болады. 10 күннен кейін статус «жасылға» ауысады. Бұл статус осы уақыт аралығында COVID-19 үшін оң ПТР сынағы нәтижесі алынғанына қарамастан 3 ай бойы сақталады. Толығырақ.

2022 жылы әлемде жұмыссыздар саны 207 миллионға жетеді, бұл дағдарысқа дейінгі 2019 жылғы көрсеткіштен 21 миллионға артық. Бұл туралы Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) жаңа баяндамасында айтылған, деп хабарлайды БҰҰ жаңалықтар орталығы. «Жаһандық жұмыссыздық кем дегенде 2023 жылға дейін пандемияға дейінгі деңгейден жоғары болуы мүмкін», – дейді жаңа есеп авторлары. 2019 жылы 186 миллион адам жұмыс таба алмады, ал бүгінде олардың саны 207 миллионға жетті. COVID-19 соңғы нұсқаларының, мысалы, «Дельта» мен «Омикронның», таралуының салдарына байланысты және вирустың болашақта қалай әрекет ететініне қатысты белгісіздікке орай ХЕҰ еңбек нарығын қалпына келтіру туралы бұрынғы оптимист болжамдар орындалмады. Толығырақ.

Өзбекстан президенті әрбір қалада, елдімекенде, ауылда және қалалардың, кенттердің, елдімекендер мен ауылдардың әрбір махалласында жастар көшбасшысы лауазымын енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Толығырақ.

 

Технология

Кейінгі кезде төлқұжат деректеріне SIM-карталарды тіркеу жағдайлары жиілеп кетті. SIM-карталар иесі төлқұжатында бөтен телефон нөмірлері тіркелгенін білмей жатады. Біз төлқұжат деректеріне қандай телефон нөмірлері тіркелгенін тексеру туралы нұсқаулық әзірледік. Қызмет тегін көрсетіледі. Толығырақ.

Демалыс күндері Душанбеде ерекше оқиға болды: қатысушылар 12-17 жаста болғанына қарамастан, бірнеше сағат дерлік үнсіздікпен өтті. Өйткені балалар чат бот – адамдармен толық тіл табыса алатын бағдарлама жасаған. Болашақ IT мамандарына арналған алғашқы Хакатон «МагаФон академиясында» өтті.

Қатысуға өтінімді мамандандырылған оқу орындарынан – IT-RUN бағдарламалау орталығы мен «Алгоритмика» халықаралық бағдарламалау және математика мектебінен 8 команда жіберді. Болашақ IT мамандарының кейбірі Хакатонға Соғды облысынан онлайн қосылды. Толығырақ.

ЮНИСЕФ Білім министрлігімен бірлесіп әзірленген балаларды тәрбиелеу жөніндегі Bebbo мобайл қосымшасында вакцинация және оған дайындық туралы ақпарат бар. Оған қоса, қосымшада балаларды медицина тексеруінен өткізу және емізуге қатысты барлық нәрсені табуға болады. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екенің рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.