Бәріңе сәлем!
Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар туралы дайджесті ұсынамын.
Кеттік!
Білім және ғылым
Душанбеде тәжік режиссеры әрі сценарист Искандар Усмонов жетекшілік ететін Балалар киносы эксперименттік мектебінің балалар фильмінің премьерасы өтті. «Туған күніңмен, Риана!» – бұл қысқаметражды көркем фильм студенттердің диплом жұмысы. Ол достары туған күнімен ерекше құттықтаған қыз туралы баяндайды. Фильм ақпан айының басында тек жеке қаржыландыруға түсірілген. Толығырақ.
Петропавлдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің (Қазақстан) бес оқушысы Microsoft компаниясы ұйымдастырған Imagine Cup Junior Virtual AI Hackathons AI for Good – «Жақсылық үшін жасанды интеллект» деген қыздарға арналған халықаралық хакатонында бірінші орын алды, деп хабарлайды білім беру мекемесінің баспасөз қызметі. Халықаралық шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 22 команда қатысты. Хакатонның мақсаты – жасанды интеллект негізінде белгілі бір мәселенің шешімін әзірлеу және ұсыну. Толығырақ.
Қазақстанның білім беру ұйымдары міндетті түрде маска тағу режимін алып тастады. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қол қойды. «Жасыл» және «сары» аймақтардағы эпидемиология жағдайын бағалау матрицасына сәйкес келетін өңірлерде, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында маска тағу режимін міндетті түрде сақтау талаптарының күші жойылды. Кабинеттік оқыту жүйесіне рұқсат етіледі. Толығырақ. / Постановление
26 наурызда республикалық олимпиадада жеңіске жеткен Қырғызстан оқушыларына сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді. Білім вице-министрі Надира Жүсіпбекованың айтуынша, мұндай жағдай кейінгі 2 жылда бірінші рет болып отыр. Толығырақ.
Әлеумет
Ташкентте Әлеуметтік туризм қауымдастығы мен Туризм және мәдени мұра министрлігі құрған мүгедектігі бар кәсіпкерлерді қолдау орталығының ашылу салтанаты өтті. Орталықтың негізгі мақсаты – мүгедектігі бар отандастар мен аз қамтылған отбасы балаларына қайырымдылық шараларын өткізу. Бұл туралы министрлік хабарлады. Толығырақ.
Көктем келіп Түркіменстанда ер балаларды сүндетке отырғызу маусымы басталды. Лебаптың көптеген тұрғыны тілшімізге діни дәстүрге негізделген бұл операцияның құны айтарлықтай қымбаттағанын айтты. Толығырақ.
Адам құқықтары
Түркіменстан мектептерінде жоғары класс оқушыларының, әсіресе қыздардың «адамгершілік тәрбиесін арттыруға» бағытталған тәрбие сабақтары қайта басталады. Бұл әрекетке атсалысқан педагогтар жыныстық тәрбие және осы білімнің аздығынан туындауы мүмкін кейбір мәселе бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат берудің орнына, билік діни лекциялар оқуға, әлеуметтік желілердің зияны туралы айтуға мәжбүрлеп жатқанын жеткізді. Толығырақ.
Skype мессенджері 2021 жылғы шілдеде енгізілген «Жеке деректер субъектілерінің құқықтарын бұзушылар тізілімінен» шығарылды. Бұл туралы Өзбекстанның Ақпараттық технологиялар мен коммуникацияларды дамыту министрлігінің (АТКМ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Газета.uz» хабарлады. Толығырақ.
Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Мағжан Ілиясов азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге өлім жазасын жоюға бағытталған екінші факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы құжатты БҰҰ депозитарийіне сақтауға тапсырды, деп хабарлайды ҚР СІМ. Қазақстан БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің 90-ыншысы болып осы хаттамаға қосылды. Толығырақ.
Қырғызстанның коммерциялық емес ұйымдары Министрлер кабинеті төрағасы Ақылбек Жапаровқа 2022 жылғы 22 наурыздағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қырғызстан Республикасы Заңы талаптарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына қатысты шағымданды. КЕҰ-лар министрлер кабинетінің басшысынан коммерциялық емес ұйымдардың қаржылық ақпаратын жариялау туралы жаңа талап төңірегіндегі жағдайды шешуге жәрдемдесуін сұрайды. Толығырақ.
Бізбен бірге екеніңе рақмет!
Әзірше!
P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!