Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 18-25 шілде, 2022 жыл

26.07.2022 • 19:53

Бәріңе сәлем!

Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар туралы дайджесті ұсынамын.

Кеттік!

 

Білім

Тәжікстанның Білім министрлігі мектептерде телефон ұстауға тыйым салудан бас тартпайды. Білім министрлігі оқушылар мен студенттердің телефон алып жүруіне және пайдалануына салынған тыйымды қайта қарауды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлады бүгін Душанбеде өткен баспасөз мәслихатында білім министрі Рахим Саидзода "Азия плюс" сауалына жауап бере отырып. Толығырақ.

Кейінгі 5 жылда алғаш рет қазақстандық студент IChO халықаралық химия олимпиадасында алтын жеңіп алды. Қазақстан құрамасының қоржынында барлығы төрт медаль бар. Толығырақ.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін оқытуға бөлінетін гранттар санын жыл сайын көбейтуді көздеп отыр. 2025 жылы мемлекет медициналық жоғары оқу орындарына 2000 грант бөледі. Толығырақ.

Оқу-ағарту министрлігі: Балабақшаларды лицензиялау олардың жұмысын жақсартады. Оқу-ағарту министрлігі жекеменшік балабақша қожайындары айтқан сынға келіспейді. Толығырақ.

2027 жылға қарай шахмат қазақ мектептерінде міндетті пәнге айналуы мүмкін. 2023 жылғы қыркүйектен бастап кейбір мектепте шахмат факультативтік пән ретінде оқытылады. Толығырақ.

Қазақстанда жас геологтардың ашық далалық олимпиадасы қайта жалғасты. Жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға Экология министрлігі Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде оқуға гранттар береді. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Ыстықкөлде құқық қорғау лагері өтті. Оған артистер, эксперттер және блогерлер қатысты. Ыстықкөл жағасында 11-15 шілде аралығында «Ойлон Кэмп» финалистеріне адам құқықтары бойынша шығармашылық лагерь өтті. Толығырақ.

Қырғызстандық саяси белсенді Айжан Мырсан Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Нәсілдік және ұлтаралық араздықты қоздыру» бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Октябрь аудандық ішкі істер басқармасы хабарлады. Толығырақ.

Карнеги қоры: Қырғыз халқының авторитаризмге қарсы тұруға қатысты тәжірибесі бар. Карнеги қоры авторитарлық жүйеден демократиялық жүйеге және керісінше демократиялық жүйеден авторитаризмге көшу мәселесіне арналған альманах шығарды. Альманахтың басты тақырыбы – былтыр елі ішінде төңкеріс болған Тунис пен президент Кайс Сейидтің қолынан билікті заңсыз тартып алғаны туралы. Толығырақ.

Қаңтар жаңғырығы: БАҚ қызметкерлеріне лаңкестік әрекетпен қалай күресу керек екені үйретіледі. ҚР Ақпарат министрлігі телерадио хабарларын тарату объектілерін лаңкестікке қарсы қорғауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулық әзірледі. Толығырақ.

Қазақстанда қаржы пирамидаларын жарнамалайтын 3 мыңнан астам сайт бұғатталды. Қаржы пирамидасы қызметіне қатысты 44 іс қозғалып, 6,5 млрд теңгенің мүлкі қамауға алынды. Толығырақ.

 

Әлеумет

17 шілдеде 55 GYM AQUA спорт кешенінде жас суретшілердің картинасы көрмесі ашылып, қонақтар мен келушілер назарына 30-дан астам заманауи өнер туындысы ұсынылды. Шара жас дарынды суретшілерді қолдау және республикада салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Tajik modern art (Тәжік заманауи өнері)» деген атпен өтті. Толығырақ.

Қазақстандықтардың құқық қорғау органдарына сенімі азая бастады. Азаматтардың 60%-тен азы үйлеріне жалғыз қайтқанда өзін толық қауіпсіз сезінеді. Толығырақ.

Тоқаев жыл сайын Орталық Азияның мәдени астанасын таңдауды ұсынды. Президент ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту Орталық Азия елдері үшін маңызды міндет деп санайды. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.