Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 20-27.12.2021 ж.

29.12.2021 • 05:32

Қымбатты дос!

BRYCA жобасының бүкіл командасы және Qlever ойын платформасы сені Жаңа жылмен құттықтайды! Осы жылы барлық арманың орындалып, мақсатың жүзеге ассын!

Ал қазір өткен аптада біздің елде және Орталық Азияның көршілес елдерінде не болғанын білейік.

 

Білім

Өзбекстанда жаңа жылдан бастап мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа алған жеке компаниялар енді 6 ай бойы әр қызметкерге 1,5 еселенген базалық есептік шама (БЕШ) мөлшерінде ай сайын субсидия алады. Жұмыс берушілерге оларды жұмысқа орналастырғаны үшін төлеген әлеуметтік салық қайтарылады. 2022 жылдан бастап «Эл-юрт умиди» қоры жыл сайын мүгедектігі бар 20-ға жуық дарынды жасты шетел университеттеріне оқуға жібереді. Толығырақ.

Желтоқсанның 21-і күні Тадбиркорлар мактаби» («Кәсіпкерлер мектебі») оқу орталығының ашылу салтанаты өтті. Шара «Өзбекөнеркәсіпқұрылысбанк» пен «Узсаноаткурилишматериаллари» қауымдастығы ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылды. «Шараға Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі басшылығы, банктер мен қауымдастық, кәсіпкерлер мен БАҚ қызметкерлері қатысты. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Беларусь билігі «Азаттық» радиосын экстремистік құралым деп таныды, деп хабарлайды елдің ішкі істер министрлігінің Telegram арнасы. Ресурсты жасаушылардың, жетекшілерінің және оған қатысушылардың әрекеті Беларусь Қылмыстық кодексінің 361-бабының 1-тармағына («Экстремистік құралымды, қызметі нацизмді оңалтуға не осындай құралымды немесе оған кіретін құрылымдық бөлімшені басқаруға бағытталған құралымды құру») сәйкес келіп, ол бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады, деп хабарлады Беларусь мемлекеттік телеарнасы. Толығырақ.

Жануарларға қатыгездік көрсететін кадрларды жариялаған БАҚ және Қазақстан азаматтары жауапқа тартылады. Журналистер жаңа заң нормаларына байланысты жануарларға қатысты адамдардың қатыгездігін көрсете алмайтынына алаңдап отыр. Олар «жануарларға жарақат салуды және зақым келтіруді, жануарларды өлтіруді насихаттайтын баспа, аудиовизуал өнімдері мен интернет өнімдерін пайда табу мақсатында немесе ондай мақсатсыз өндіруге, көрсетуге, таратуға және басқаша да пайдалануға» тыйым салады. Толығырақ.

Түркіменстан билігі кәсіпкерлерге бағаны төмендеткізу үшін қысым жасауды жалғастырып жатыр. Ал кәсіпкерлер шығынға ұшырамас үшін саудадан бас тартуға мәжбүр. Азатлыктың Лебап пен Марыдағы тілшілері осы өңірлердегі жағдайды баяндады. Толығырақ.

 

Әлеумет

Садыр Жапаров (Қырғызстан президенті) Исфана қаласының атын Раззақов деп өзгерту туралы шешім қабылдады. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген мемлекет басшысы 2021 жылғы Баткен оқиғасына тоқталып, көршілес елдермен мемлекеттік шекараның толық келісілмегендігін, кейбір саладағы келіссөздер процесінің қиындығын, Қырғызстанның стратегиялық көлік инфрақұрылымының көрші елдер аумағы арқылы өтуі –республиканың аумақтық тұтастығына тікелей қатер болып саналатынын айтып өтті. Толығырақ.

Жас кәсіпкерлер 540 миллион сумға дейін несие ала алады. Мұндай қаулыны 21 желтоқсанда үкімет бекітті, деп хабарлады Өзбекстан Әділет министрлігінің баспасөз қызметі. Қайта құру және даму қоры Ұлттық сыртқы экономикалық қызмет банкіне 100 млн доллар бөлді. Бұл қаражаттан 2022-2024 жылдары жас кәсіпкерлердің жаңа бизнес жобаларына мына шарттар бойынша несие бөлінеді:

  • несие сомасы базалық есептік құнның 1000-нан 2000-ға дейінгі мөлшерге дейін;
  • мерзімі – 7 жыл, жеңілдік кезеңі – 3 жыл;
  • пайыздық мөлшерлеме – Орталық банктің базалық мөлшерлемесі бойынша (қазіргі уақытта 14%).

Несие бөлу үшін Жастар істері агенттігі, Сауда-өнеркәсіп палатасы және банктер кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін жастардың тізімін жасақтап жатыр. Толығырақ.

Жарқыра, шырша! Орталық Азия мемлекеттері елдің бас шыршасын қалай безендірді? Толығырақ.

 

Дезинформация

Қазақстанда әлеуметтік желіде Өскемендегі колледждердің бірінде вакцина салдырмаған студенттің барлығын қашықтан оқыту форматына көшіру туралы шешім қабылданғаны туралы хабарлама тарады. Осыған ұқсас жарияланымда Теміртаудағы мектептердің бірінде коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған оқушыларды үшінші тоқсанда сабаққа жібермеу үшін балалар мен олардың ата-анасы туралы мәліметтер жинап жатқаны айтылады. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.