Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 21-28 қыркүйек 2020 ж.

29.09.2020 • 16:51

Қымбатты дос!

Бұл апта сен үшін табысты өтті деп үміттенемін.

Бүгін де менің дайджестімді оқып отырғаныңа қуаныштымын!

Жақын арада сендерге өте қызықты жаңа ойындарымызды ойнауға мүмкіндік береміз! QLEVER платформасындағы жаңалықтарды жіберіп алма!

Ал әзірге өткен аптада Орталық Азия елдерінде не болғанын айтып берейін.

 

Білім

Тәжікстан ел ішінде оқитын ауған студенттері үшін өз шекарасын ашады. Бұл туралы өткен аптада Ауғанстанның Душанбедегі елшісі Мұхаммед Зохир Агбар Ауғанстан елшілігінде «Шейіттер апталығын» атап өту рәсімінде мәлімдеді. Толығырақ сілтеме бойынша оқуға болады.

Түрікменстанның шығысында жоғары сынып оқушылары мақта теруге мәжбүрлі түрде бара бастады. Оқушыларды оқудан кім және неге бөліп отыр? Жауап сілтемеде.

19 қыркүйекте Нью-Йорктің Бруклин ауданында (АҚШ) Ziyo Art өзбек мектебі ашылды. Өзбекстанның Бас консулдығының хабарлауынша, мектеп 16 Avenue О, Brooklyn NY 11204 мекенжайында орналасқан. Мұнда өзбек тілі мен әдебиеті, этика, бейнелеу өнері, шахмат және математика пәндері оқытылады. Толық оқу үшін.

Өзбекстан президенті «Білім туралы» Заңға қол қойды. Онда білім беру түрлері мен оқыту формалары егжей-тегжейлі сипатталған, мемлекеттік органдардың өкілеттіктері нақтыланған және педагогтардың, білім алушылар мен ата-аналардың құқықтары бекітілген. Толығырақ.

АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) Қырғызстанның мыңнан астам мемлекеттік мектептері мен кітапханаларына 285 мың дана балалар кітабын табыстады. Өңірлік кітапханаларға қандай кітаптар жіберілгені арнайы сілтемеде.

Спорт және туризм

21 қыркүйек күні Футболдан Тәжікстан жасөспірімдер құрамасы (U-16) өзбекстандық құрдастарымен бірінші жолдастық кездесуде жеңіске жетті. Кездесу тәжік командасының пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды 38-минутта Хусрав Тоиров соқты. Толығырақ сілтемеде.

Қазақстан туралы «Travelstan» бейнеролигі Pacific Asia Tourism Association (Азия-Тынық мұхиты туристік қауымдастығы) онлайн-форматта өткізген PATA Gold Awards байқауында «Үздік тревел-видео» номинациясында жеңімпаз атанды. Толығырақ мына жерде.

Пандемия

Тәжікстанның кейбір университеттерінде студенттерден оқу орнының ішінде және одан тыс жерлерде қорғаныс маскасын міндетті түрде тағу және қашықтық сақтау туралы қолхат алынып жатыр. Тақпаған жағдайда оларға айыппұл салынады. Мақалаға сілтеме.

 IT

Интернет желісінде түрікмен тіліндегі мәтінді тексеруге арналған жаңа ресурс жарияланды. Толығырақ сілтеме бойынша.

Қырғызстанда Telegram желісінде KyrgyzMigrant.bot чат-боты іске қосылды, онда мигранттар жиі қойылатын сұрақтарға жедел жауап ала алады және тәжірибелі заңгерлер мен психологтардан кеңес ала алады. Чат қалай жұмыс істейтіні туралы мына жерден оқи аласыңдар.

Назарбаев Университетінің ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты қазақ тілін автоматты түрде танитын технологияны әзірледі. Бұл қазақ тілін жаһандық цифрлық кеңістікке белсенді енгізуге мүмкіндік береді, деп атап өтті университеттің баспасөз қызметі. Толығырақ.

 

Жаңалықтарды толық оқығаныңа рахмет!

Келесі аптада жолыққанша!

P.S. Командаға қолдау көрсет! Лүпіл басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.