Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 19-26.07.2021 ж.

29.07.2021 • 12:51

Қымбатты дос!

Өткен аптада біздің елімізде және Орталық Азиядағы көрші елдерде не болғанын білейік!

 

Білім

Денсаулығында мүгедектігі бар Қырғызстан студенттері $290 көлемінде бір реттік стипендия ала алады. Бұл туралы «Равные возможности» әлеуметтік орталығы хабарлады. Толығырақ. 

 

Адам құқықтары

Түркіменстанда Ұлттық қауіпсіздік министрлігі қызметкерлері діни әдебиеттерді сақтады деп күдіктенген азаматтардың үйіне рейд жүргізеді. Бүгінде Данев, Дарганата, Сейди және Газоджак қалаларында рейд жүріп жатыр деп хабарлайды Азатлык радиосы тілшісі. Толығырақ.

Тәжікстанда осы жылдың 6 айында елдің «Дәстүрлер, мерекелер мен рәсімдерді оңтайландыру туралы» Заңын сақтамағаны үшін ел тұрғындарына жалпы сомасы 1 миллион 388 мың 270 сомони айыппұл салынды. Толығырақ.

 

Әлеумет

«В черном-черном доме была черная-черная комната. В этой черной-черной комнате стоял черный-черный стол...». Кеңес заманы балаларының бәрі дерлік осы төбе құйқаңды шымырлататын әйгілі түнгі қорқынышты әңгімені біледі. Мұндай қорқынышты әңгімелер пионер лагерьлерінде айтылатын. Оларды күн кешкіре бастағанда айтып, қорқытатын. Тәжік балаларының қорқынышты, тыңдағанда артқа қарауға шама қалдырмай, үйге зытқызатын өз кейіпкерлері бар. Толығырақ.

Тәжікстанның Хатлон облысы прокуратурасы білім алуға кедергі келтірген 36 ата-анаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Іс Тәжікстан Қылмыстық кодексінің 164-бабы (Негізгі жалпыға міндетті (тоғыз жылдық) білім алуға кедергі жасау) бойынша қозғалған. Толығырақ.

Журналистер Орталық Азия елдері базарындағы негізгі азық-түлік тауарлары бағасын біліп қайтты. Тек Тәжікстан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей астаналарындағы баға салыстырылды. Толығырақ.

Өзбекстанда коммунал қызметтері «бірыңғай клиент» қағидаты бойынша бірегей нөмірді қолдана отырып ұсынылатын болады, деп хабарлайды Мемлекеттік қызметтер агенттігі. Толығырақ.

 

Қауіпсіздік

Telegram-дағы 30 мыңнан астам қазақстандықтың жеке дерегі желіге тарады, деп хабарлайды Мемлекеттің техникалық қызметі. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.