Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 22-28 наурыз, 2021 жыл

30.03.2021 • 05:44

Қымбатты дос!

Назарыңа наурыздың соңғы аптасындағы жаңалықтар дайджесін ұсынамын. Орталық Азия елдерінің маңызды оқиғалары туралы оқып, біл.

Кеттік!

 

Білім

2021/2022 оқу жылынан бастап Өзбекстан университеттерінде жаңа пәндер оқытылады. Бұл мемлекет басшысының «Рухани-ағарту жұмыстары жүйесін түбегейлі жақсарту шаралары туралы» жарлығында қарастырылған. Атап айтқанда, рухани-ағарту, ғылыми және әлеуметтік тақырыптар бойынша ақпарат жинаумақсатында, соған байланысты мақалалар дайындау және тарату үшін, қоғам мүшелерінің озық пікірлерін, сондай-ақ осы саладағы идеологиялық процестер мен жаңашылдықтарды талдау үшін oyina.uz электрон порталы жасалып жатыр. Толығырақ.

Адам құқықтары

Қазақстанның Азаматтық кодексінде бөтен адамдардың бейнелерін таратуға рұқсат етілген жағдайларды нақтылауға ниетті. Сондай-ақ, жалпыға қолжетімді дереккөздерде жарияланған жеке деректерді пайдаланудың жолын кесуге бағытталған түзетулер ұсынылды. ҚР Азаматтық кодексінің өз суретін қорғау бөлімін ресейлік кодекске сәйкес келтіру жоспарланып жатыр. Толығырақ.

Әлеумет

Тәжікстанда, Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның барлық еліндегідей адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) дерегі өсіп жатыр. Бұл туралы осы жылдың 27 ақпанында қабылданған республикадағы АИТВ және ЖИТС індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық бағдарламада айтылды. Толығырақ.

Жексенбіде Түркімен билігі барлық аудандағы, қаладағы және елдімекендегі мемлекеттік қызметкерлерді, оқушыларды, студенттер мен сарбаздарды, сондай-ақ фермерлер қауымдастығын аумақтарды тазартуға және ағаш отырғызуға мәжбүр етті. Бағынбаса, жұмысшыларды жұмыстан шығарамыз деп, ал студенттер екінші жылға қалдырылады деп қорқытады. Толығырақ.

Түркіменстан үкіметі студенттер үшін жеңілдетілген айырбастауды жоюды әлі де қарастырып жатыр. Қазіргі уақытта елден тыс жерде жүрген түрікмен азаматтары білім алу үшін Түрікменстаннан елдің орталық банкінің бағамы бойынша ақша аударымын алуға құқылы. Бүгінде ақша аударымының мөлшері айына $50 аспайды. Толығырақ.

Қырғызстан мен Өзбекстан барлық даулы бағыт бойынша келісімге келді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Қамшыбек Ташиев мәлімдеді. Толығырақ.

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.