Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест*: 2 мамыр – 9 мамыр 2022 жыл

17.05.2022 • 10:04

Бәріңе сәлем!

Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар туралы дайджесті ұсынамын.

Кеттік!

 

Білім және ғылым

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 5 мамырда «Российская газетада» жарияланған «Ресей – Орталық Азия. 30 жыл достық пен ынтымақтастық жолында» деге мақаласында: «Тәжікстанда бес орыс тілінде оқытатын мектеп салынып жатыр, олар биылғы 1 қыркүйекте есігін айқара ашады деп күтілуде», - деді. Ол «орыс тіліндегі мектептерде оқу Ресейдің жоғары оқу орындарына тең шарттармен түсуге мүмкіндік беретінін» айтып өтті. Толығырақ.

Өзбекстан шенеуніктері барлық оқу орнындағы азық-түлікті аутсорсингке беруді ұсынды. Үкіметтің осындай қаулысының жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп жазады Sputnik. Толығырақ.

 

Әлеумет

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі барлық жастағы ауыл тұрғынын профилактикалық тексеруден өткізу туралы бұйрық жобасын дайындап жатыр. Медицина тексерулері 1 шілдеден басталады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният аудан және моноқаланың бас дәрігерлерімен өткен жиында мәлімдеді.

Толығырақ.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге бару Қырғызстандағы «Газпром» компаниялар тобының қызметкерлері үшін жақсы дәстүрге айналды. Биыл «Газпром Қырғызстан» мектебінің балалары да соғыс ардагерлеріне, концлагерьде қамауда болғандарға және Ленинград қоршауынан аман қалғандарға барды.                                                                                                                     Толығырақ.

10 мамырда Қырғызстанның Мемлекеттік салық қызметі «Түбіртек талап ет те, жүлде ұтып ал!» деген ынталандыру лотереясын бастайды. Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлауынша, оған қатысу бағалы сыйлықтардың иегері болуға мүмкіндік береді және түбіртек неғұрлым көп болса, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Түркіменстанда 2018 жылдан бері байқалып келе жатқан әйелдер құқықтарын дәйекті және жүйелі түрде шектеу үрдісі жаңа пішіндерге ие болып жатыр. Толығырақ.

 

Экология

23 маусымда Ашхабадта «Көмірсутектерді өндіру жағдайында қоршаған ортаға эмиссияларды азайту және Дарваза газ кратерін басқару перспективалары» деген халықаралық ғылыми конференция өтеді. Шараны «Түркімен форумы» компаниясы Түркіменстанның ұлттық мұнай компанияларымен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Orient. Толығырақ.

 

Жануарлар құқығы

«Хаёт» панасыз жануарларды қорғау қоғамы, «Мушуккент» жобасы және Ташкент хайуанаттар бағы иттер мен мысықтар көрмесін ұйымдастырады. Бұл туралы Sputnik агенттігі «Хаёт» баспанасының басшысы Ирода Маткаримовтың айтқанына сілтеме жасап хабарлады. Еріктілер құтқарған панасыз жануарлардың көрмесі 14 және 15 мамыр күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін Ташкент хайуанаттар бағында өтеді.  

Толығырақ.

 

Мәдениет және спорт

Тәжікстанда футболдан тағы бір халықаралық турнир өтеді. 13-20 мамыр аралығында Душанбеде 16 жасқа дейінгі жастар құрамалары арасында Орталық Азия футбол қауымдастығының (CAFA) чемпионаты өтеді. Аймақтың ең мықты командасы атағына бес команда таласады, деп хабарлайды Тәжікстан футбол федерациясы (ТФФ). Толығырақ.

«Шеберлер қаласы» фестивалі, көбелектер көрмесі және виртуоз скрипкашының концерті: Душанбедегі ең жарқын оқиғалар. Толығырақ.

«Tashkent Flower Fest-2022» гүл фестивалі Ұлттық кітапхана жанындағы алаңды мүсіндік композициялар, аркалар мен гүлзарлар молынан тұратын үлкен түрлі-түсті фотоаймаққа айналдырды. Аумақты жобалау үшін елорда әкімдігі мен Flowers Garden компаниясы бір миллионнан астам жаңа маусымдық гүлдер мен 800 мыңнан астам жасанды гүлдер пайдаланды. Қаншалық әдемі шыққанын Gazeta.uz баяндайды. Толығырақ.

 

Абайлаңыз, алаяқтар!

Интернетте қазақстандық банктерден, телекоммуникациялар мен мұнай-газ компанияларынан субсидиялар, жеңілдіктер мен жеңіл ақша табуды уәде еткен алаяқтық сайттары пайда болды. Мұндай сайттар азаматтардан қандай ақпарат алады, фейк парақшаны қалай тануға болады? Мұны «31 арнадағы» «Информбюро» бағдарламасының тілшілері анықтады. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

* Дайджесті жазуға оқу практикасы аясында Алуа Сәтбекова көмектесті

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.