Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 18-25.10.2021 ж.

27.10.2021 • 14:27

Қымбатты дос!

Өткен аптада еліміз бен Орталық Азиядағы көрші елдерде нендей жаңалық болғанын білейік.

 

Білім

Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесі төрағасы Нәзипа Шанай мемлекеттік тілді білу отбасында тәрбиеленген әрбір қоғам мүшесінің азаматтық борышы деп есептейді. Ол президентке Қостанай қаласының тұрғыны, украин ұлтының өкілі, елдегі қазақ тілін оқытатын үздік мұғалімдердің бірі туралы айтып берді. Толығырақ.

Оқушылардың ата-анасы Қырғызстан мектептерінде келісім-шарт жасалғанын хабарлады. «Ата-аналарды оған қол қоюға мәжбүр қылып отыр, әйтпесе баланы қосымша сабақсыз басқа класқа ауыстырады деп қорқытады. Барлық кластың оқу бағдарламасы бірдей. Бұл біздің мектептің сыбайлас жемқорлық схемасы деп ойлаймыз», – деп жазды ата-аналар. Толығырақ.

Министрлер кабинеті Қырғызстандағы жоғары оқу орындарында оқитын тәжікстандық студенттерге шекараны ашу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы министрлер кабинеті басшысының орынбасары Еділ Байсалов Twitter-де хабарлады. Ол шекараның ашылуы жаңа министрлер кабинетінің алғашқы шешімдерінің бірі екенін айтып өтті. Толығырақ.

Өзбекстан үкіметі жалпы білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беру қажеттігі бар балаларға инклюзивті оқыту туралы ережені бекітті. Онда мектептердегі бастауыш түзету кластарын ұйымдастыру тәртібі нақтыланған. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Әйелдердің тыныштығы мен қауіпсіздігі жаһандық индексінде (WPS Index) Қырғызстан 97-орынға ие болды. Бұл индекс әлемнің 170 еліндегі әйелдердің мәртебесі туралы деректерге негізделген. WPS индексін Норвегия Сыртқы істер министрлігі қолдауымен PRIO гендер, бейбітшілік және қауіпсіздік орталығы және Джорджтаун әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік институты шығарады. Толығырақ.

Түркімен мемлекеттік сәулет-құрылыс институтының студенттеріне тағы да талаптар қойылды. Ылғи жанында президент кітабы болуы және оқу орнының «мұқтажына» ақша беру талаптарын орындамаған студенттерді институттан шығарамыз деп қорқытады. Институттың бірнеше студенті Азатлык радиосы тілшісімен аноним әңгімеде біраз жайтты айтып берді. Толығырақ.

 

Әлеумет

4 жыл бұрын Душанбеде кәсіби футболшыларды дайындайтын «Ирбис» футбол мектебі ашылды. Бұрын «Ирбис» мектебінің директоры ойнайтын Германиядан келген әдіскер 3-16 жас аралығындағы балаларға арналған бағдарлама мен оқыту әдістемесін әзірледі. Тәжікстан үшін әдістеме эксклюзив болды, онда психологияға баса назар аударылды. Бірақ бір кезде спорт клубында түбегейлі өзгеріс болды. Басшылық инклюзив спортты дамытуға кірісті. Қазір футбол мектебі аутизм, даун синдромы, церебральды сал ауруы және басқа да дамуында ақауы бар балалар спортпен шұғылданатын үлкен әлеуметтік жобаға айналды. Толығырақ.

 

Экология

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда. Заң жобасы 21 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында қабылданды. Толығырақ. 

Орталық Азия хайуанаттар бағы хакатоны – жойылып кету қаупі төнген жабайы жануарларды саудалаудың алдын алуға арналған инновациялық шешім әзірлеуге бағытталған байқау. Мұндай жануарларға ілбіс, ақбөкен және қарақұйрық жатады. Байқаудың ресми сайтында хакатонға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан немесе Өзбекстан университеттері студенттері, кодерлер, экологтар, әзірлеушілер, дизайнерлер, жоба менеджерлері және мамандандырылған эксперттер қатыса алатыны хабарланған. Толығырақ.

Таулы Бадахшан автономиялық облысы Мурғаб ауданының Жамантал аймағы аумағында сирек кездесетін жануарларды сауықтыру орталығының құрылысы басталды, негізінен орталық ілбісті сақтауға арналған. Ілбіс Тәжікстанның таулы экожүйелері символы саналады. Сондықтан жойылып бара жатқан осы түрді қорғау және қалпына келтіру, сондай-ақ, басқа да сирек кездесетін жабайы жануарларды сауықтыру үшін Мурғабта оларға арналған орталық салу туралы шешім қабылданды. Толығырақ.

Bloomberg агенттігі мәліметінше, Түркіменстан планетаны қыздыратын метанның ағуы бойынша әлемде бірінші орында тұр. Қазанның 19-ы күні жарияланған «Түркіменстанның лас құпиясы» атты мақалада елдегі табиғи газ кен орындары мен негізгі газ құбырлары маңындағы улы газ шығарындыларына қатты алаңдаушылық білдірілген. Мақалада шығарындыларды бақылайтын канадалық GHGSat Ins қызметі 2019 жылдың басында Түркіменстанның өнеркәсіп секторы бөліктерінде бұрын-соңды болмаған ең үлкен метан ағуының бірін тапқаны айтылады. Толығырақ.

 

Абайлаңыз, алаяқтар!

Қазақстандықтарға интернеттегі алаяқтықтың жаңа түрі туралы хабарланды. Киберқылмыскерлер халыққа несиесін ақылы түрде қайтарып беруді ұсынады. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever -де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.