Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 24-31 қаңтар, 2022 жыл

02.02.2022 • 10:06

Бәріңе сәлем!

Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар туралы дайджесті ұсынамын.

Кеттік!

 

Білім

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің төрағалығымен мектептегі білім беруді дамыту мәселелеріне арналған видеоконференция өтті. Бұдан былай мектептер белсенділердің, ата-аналар мен жұртшылықтың бақылауында салынып, пайдалануға беріледі, деп хабарлады мемлекет басшысының сөзіне сілтеме жасаған баспасөз хатшысы Шерзод Асадов. Шавкат Мирзиеев мектептегі білім беру жүйесіндегі кемшіліктер мен проблемаларды тізіп шықты. Бүгінгі таңда республика бойынша 1 695 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді, 179 мектеп әлі салынып жатыр, 3 мыңнан астам мектепті салып бітіру керек. Оған қоса, жаңа тұрғын аудандардың салынуына, ауыл инфрақұрылымының кеңеюіне және халық санының өсуіне байланысты тағы 270 мектеп салу қажет. Толығырақ.

28 қаңтарда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің төрағалығымен мектептегі білім беруді дамыту мәселелеріне арналған видеоконференция өтті. Жиында Халық ағарту министрінің қоры құрылып, оған бірінші кезеңде бюджеттен 300 миллиард сум түсетіні айтылды. Қор қаражаты озық педагогикалық технологияларды енгізетін мұғалімдер мен жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларды ынталандыруға бағытталады. Әр облыста педагогикалық институттардың, жоғары оқу орындарының, академиялық лицейлердің және мамандандырылған мектептердің оқытушыларынан тұратын «мобильді әдістемелік топтар» құрылады. Олар білім сапасы төмен мектептерді аралап, мұғалімдерге түсіндіріп, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруге көмектеседі. Бұл үшін олардың жалақысына үстемақы қосылады. Толығырақ.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша қазақстандықтарды дайындайтын жоғары оқу орындарының тізіміне Мәскеу мемлекеттік университеті, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті және Мәскеу мен Санкт-Петербургтің басқа да жетекші университеттері кірді.

Ресейдің үздік техникалық жоғары оқу орындары «Болашақ» бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайтын шетелдік жоғары оқу орындарының тізіміне енді, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.

Енді қазақстандықтар Николай Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінде, "МИФИ" Ұлттық зерттеу ядролық университетінде, Михаил Васильевич Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде және Мәскеу физика-техникалық институтында білім ала алады. Толығырақ.

Педагогика бағытындағы Қазақстан студенттері 58 мың теңгеден аса, ал басқа салаларда оқитындар, шамамен 37 мың теңге ала бастайды. 1 қыркүйектен бастап қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттерінің шәкіртақысы 20%-ке, ал магистранттар мен докторанттардыкі 15%-ке көтеріледі, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Толығырақ.

Бішкекте (Қырғызстан) мектеп оқушылары үшін қоғамдық көлікте жүру ақысын төмендету ұсынылып жатыр. Бұл ұсынысты Бішкек қалалық кеңесіндегі «Ынтымақ» фракциясының жетекшісі Қазыбек Эргешов айтты. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, отын-энергетика кешені, көлік, байланыс және экология мәселелері жөніндегі БГК комиссиясында ол азаматтардың көптеген отбасы жол ақысына шағымданатынын жеткізгенін айтты. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Түркіменстан билігі Түркімен мемлекеттік сәулет-құрылыс институты студенттерінің телефонын тексеріп жатыр. Студенттерді Азатлык радиосы сайтына және басқа да тыйым салынған басылымдар мен әлеуметтік желілерге кіргені үшін оқудан шығарамыз деп қорқытып, Ұлттық қауіпсіздік министрлігімен ынтымақтасуға мәжбүрлеп отыр. Бұл жағдайды Азатлык  радиосы тілшісіне университет студенттері айтып берді.

Тілшіміздің хабарлауынша, телефондар 21 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік министрлігі қызметкерлері, оқу орны басшылығы мен ұстаздарының қатысуымен тексерілген. Олар аудиторияларға ескертусіз кіріп, студенттердің телефонын алып кеткен. Толығырақ.

Ресейге тұрақты қоныс аударуды жоспарлап жүрген қос азаматтығы бар түркімен азаматтары түрлі қиындыққа тап болып жатыр. Түркіменстан билігі елден кетіп жатқан отандастарынан Түркіменстан азаматтығынан бас тартуды талап етіп отыр. Қос азаматтығы бар түркімен азаматтары Азатлык радиосының Ашхабадтағы тілшісіне билік тарапынан туындаған қиындықтар туралы айтып берді.

«Түркіменстан билігі Ресейге тұрақты тұруға көшіп жатқан түркімен азаматтарының көпшілігінен Түркіменстан азаматтығынан бас тартуды талап етіп отыр. Құзырлы органдар ауызша талап қоюдың себебін түсіндірмеді. Көбі елден кету үшін олардың айтқанына көніп, азаматтықтан бас тартуға мәжбүр», – деді 24 қаңтарда тілшімізге қос азаматтығы бар Ашхабад тұрғыны. Толығырақ.

Түркіменстан билігі азаматтардың ақпарат бостандығы құқығын шектеп, елден тыс жерде тұратын түркімен белсенділеріне қарсы қаралау науқанын күшейтіп жатыр. Мары уелаятында билік жастармен жұмыс істеуге ақсақалдарды қатыстырып жатыр. Олар жастарды интернеттен үкіметке қарсы наразылықтарды бақылаған құрдастарын айыптауға шақырады. Бұл туралы Марыдағы Азатлык радиосының тілшісі хабарлайды.

Тілшіміз Мары қаласындағы жоғары класс оқушылары мен студенттерге сілтеме жасай отырып, мектептегі, орта арнаулы және жоғары оқу орындарындағы кездесулерде ақсақалдар мен молдалар жастармен түсіндірме әңгіме жүргізіп жатқанын хабарлайды. Толығырақ.

Өзбекстанның Стамбулдағы Бас консулдығы мен Түркиядағы өзбек әйелдерінің құқығын қорғау мақсатында құрылған Өзбекстан әйелдерінің құқықтарын қорғау қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды «Дунё» ақпарат агенттігі. Ынтымақтастық нәтижесінде қысқа мерзімде белсенді азаматтарымыздың қолдауымен 30-дан астам әйел атаулы көмекке ие болды. Толығырақ.

 

Жануарлар құқығы

2 күн ішінде Ашхабадта (Түркіменстан) ондаған ит ұсталып, атылды. Азатлык тілшілері мен Ашхабадтағы жануарлар құқығын қорғаушылардың хабарлауынша, аулау қызметтері өз жоспарын орындап, кей жағдайда жануарларды иесінен тартып алып жатыр. Ашхабадтағы үй жануарларын жоюдың келесі толқыны биліктің Халк Маслахаты жиналысына дайындықтың басталуымен тұспа-тұс келді.

Ашхабадта қаңғыбас жануарларды аулаумен айналысатын құрылымдардағы дереккөздің хабарлауынша, жоспар бойынша 50 ит жеткізілуі керек. Көшеде ұсталған жануарлар Ашхабадтың шетіндегі қоқыс өңдейтін зауыт аумағындағы ангарда орналасқан қабылдағышқа жеткізіледі. Толығырақ.

 

Әлеумет

Түркіменстандағы азық-түлік дағдарысы ушыға түсті. Коммерциялық бағалардың өсуімен бірге субсидияланатын бағалар жойылды, оның үстіне қазір субсидияланатын өнім атын жамылып халыққа нарық бағасынан жоғары бағадағы тауарлар ұсынылуып жатыр. Ал нан мен ұнды да сатып ала алмай жүрген отбасылардың қатары артып келеді. Ашхабад тұрғындары тағы бір азық-түлікке ие болды, оның бағасы бұрынғысынан тағы да жоғары болып шықты. Мемлекет субсидиялайтын бағамен ұсынылатын өнім жиынтығы бұл жолы тіпті нарық бағасынан да айтарлықтай қымбат болып шықты. Толығырақ.

2022 жыл «Арқадағы бар халық дәуірі» деп жарияланғаннан кейін Түркіменстан билігі бұл ұранды шындап насихаттай бастады. Салық қызметі мен полиция қызметкерлері бүгінде Лебап уелаятындағы жеке дүкендер мен базарларда рейд жүргізіп жүр. Сауда орындары иелеріне жергілікті жерде өндірілген тауарларға «Арқадағы бар халық дәуірі» деген жазуы бар арнайы белгілерді жапсыру міндеттеліп жатыр.

Азатлык радиосының Лебаптағы тілшісінің хабарлауынша, жеке дүкендерге барған салық қызметкерлері мен полиция қызметкерлері сөреден мұндай жазудағы жапсырмасы жоқ тауарларды алып тастауды талап етеді. Толығырақ.

Тәжікстанның мемлекеттік қызметкерлері кірісі мен мүлкі туралы декларация тапсыра бастады. Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің кейінгі мәліметі бойынша, республикада осындай 20 мыңға жуық адам бар.

Республиканың қолданыстағы заңнамасы бойынша мемлекеттік қызметкерер 1 сәуірден кешіктірмей (есепті жылдан кейінгі) жергілікті салық органдарына табыс салығы бойынша декларацияны және мүліктің жай-күйі туралы декларацияны тапсыруға тиіс. Толығырақ.

2021 жылы Өзбекстан Transparency International ұйымының сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде алты орынға көтерілді (2020 жылмен салыстырғанда). Бұл туралы UzNews жазды.

Өзбекстан 100-ден 28 ұпай жинап, 180-нің ішінен 140-орынға тұрақтады. Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстан ең жақсы көрсеткішке ие – 102-ші орын (37 ұпай). Қырғызстан 27 ұпаймен 144-орын, Тәжікстан 25 ұпаймен 150-ші, Түркіменстан 19 ұпаймен 169-орын алды. Рейтингінің көш басында Дания, Финляндия және Жаңа Зеландия (88 ұпайдан), одан кейін Норвегия, Сингапур және Швеция (85 ұпайдан) тұр. Рейтингіні 11 ұпаймен Оңтүстік Судан аяқтап тұр. Толығырақ.

 

Технология

Тәжік сегментіндегі ең танымал мобайл қолданбалар анықталды. Рейтинг 2021 жылы Android және iOS платформаларындағы жүктеп алу санына негізделген*.

Әрбір платформаның өз көшбасшылар тақтасы бар. Сонымен, «андроид» смартфондарының иесі арасында екіншіден бесіншіге дейінгі орындарды «Expresspay», «Somon Объявления», «AlifMobi» және «Эсхата Online» компаниялары иеленді. iOS-тың ТОП-5-і мынадай: «Somon Объявления», «DC Wallet», «Alif Mobi», «Formulla 55». «МегаФон Life» екі рейтингтің де көшбасшысы болды. Толығырақ.

Словакиялық Klein Vision компаниясы өзінің AirCar көлігін сынақтан сәтті өткізіп, ел билігінен ұшуға рұқсат беретін ресми сертификат алды. Бұл туралы CarScoops хабарлады. Алғашқы шынымен жұмыс істейтін әуе көлігін жасау үшін жасаушылардың 2 жылға жуық уақыты мен сонша миллион еуросы кетті. AirCar алғашқы рейсін 2020 жылы жасады. Ұшатын көліктің ұшуына ресми лицензия алу үшін 70 сағаттан астам сынақ қажет болды. Ал енді жаппай өндірістің ауылы да алыс емес. Толығырақ.

25 қаңтарда Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан тұрғындары бірнеше сағат бойы жарықсыз қалды. Мұның себебін әлі анықтау керек. Ал оған дейін Kaktus.media редакциясы үш елдің үкіметінің дағдарысқа қатысты пікірін көруді ұсынады. Толығырақ.

 

Экология

Монреаль хаттамасының Кигали түзетуі контекстінде озон қабатын және жаһандық климат жүйесін қорғау тақырыбын қарастырамыз. Озон қабаты – Жерді күн сәулесінің зиян спектрінен қорғайтын және планетадағы тіршіліктің сақталуына ықпал ететін жұқа газ қалқаны. Ол жер бетінен 10-50 км биікте тұр. Бұл қабат жұқарып кетсе, ол бүкіл биосфераға, барлық тіршілік иелеріне қауіпті болады. Ультракүлгін сәулелерінің әсерінен адамда тері қатерлі ісігі, соқыр боп қалу және басқа да аурулар пайда болуы мүмкін.

Бірегей табиғи-климаттық жағдайы бар Тәжікстан Республикасының Орталық Азиядағы орны ерекше. Республика табиғи ресурстарға бай. Тәжікстан теңіз деңгейінен 300-ден 7 495 м биіктікте орналасқан. Тәжікстан аумағының 93%-ін таулар алып жатыр, ал халықтың едәуір бөлігі жазық жерлерге қарағанда зиян ультракүлгін сәулелену дозасы әлдеқайда жоғары биік таулы аймақтарда тұрады. Сондықтан тау жоталарының жағдайы оларды қорғаудың ең өзекті мәселесіне айналып отыр. Өйткені белгіленген баланстың кез келген өзгеруі аймақ үшін ғана емес, кең Еуразиялық субконтинент үшін де апатты зардаптарға әкелуі мүмкін. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екенің рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.