Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думана Смақовтан дайджест: 21-28 желтоқсан,2020 ж.

29.12.2020 • 05:05

Қымбатты дос!

Сені келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын!

Бұл жылы сенің барлық асыл арманың орындалсын!

Ал қазір саған бұл аптада біздің аймақта не болғанын, Орталық Азия медиасы не туралы айтқанын баяндайын.

Кеттік!

P.S. Бұл – өтіп бара жатқан жылдың соңғы дайжесі...

 

Білім

Президент міндетін атқарушы парламент спикері Талант Мамытов 2019-2020 оқу жылы қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған елдің жоғары оқу орындарының 70 студентіне президенттік стипендия тағайындады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. Толығырақ сілтеме бойынша.

Ресей  оқытушылық қызметті оңтайландыру үшін Өзбекстандағы мектептерге жыл сайын 100 мұғалім жібереді. Ресейлік мұғалімдердің алғашқы тобы республикаға 2021 жылдың қаңтарында барады. Толығырақ мына жерде.

Түркіменстандағы кейбір жоғары оқу орны студенттері демалыста үйлеріне бара алмайды. Елдегі мектептердегі демалыс ұзартылды. Кәсіпорындардағы мерекелер, корпоратив кештері және ертеңгіліктер болмайды. Жеке кештер, үйлену тойлары мен еске алу шараларына да тыйым салынған. Ел билігі қонаққа барудан бас тартуға және маска тағу режимін толық бақылауды жүзеге асыруға кеңес береді. Іс-шаралар жедел инфекциялық аурулардың алдын алумен түсіндіріледі. Елде әлі күнге дейін коронавирус туралы айтылмайды. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Адам құқықтары

Өзбекстанда жала жабу мен тіл тигізу үшін жазаны жеңілдетуді көздейтін түзетулер қабылданды. Олар «Өзбекстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне және Өзбекстан Республикасы Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда көрсетілген. Толығырақ сілтеме бойынша.

Технология

Енді қазақстандық студенттерге студенттік билетті алып жүрудің қажеті жоқ, өйткені билет электронды үкіметтің мобильді қосымшасында пайда болды. Инновация туралы толығырақ мына жерде.

Қазақстанның білім министрі оқу процесін оқытуды қашықтан технологиялар арқылы толық ауыстыру мүмкін емес екенін мойындады. Елдің бас мұғалімі неге бұлай ойлайтыны туралы толық ақпаратты мына жерден таба аласыз.

Алматыдағы ЮНЕСКО-ның кластер бюросы Ұйымның COVID-19 дағдарысына қарсы әрекет ету аясында және аймақ жастарының пандемияның жағымсыз салдарын еңсеру бойынша білімі мен дағдысын жетілдіру мақсатында Орталық Азия жастар кеңістігін (Central Asian Youth Space) құрды. Қауіпсіз онлайн кеңістіктібілдіретін CAYSPACE жобасы 2020 жылдың 22 желтоқсанында өткен баспасөз брифингі аясында ұсынылды. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Әлеумет

Қырғызстандағы балалар үйі түлектері көпшілігі медициналық қызмет пен тұрғын үйге қол жеткізе алмайды. Бұл туралы «Оэйсис» қоғамдық қайырымдылық қоры зерттеуінде айтылған. Қырғызстанда барлық меншік формасындағы 138 бала интернаты бар, олардың 66-сы жекеменшік. 2020 жыл қорытындысы бойынша интернаттарда 10 мыңнан астам бала тұрды. Жыл сайын 300-350 бала бітіреді. Толығырақ мына жерде.

Өзбекстанның Экономикалық даму және кедейлікті азайту министрлігі ақпарат қызметі Өзбекстан Республикасының экономикалық даму және кедейлікті төмендету министрі Джамшид Кучкаров пен БҰҰ Өндірістік даму ұйымының (ЮНИДО) бас директоры Ли Йонг 22 желтоқсанда алғашқы 4 жылдағы (2020-2024) кезеңге арналған Бірлескен декларацияға қол қойғаны туралы хабарлама таратты. Толығырақ сілтеме бойынша.

Жаңа жылдан бастап Мары уелаятында бір отбасы мүшелері немесе туыстары бір бөлімнің қызметкерлері болған жағдайда оларды құқық қорғау органдарынан жаппай жұмыстан шығару жоспарланып жатыр. Азатлық радиосының Марыдағы тілшісі күш құрылымдарының бірнеше қызметкеріне сілтеме жасай отырып, бұл туралы барлық құқық қорғау органы қызметкерлеріне алдын ала хабарланғанын, соған байланысты жүздеген адам жұмыстан шығарылуы мүмкін деп хабарлайды. Толығырақ мына жерде.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Демалысың жақсы өтсін!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever ойна!

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.