Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 19-26.04.2021 г.

27.04.2021 • 11:59

Қымбатты дос!

Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі жаңалықтар дайджесін ұсынамын.

Кеттік!

 

Білім

Қырғызстанның қарапайым балалары мен ерекше балалары енді бірлескен жобалар мен іс-шараларға қатыса алады. Бұл туралы «Жетiген» халықаралық лагерiнiң қоғаммен байланыс маманы Гүлзада Үтүрова хабарлады.

Оның айтуынша, «Мен Қырғызстанды сүйемін» жастар қозғалысы балаларға инклюзив демалыс ұйымдастырады, мұнда әр балаға оның дене, интеллект, әлеуметтік, эмоционал, тіл және басқа ерекшеліктеріне қарамастан, команда құрамына кіруге мүмкіндік беріледі. Толығырақ.

Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орайластырылған «Балаларға арнап оқу» акциясын бастады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Оның айтуынша, акцияның мақсаты - балалар арасында көркем әдебиетті оқуды танымал ету және қолдау, сондай-ақ жалпы білім беру ұйымдары оқушыларының оқу дағдыларын дамыту және бекіту. Толығырақ.

Қырғызстанның 478 оқушысы республикалық олимпиада жеңімпаздары болды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Бішкек коронавирус инфекциясы таралуының "қызыл" аймағына енуіне байланысты, COVID-19 республикалық штабы Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі сияқты бұқаралық іс-шараларды өткізуден бас тартуды ұсынды. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Түркіменстан билігі VPN қолданушыларын анықтау және жазалау әрекеттерін жалғастырып жатыр. Мектептерде смартфонның бар-жоғын тексеретін рейд жүйелі түрде жүргізіледі және ұялы телефонның ішінде не бар екені де тексеріледі. Толығырақ.

Қазақстан ауылдарының тұрғындары үшін «Кеңес» құқықтық кеңес беру қызметі іске қосылды деп хабарлады Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі. Ауыл тұрғындары өздерінің құқығы мен әлеуметтік, экономикалық, азаматтық, саяси, мәдени бостандығы туралы көбірек білгісі келсе, кеңес ала алады. Егер ауыл тұрғындары олардың құқығы бұзылып жатыр деп санаса немесе жеңілдіктерді пайдаланғысы келсе, бірақ қайда барарын білмесе, оларға не істеуге болатыны туралы кеңес беріледі. Толығырақ.

Тәжікстанның Душанбе әскери гарнизонының соты Хатлон облысы Восе ауданының тұрғыны Саидшох Махмадалиевті 376-бап (өзіне-өзі зиян келтіру арқылы немесе басқа жолмен әскери қызметтен жалтару) бойынша 2 жылға бас бостандығынан айырды. Ертерек демобилизациялау мақсатында Махмадалиев өзін психикалық ауру ретінде көрсетті деп хабарлады Душанбе әскери гарнизонының баспасөз орталығы. Толығырақ.

Қырғызстанда Telegram-да іске қосылған «Акыйкатчы-бот 115» заңды чат-боты таныстырылды. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы омбудсменінің баспасөз қызметі хабарлады. Толығырақ.

 

Әлеумет

Түркіменстанда полиция қоқыс жинаушылармен «күресті» күшейтеді. Қала билігі қазір тіпті коммуналдық қызмет формасындағы адамдарға қоқысты сұрыптауға тыйым салып жатыр. Толығырақ.

Түркіменстанның Мары және Лебап велаяттарында президент Гурбангулы Бердымухамедовтың әкесі Мяликгулы Бердымухамедовтің қайтыс болуына орай еске алу садақасын (құрбандық) өткізу жоспарланған. Ал еске алу шаралары шығынын бюджет қызметкерлері есебінен жабуға шешім қабылданды. Толығырақ.

Жапонияда оқитын Өзбекстаннан келген студент Эльдор Уринбоев теңізге батып бара жатқан жасөспірімді құтқарды. Бұл туралы сюжетті жапондық News24 телеарнасы көрсетті. Толығырақ.

Us News & World Report хабарлауынша, шытырман оқиғалар мен туризм бойынша ең жақсы елдер рейтингісінде Өзбекстан әлемдегі соңғы орындардың бірін иеленді: 78-ден 74-орын. Өзбекстаннан нашар елдер қатарында Қазақстан, Ирак және Оман ғана болды. Толығырақ.

Қазақстан тұрғыны Мария Әуезова Эверестті бағындырған аяғы жоқ алғашқы мүгедектігі бар қыз болды. Ол 5643 метр биіктікке көтерілді деп хабарлайды Ферғана. Толығырақ.

 

Пандемия

Түркіменстан астанасы Ашхабадта жаңа театр маусымы ашылды. Сақтық шаралары арасында маска тағу мен адраспан бар. Жаңа театр маусымы ерекшеліктері мен Түркіменстан астанасындағы мәдени шаралар туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.

Қазақстанда шетелдіктерді Ashyq жүйесінде жұмыс істейтін мекемелерге қабылдау алгоритмі жоқ. Көптеген шетелдіктің Ashyq қолданбасы арқылы тексеруге болатын ЖСН-і жоқ, сондықтан олардың мәртебесін анықтау мүмкін емес, сол себепті оларға мекемеге кіруге болмайды. Алматының Кәсіпкерлер палатасы директоры Айтуар Қошмамбетов шетелдіктерді кіргізуге болатынын, бірақ ол үшін мекемелер шетелдіктердің төлқұжатындағы мәліметті санитар-эпидемиология бақылау департаментіне тапсыруы керек екенін айтты. Толығырақ.

Өткен аптада «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы Өзбекстанға жеткізілді. Жеткізу Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (RDIF) арқылы жүзеге асырылды. Толығырақ.

Тәжікстан студенті Бехруз Искандарзода АҚТҚ-мен өмір сүретіндерге және зорлық-зомбылық құрбандарына толықтай құпия және жасырын көмек беруге арналған @erirason_hiv_bot Telegram ботын жасады. Оның жеке компаниясы бар және көптеген жобаны жоспарлап отыр, соның ішінде мемлекеттік органдарға арналған жобалар бар. Толығырақ.

20 сәуірде Өзбекстан Ғылым академиясы пресс-релиз жариялады, онда Rhus coriaria Totum (сірке ағашы) өсімдігі негізінде Рутан антивирус препаратын SARS-COV-2 вирусына қарсы жалғыз тиімді дәрі деп атады, деп хабарлады Ферғана ақпараттық агенттігі. Толығырақ.

Ыстықкөл тамыры, ақжелкек, қойдың құйрық майы, хазариспанд: Орталық Азияда коронавирус «емі» қандай? Толығырақ.

Мамырда Қырғызстанға AstraZeneca вакцинасы жеткізіледі. Бұл туралы премьер-министр Ұлықбек Марипов өзінің Facebook-парақшасында хабарлады. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.