Бәріңе сәлем!
Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар туралы дайджесті ұсынамын.
Кеттік!
Білім
Жазда Душанбеде бала немен айналысса болады? Душанбедегі дамытушы және пайдалы курстардың кішігірім топтамасы. Толығырақ.
Өзбекстан үкіметі қаулысы арқылы мүгедектігі бар жастарға транспорт, тұрғын үй және оқу шығынын өтеу үшін субсидиялар берудің Әкімшілік регламенті бекітілді. Осылайша, мемлекеттік емес білім беру ұйымдарында мүгедектігі бар жастарды мамандықты, бағдарламалауды, жалпы білім беретін пәндерді және шет тілдерін оқыту үшін, сондай-ақ қажет болған жағдайда үйде тұру мен көлік шығынын өтеу үшін 50 БЕШ субсидия (15 миллион сумға дейін) беріледі. Толығырақ.
Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында өткен Халықаралық түркі академиясы ғылыми кеңесінің V отырысында түркі әлемінің жалпы оқу-әдістемелік құралдары туралы қорытынды шешім қабылданды, деп хабарлайды Түркияның "Анадолу" агенттігі. Кездесуге қатысқандар бұл оқу құралдарын өз еліндегі орта білім беру мекемелерінің оқу бағдарламасына енгізу туралы хаттамаға қол қойды. Толығырақ.
Адам құқықтары
Балкан уелаятындағы (Түркіменстан) Түркіменбашы қаласында Полицияның жолды қадағалау қызметі әйел жүргізушілерге бақылауды күшейтті. Жол полициясы қызметкерлері рульде отырған әйелдерді тоқтатып, түрлі сылтаумен олардың жүргізуші куәлігін тартып алып, көлігін айыппұл тұрағына қояды. Толығырақ.
21 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы Өзбекстан Сенатымен бірлесіп әйелдердің құқығы мен мүмкіндігін кеңейту, гендер теңдігі, әйелдердің көшбасшылық қабілетін арттыру, қоғамды ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік туралы хабардар ету және Өзбекстанның ұлттық гендер теңдігі стратегиясы шеңберіндегі реформаларды кеңінен жария етіп талқылау үшін "Өзбекстанның көшбасшы әйелдерінің диалогын" бастады. Бұл туралы Anhor.uz сайтына БҰҰДБ хабарлады. Толығырақ.
21 маусымда ЮНИСЕФ балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа төзбеуді ескертіп, қоғамның мұндай жағдайларға деген көзқарасын өзгертуге шақырды. Ұйым отбасын қолдау қызметтерін және зорлық-зомбылықтан аман қалғандарды қорғаудың тиімді жүйесін жетілдірудің маңызды екенін айтып өтті. Әлеуметтік желіде Өзбекстанда әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсеткен бірнеше видеоролик таралғаннан кейін ЮНИСЕФ мұндай оқиғаларға алаңдайтынын білдірді, ондай жағдайлар қалыпты сияқты боп көрінеді: кейбір оқиға, соның ішінде сәбидің қатысуымен болған оқиғалар көпшілік алдында, соған қарап отырғандардың көзінше болған. Толығырақ.
Әлеумет
Түркіменстанда егіс алқабынан бидай орып біткен дайхандық диқандар жалға алған жерден екінші реттік өнімді ала алмай отырмыз деп шағымданып жатыр. Жалға алушылардың айтуынша, бірінші орым орылғаннан кейін бидайдың екінші орымын алу құқығы құқық қорғау органдарында және жоғары лауазымды адамдар арасында қамқоршысы бар ауқатты адамдарға беріледі. Бұл туралы 23 маусымда Азатлық радиосының Лебап уелаятындағы тілшісі хабарлады. Толығырақ.
Тәжікстанда жазғы демалыс маусымы басталды. Бәрі қайда демалған жеңіл екенін, құжаттармен жүгірмес үшін Тәжікстан қай елдермен визасыз режимде екенін ойлап жатыр. Біз әлемдік төлқұжаттар рейтингі бойынша тәжіктердің қай елдерге визасыз кіре алатынын және барған кезде қай елдерге виза ала алатынын білдік. «Passportindex» мәліметі бойынша, Тәжікстан азаматтары 21 елге визасыз кіре алады, ал 42 елге визаны барған кезде алады. Үш ел электрон рұқсатты талап етеді, ал 132 ел қолында виза болмаса кіруге рұқсат бермейді. Толығырақ.
Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы қартаю индексі туралы ақпарат жариялады. 5 жыл ішінде бұл көрсеткіш 0,7 пунктке өсті. Қазақстанда 5 жыл ішінде қартаю индексі өсті, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы. Мұнда 15 жасқа дейінгі балалар мен 65 жастан асқан қарт адамдардың арақатынасы туралы айтылады. 2021 жылы бұл көрсеткіш 26,6 болды, яғни 100 балаға 26,6 қарт адам келеді. Толығырақ.
Бізбен бірге екеніңе рақмет!
Әзірше!
P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!