Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 23–30 мамыр, 2022 жыл

31.05.2022 • 16:27

Бәріңе сәлем!

Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар туралы дайджесті ұсынамын.

Кеттік!

 

Білім

Қазақстанда биыл 18-ші рет өткізіліп жатқан Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші аптасында 22 талапкер аудиторияға кіре алмады, тағы 21 талапкер тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланбақ болғаны үшін тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев хабарлады. Толығырақ.

Оқу жылы аяқталып қалды, онымен бірге мектеп басшылығының алдында тұрған міндеттер шиеленісе түсіп, оқушылар мен олардың ата-анасына қойылатын талаптар артты. Түркіменстан мектептерінде мектеп жөндеуге ақша жинау жұмыстары қызып жатыр. Батыс өңірдегі жағдайды баяндаған Азатлық тілшілері барлық дерлік мектеп оқушысы каникулға дейін мектепке 200-600 манат көлемінде ақша аударуға міндеттелетінін айтады. Сома оқу орнының шешіміне байланысты өзгереді. Толығырақ.

Душанбе мектептерінің көптеген түлегі үшін соңғы қоңырау соғылды. «Азия-Плюс» редакциясы астаналық түлектер кім болғысы келетінін және қайда түскісі келетінін білуді жөн көрді. Балалар арасында АҚШ университеттеріне бюджеттік негізде оқуға түскендер де бар. Толығырақ.

1 маусымнан бастап Тәжікстанның барлық орта мектебінде оқу жылы ресми түрде аяқталады: осымен нешінші рет «соңғы қоңыраусыз» және тіпті салтанатты линейкасыз. Толығырақ.

Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Еділ Байсалов Қырғызстан 12 жылдық білім беруге көшуге дайын деп есептейді. Бұл туралы ол бүгін, 30 мамырда Жогорку Кенештің әлеуметтік саясат комитеті отырысында айтты. Толығырақ.

Бішкек қалалық кеңесінің (Қырғызстан) депутаты Эльнура Дүйшекеева мектеп бағдарламасына digital-маркетинг пәнін енгізуді ұсынады. Ол бұл ұсынысын БМК-ның кезекті сессиясында жариялады. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Әйелдерге бұрын-соңды болмаған қысым көрсету және олардың жеке өміріне араласу аясында Түркіменстандағы қоғамдық ұйымдар елдегі гендер теңдігін ілгерілету жоспарын талқылап жатыр. Түркіменстандағы әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою жоспарын әзірлеуді талқылауда үкіметтің қамқорлығымен жұмыс істейтін ұйымдар бар.

Толығырақ.

Түркіменстандағы сұлулық салондары билік кейбір сұлулық процедурасы мен шаш үлгісіне тыйым салғаннан кейін жасырын жұмыс істей бастады. Нәтижесінде шаштараздар, маникюр жасайтындар мен косметологтар жабық есіктің артында немесе үйде тыйым салынған қызметтерді ұсынады. Түркіменстандағы көптеген сұлулық салоны авторитар үкіметтің жалған кірпік пен акрил тырнақ сияқты саланың кейбір сән трендтеріне тыйым салғанын елемей, тұтынушыларына жасырын түрде тыйым салынған қызметтерді ұсынып жатыр, дейді Ашхабад тұрғыны. Толығырақ.

Өзбекстанда жастарға теріс әсер ететін ақпарат таратқан БАҚ пен Telegram арналарын әкімшілік жауапкершілікке тарту ұсынылды. Бұл туралы Өзбекстанның Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің (AБКА) директоры Асаджон Хожаев мәлімдеді, деп хабарлайды Nova24.uz. Кейінгі 2 жылда бұқаралық ақпарат құралдары мен түрлі арналарда өшпенділік пен діни араздықты қоздыратын 18 мыңнан астам хабарлама тараған. Асаджон Хожаевтың айтуынша, AБКА ақпарат таратушыларға ескерту жасағанымен, оларға әкімшілік жаза қолданылмағандықтан, жағымсыз хабарламалар әлі де өтіп жатыр. Толығырақ.

 

Әлеумет

27 мамырда АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) Қарақалпақстан Республикасындағы ауыл әйелдері мен қыздары үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) бойынша «IT Women – Karakalpakstan» кешенді оқыту бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама әйелдерге жұмысқа орналасу мүмкіндіктерінің кең ауқымын пайдалануға және өз бизнесін ашуға мүмкіндік беретін негізгі АКТ дағдыларын оқытуды қарастырады. Толығырақ.

Қарақалпақстандық Бекназар Әбдікамалов пен Азиз Мұртазаев оңтүстіккореялық серіктесі Джастин Киммен бірге Ami психикалық денсаулық стартабын іске қосу үшін Meta (Facebook) компаниясының грантын жеңіп алды. Инвестиция көлемі $3 млн деп хабарлады Ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрлігі. Жобаға психикалық денсаулық сақтауды пайдалануға көмектесетін онлайн кеңес беру сессиялар кіреді. Бұл Азия елдеріндегі бизнес иелеріне қызметкерлердің психикалық денсаулығын жақсарту үшін осы бағдарламалық құралды енгізуге мүмкіндік береді. Толығырақ.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің жарлығымен 2022-2030 жылдарға арналған халықты әлеуметтік қорғау ұлттық стратегиясы бекітіледі деп жоспарланып жатыр. Құжатты Қаржы министрлігі әзірлеп, 3 маусымға дейін сайтта қоғамдық талқылау үшін жарияланады, деп жазады Sputnik. Азаматтарды жазатайым оқиғалардан, жұмыс орнынан айырылудан және басқа да қаржылық шығындардан қорғау үшін Әлеуметтік сақтандыру қоры құрылады. Толығырақ.

 

Технология

Автокөлік иелерінің тіркелу деректерін пайдаланатын интернетке қосылған көліктерге арналған мобильді қосымшалардың жартысынан көбі құпиялыққа төнуі мүмкін қауіп туралы ескертпейді, деп хабарлайды Қазақстандағы Касперский зертханасының баспасөз қызметі. Эксперттер интернетке қосылған көліктерге арналған үшінші тараптың 69 мобильді қосымшасын талдап, мұндай қосымшалардың 58%-і құпиялыққа төнуі мүмкін қауіп туралы ескертпейтінін анықтады. Үшінші тарап қосымшалары жиі басқаратын автомобиль маркаларының бестігіне Tesla, Nissan, Renault, Ford және Volkswagen кіреді. Толығырақ.

 

Экология

Канн кинофестивалінің баламалы бағдарламасы аясында 21 мамырда ресейлік және француз режиссерлары Лина Цримова мен Денис Гербранның «Холм» деректі фильмі премьерасы өтті. Бішкек маңындағы полигонда түсірілген фильм қоқыс алаңында жұмыс істейтін бірнеше адамның тағдыры мен күнделікті өмірі туралы баяндайды. Фильм экология мен әлеуметтік теңсіздік туралы ғана емес, онда саяси реңктер мен авторлардың өткені мен бүгінін қайта қарау қажеттігі туралы ойлар баяндалады. Фильм авторларының бірі – Лина Цримова фильм көрсетілімінен кейін Украинадағы соғысты айыптайтын мәлімдеме жасады. Азаттық тілшісіне берген сұхбатында ол фильм туралы айтып, Ресейдің посткеңес кеңістігіндегі және «шеттегі» саясаты туралы әңгімеледі. Режиссер мұны жақсы біледі, өйткені ол Кавказда, Кабардин-Балқар Республикасында дүниеге келген және жас кезінде журналист болғысы келген. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.