Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думана Смақовтан дайджест: 2020 жылдың 19-26 қазаны.

27.10.2020 • 11:34

Қымбатты дос!

Жақында демалыс басталатынына қуанышты шығарсың. Өте аз қалды, енді бір "әуп" десең, түске дейін ұйықтайсың, қыдырып, демаласың.

Әл әзірше мен саған Орталық Азия елдерінің ең маңызды жаңалықтарын айтып берейін.

 

Білім

Жақсы оқитын студенттерге жоғары оқу орнына түсу оңайырақ болады. Бұл туралы Өзбекстанның Халыққа білім беру министрі Шерзод Шерматов Өзбекстан президенті әкімшілігі жанындағы Ақпараттық және бұқаралық коммуникациялар агенттігінде (АБКА) өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Шерматовтың айтуынша, бұл президенттің өкімінде және жарлық жобасында көрсетіледі. Толығырақ мына сілтемеде.

Өзбекстанның білім сапасын қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы жалпы білім беретін мектептердің рейтингісін жасады. Мамандандырылған мектептер арасында бірінші орын Наманган қаласының №3 мамандандырылған мектебіне, орта мектептер арасында Нөкіс қаласының №48 мектебіне берілді. Толық ақпарат мына сілтемеде.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті және Kundelik.kz сайты мектеп оқушылары арасында дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бірлескен жобаның басталғаны туралы хабарлады. Толығырақ мына жерде.

Әлеумет

Кейінгі жылдары Түркіменстан билігі әйелдерге көлік жүргізуге тыйым сала бастады. Әйелдердің көлік жүргізуге тыйым салынуы іс жүзінде Түркіменстандағы гендерлік теңдік туралы ресми талаптарды тағы бір рет жоққа шығарады. Шындығында жағдай басқаша. Толығырақ сілтемеден оқыңыз.

Өзбекстанда 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік қызметкерлердің өзбек тілінде іс жүргізу деңгейі анықталып, жауапты қызметке тағайындалған адамдарға мемлекеттік тілді білу деңгейінің сертификаттары енгізіледі. Толығырақ мына жерде.

Түрікмен билігі, әрі қарайғы экономикалық құлдыру мен коронавирус пандемиясы себебінен едәуір асқынған қаржы мәселелерін шешу үшін сыналған әдіске тағы да жүгініп жатыр - жергілікті ақсақалдарды халыққа ықпал ету агенттері ретінде жұмылдырып жатыр. Толығырақ мына сілтемеде.

Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Петер Бурианмен телефон арқылы сөйлесті. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сұхбат барысында Қазақбаев елдегі жағдай тұрақталғанын, қазіргі саяси процестер құқықтық аймаққа оралғанын, мемлекеттік биліктің легитимдігі құрылғанын және атқарушы органдар жұмысын штат режимінде жалғастырып жатқанын айтты. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен ЕО-ның Орталық Азиядағы өкілі тағы не туралы сөйлескенін мына жерден білуге болады.

Пандемия

Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақтың өкілі COVID-19 пандемиясына және оның салдарын жоюға қатысты мәселелерді талқылады, аймақтағы қауіпсіздік сын-қатерімен күрес туралы да пікір алмасты. Толығырақ сілтемеде.

Мәдениет

Қар барысы ізімен. Тәжікстанда қар барысы туралы деректі фильм шықты. Фильмде осы сирек кездесетін жыртқыш туралы аңыздар айналасында қар барысының қазіргі тіршілігіндегі проблемалар баяндалады. Толығырақ мына жерде: https://asiaplustj.info/ru/news/tajikistan/society/20201023/po-sleam-snezhnogo-barsa

 

Бішкекте «Карусель» музыкалық балалар фестивалі өтті. Бұл туралы астананың Ресей ғылым және мәдениет орталығы хабарлады. Оның айтуынша, шараға Бішкектен 30 жас орындаушы қатысты. Көрермендер алдында Даниел Қасымов, Эвелина Ярулина, Андрей Косаков, Әсем Садықова, Айдай Балбаева, Байысбек Ақылбеков, «Шаттық» халықтық үлгілі би ансамблінің, «Сайқыр» тобы мен «Фрунзе» тобының солистері әндерімен және билерімен өнер көрсетті. Толығырақ.

IT

Тәжікстан жыл басынан бері 6 саты жоғарылап, мобайл интернет рейтингісінде позициясын жақсартты. Интернет жылдамдығы бойынша жаңартылған  Speedtest Global Index рейтингісінде 2020 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша Тәжікстан 13.08 Mб/с жүктеп алу жылдамдығымен және 5,80 Mб/с интетрнетке жүктеу жылдамдығымен дүниежүзінің 138 елі арасында 127-орында тұр. Ең төменгі рейтинг Ауғанстанда, мұнда жүктеп алу жылдамдығы - 7,26 Мб/с, ал интетрнетке жүктеу жылдамдығы - 3,77 Мб/с. Толығырақ сілтеме бойынша.

Қазақстанда кейінгі жылдары интернеттегі алаяқтық фактілері көбейіп келеді, олардың көпшілігі осындай істерді тергеудің күрделілігіне байланысты шешілмей қалады. Толығырақ мына жерде.

 

Бізбен бірге болғаныңа рақмет!

Жемісті және сәтті апта болсын!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.