Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 2020 жылдың 23-30 қарашасы

01.12.2020 • 16:23

Сәлем!

Алақай! Жыл бітуіне тек бір ай қалды! Сәл шыдасақ, үйлер мерекелік көңіл-күйге толады...

Жаңа апта басталды, демек Орталық Азия елдерінде жаңа оқиғалар болды. Қане, көрейік!

 

Әлеумет

Өзбекстан Министрлер Кабинеті «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғауды одан әрі күшейту шаралары туралы» қаулы қабылдады. Енді елдегі жетім балалардыңжеке шығындарына қосымша қаражат бөлінеді. Толығырақ сілтеме бойынша.

Ресейдегі Өзбекстан елшілігі еңбек мигранттары мен ресейлік жұмыс берушілерге арналған uzjobs.ru электрон платформасын іске қосты. Елшіліктің баспасөз қызметі хабарлауынша, портал Ресей Федерациясы аумағында жүрген және ресейлік компанияларда, фирмалар мен кәсіпорындарда жұмыс істегісі келетін еңбек мигранттарын қолдау және оларға көмек беру қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленген. Сайтта ресейлік жұмыс берушілерден жұмыс шарттары мен жалақысы көрсетілген бос жұмыс орындары бар, бұл Ресейде қалған азаматтарға қолайлы жұмыс табуға мүмкіндік береді. Толығырақ мына жерде.

Тәжікстан мектеп оқушылары төрт тілдегі «Тысқары» деп аталатын Халықаралық тарих квестіне қатысты. Толығырақ мына жерде.

 

Адам құқығы

25 қарашада Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күні, мемлекеттік органдардың, БҰҰ мен Еуропалық Одақтың (ЕО) Тәжікстандағы өкілі бірлесіп «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» науқанын бастады, ол «Қызғылт сары күн» деп те аталатын. Шарада іс-қимылдың маңызы және отбасылар мен қоғамдастықтардағы диалог пен өзгерісті дамыту, жастарды, әлеуметтік медианы және азаматтық қоғамды гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және зиян стереотиптер мен әлеуметтік нормалармен күресуге, оған қоса, ер адамдарды тарту арқылы позитив баламаларды насихаттауға жұмылдыру сияқты негізгі мәселелер талқыланады. Толығырақ сілтеме бойынша.

Осындай науқан Қырғызстанда да басталды. БҰҰДБ бұл науқан әйелдерге және қыздарға қатысты зорлық-зомбылық туралы үнсіздікті жоюға және дискриминацияның барлық түрін тоқтату үшін ұжымдық күш-жігерді күшейтуге бағытталғанын мәлімдеді. Толығырақ сілтеме бойынша.

 

Жануарлар құқығы

Өзбекстанның Бас прокуратурасы жануарлардың өліміне әкеп соқтырған қатыгездік үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін Заңнама актілері әсерін бағалау жүйесі (ЗАӘБЖ) порталында жаңа заң жобасын жариялады. Қазіргі уақытта бұл үшін тек әкімшілік айыппұл қарастырылған. Толығырақ сілтеме бойынша.

 

IT және желідегі қауіпсіздік  

Мессенджерлерде әйел (мұғалім болуы мүмкін) ата-аналарға  танымал Among Us онлайн ойыны қауіпті екенін ескертіп, оны «Көк кит» жанжалды ойынымен салыстыратын видео таралып жатыр. Оқиғаның нақтылығы туралы толығырақ сілтемеде.

 

Пандемия

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік микробқа қарсы препараттарды дұрыс қолдану апталығы аясында «Дәрілік заттардың қауіпсіздігі» мобильді қосымшасын таныстырды. Толығырақ мына жерде.

Түркіменстанда  коронавирус пандемиясына байланысты жол қозғалысы шектеулері сақталады. Сонымен қатар, Лебап уәләятында билік тұрғындардың елордаға және елдің басқа аймақтарына сапарларына қосымша шектеулер енгізді. Ішкі саяхаттарға қажет сертификаттар саны да артты. Толығырақ мына жерде.

Қазақстанда 66 мектептен коронавирус инфекциясы анықталып, қазіргі уақытта олардың бәрі карантинге жабылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасы Айжан Есмағамбетова хабарлады. Толығырақ сілтемеден оқыңыз.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Апта сәтті болсын!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.