Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 23-30.08.2021 ж.

01.09.2021 • 06:45

Сәлем досым!

Офлайн оқыту жүйесі басталды-ау, әйтеуір!

Әрине, енді бұрынғыдай бомлайтыны рас: енді дәлізде жүгіріп, қоңырауда достарымызбен серуендей алмаймыз, буфетте бәліш алуға кезекке тұрмаймыз, кітапханада топырламаймыз... Мұның бәрі өткеннің еншісінде қалды.

Жаңа оқу жылында бәріміз санитар және эпидемиология талаптары мен нормасына бағынуымыз керек: маска тағып, арақашықтық сақтап, қолды жиі жуып, антисептик себу керек.

Мұндай шаралардан бәріміздің шаршағанымыз түсінікті, бірақ әрқайсымыз үшін, вирусты жеңу үшін оларды сақтауға тура келеді!

Өздеріңді сақтаңдар, жаңа оқу жылына сәттілік тілейміз!

Ал қазір өткен аптада еліміз бен Орталық Азиядағың көрші елдерде не болғанын білейік.

 

Білім

COVID-19 ауруынан қайтыс болғандар санының айтарлықтай өсуіне байланысты Түркіменстанда елдің жоғары оқу орындарында онлайн білім беруге көшу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ауызша ақпарат алған студенттер онлайн оқу 70 күнге созылатынын айтады. Түркіменстан үкіметі вирусқа қарсы шараларды күн сайын күшейтіп жатқанымен, елде COVID-19 тіркелгенін ресми түрде мойындамайды. Толығырақ.

2021/2022 оқу жылында Өзбекстанның жоғары оқу орындары жұмысын дәстүрлі форматта бастайды. Студенттерді онлайн білім беруге ауыстыру әзірше жоспарда жоқ. Жоғары және орта арнаулы білім министрлігінің баспасөз қызметі университеттерде бакалавриат пен магистратураның күндізгі оқу сабақтары 6 қыркүйекте басталатынын хабарлады. Толығырақ.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров оқушыларға халықаралық олимпиадаларға белсенді қатысқаны үшін, жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және білім саласындағы елеулі жетістіктері үшін алғыс білдірді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады. Толығырақ.

Қазақстанның алтыншы сынып оқушылары қолданыстағы музыка бағдарламасының орнына домбыра курсын таңдай алады. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Түркіменстанда мақта теру науқаны ресми түрде басталмаса да, қызу жүріп жатыр. Алдыңғы жылдардағыдай билік мақта терімінде мәжбүрлі еңбекті қолдануды жалғастырып жатыр. Мақта алқабына бюджет қызметкерлерін, мектеп оқушылары мен мерзімді қызметтегі солдаттар жіберіледі. Оған қоса, былтыр түркімен тоқыма саудагері АҚШ үкіметінен балалар мен мәжбүрлі еңбек арқылы өндірілетін тауарлар тізімінен түркімен мақтасын алып тастауды сұрағаны анықталды. Толығырақ.

 

Жастар

15 жасар оқушы тәжік жастарының шетелдің жоғары оқу орындарына түсуіне көмектесіп жатыр. Ол кішкентай кезінен бастап оқуда жетістікке жетіп, мектеп оқушыларына арналған түрлі халықаралық олимпиадаға қатысқан. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.