Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 19-26 қыркүйек, 2022 ж.

03.10.2022 • 03:45

Сәлем!

Назарыңа Орталық Азиядағы елдердің маңызды оқиғалары туралы дайджеста ұсынамын!

Кеттік!

 

Білім

Жас қазақстандықтар мектептегі білім беру сапасына қанағаттанбайды. Олар қазіргіден де заманауи білім алғысы келеді. ЮНИСЕФ-тің Білім беру министрімен бірге жүргізген U-Report онлайн платформасы жүргізген сауалнама мәліметтерін зерттегеннен кейін осындай қорытындыға келуге болады. Толығырақ.

Қазақстанда 20 қыркүйекте мектеп асханалары мен дәретханаларын бақылайтын “Балаға лайық” науқанының екінші кезеңі басталды. Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, науқан үш айға созылады. Толығырақ.

Қазақстанның Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек жаңа оқу жылы басталғаннан кейін ҰБТ қорытындысын жою әділетсіз екенін айтты. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Түркіменстанның бірқатар аймағында құқық қорғау органдары қызметкерлері орта мектепте оқитындардың мобильді телефондарын тексеріп жатыр. Азатлык радиосы Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері Балқан және Мары уелаятындағы мектептерді тексеріп жатқанын хабарлады. Телефондарда VPN бар-жоғы тексеріліп жатыр және саяси және порнографиялық материалдар ізделіп жатыр. Тurkmen.news тәуелсіз басылымы мұндай рейдтерді Ашхабад пен Дашогузде полиция қызметкерлері жүргізіп жатыр. Толығырақ.

Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желінің 20 қолданушысына ұлтаралық араздық тудырғанына қатысты тергеу бастады. Бұл туралы ІІМ хабарлады, деп хабарлайды Kloop. Толығырақ.

 

Әлеумет

19 қыркүйекте Өзбекстанда тұрақты ұтқырлық пен салауатты өмір салтына арналған төртінші Еуропалық ұтқырлық апталығы (EҰА) науқаны басталды. Науқан адамдарды тұрақты көлік құралдарын таңдауға шақырады, сол арқылы парниктік газдар шығарындыларын азайтады және экологиялық мәселелерді шешуге көмектеседі. Еуропалық ұтқырлық апталығында мыңдаған адам «Қозғалысқа бірік! Қаланың жүрегі бол!» ұранымен «ұтқырлық науқанына» қатысады. Толығырақ.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев келер жылдан бастап «Менің бірінші үйім» жаңа ипотекалық бағдарламасының іске қосылатынын хабарлады. Ол ең бірінші енгізілетін өңір Ташкент облысы болады, деді бейсенбі күні облыс халық депутаттары кеңесі сессиясында. Толығырақ.

Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Өзбекстанның Халық білім министрлігімен бірлесіп Өзбекстанда 10 миллион доллар тұратын бес жылдық жастарды жұмысқа орналастыру дағдылары (Youth Employment Skills, YES) бағдарламасын ресми түрде бастады. Толығырақ.

Тәжікстан биылғы сегіз айда 100 миллион доллардан астам гуманитарлық көмек алды, деп хабарлайды елдің статистика басқармасы. Толығырақ.

Бішкекте демо-күн және Қырғызстанның түкпір-түкпірінен стартап-командалардан 70-тен астам өтінім берілген Prosperity Cup Kyrgyzstan онкүндік инкубациясының финалистерін марапаттау рәсімі өтті. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Дайджесті әзірлеуге Алмабек Ибрайымов көмектесті.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.