Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест*: 18 сәуір — 25 сәуір, 2022 жыл

26.04.2022 • 06:00

Бәріңе сәлем!

Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар туралы дайджесті ұсынамын.

Кеттік!

 

Білім және ғылым

Өзбекстан президенті «Зағип және көзі нашар көретін балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарда білім беру сапасын арттыру және олардың қызметін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» қаулыға қол қойды. Толығырақ.

Нобель фестивалі аясында блокчейн эксперттері, NFT және Нобель сыйлығы лауреаттары онлайн режимінде білім мен технологияның өзекті мәселелерін талқылады. 12-22 сәуір аралығында Coca-Cola компаниясының қолдауымен Өзбекстанда, Қазақстанда, Әзербайжанда, Грузия және Германияда IV Nobel Fest өтті. Кездесулер метаәлем кеңістігінде қолжетімді болды. Толығырақ.

Қазақстанда тұңғыш рет жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті. Онлайн шараға 500-ден астам Қазақстан азаматы қатысты. Күн тәртібіндегі басты мәселе Art Sport балалар спорты мен шығармашылығын жан басына қаржыландыру бағдарламасын қаржыландыруды тоқтату болды. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Fingramota.kz алаяқтық схемалардың қалай жетіліп жатқаны және қандай ақпаратты жария етуге болмайтыны туралы хабарлады. Толығырақ.

Ашхабад көшелері мен қала маңындағы елді мекендерде бұрын соңды болмаған полиция бақылауы жалғасып жатыр. Азатлык тілшісінің хабарлауынша, тәртіп бұзушыларды іздестіру үшін полиция қызметкерлері көше-көшені аралап, өтіп бара жатқан тұрғындар мен көліктерді, жаяу жүргіншілер мен жолаушыларды тоқтатып тырнағына маникюр жасалған-жасалмағанын, тырнағының ұзын-қысқасын және бетіндегі медицина маскасының бар-жоғын тексеріп жатыр. Толығырақ.

Кибершабуылға ұшыраған Өзбекстан ақпараттық ресурстары немесе жүйелері иесі болған оқиға туралы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып тағайындалған Мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне (МҚҚ) хабарлауға міндетті. Бұл Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 15 сәуірде қол қойған «Киберқауіпсіздік туралы заңда» қарастырылған. Толығырақ.

 

Мәдениет және спорт

Өзбекстанда алтыншы халықаралық джаз фестивалі 30 сәуір мен 18 мамыр аралығында өтеді, деп хабарлады «Газете.uz» ЮНЕСКО-ның елдегі өкілдігінде. Толығырақ.

«Болашақ саған байланысты» атты дәстүрлі чемпионатта ел және облыс намысын биыл Рушан қаласындағы мектеп-интернатының балалар командалары қорғайды. ГБАО балалары Тәжікстан құрамасы атынан үлкен және кіші жас санаттарында ойнайды. Толығырақ.

«Азия-Плюс» медиа тобы Душанбе қаласы әкімдігі қолдауымен «OSMONI DUSHANBE – 2022» екінші батпырауық фестивалін өткізіп жатыр. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

* Дайджесті жазуға оқу практикасы аясында Алуа Сәтбекова көмектесті

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.