Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 25.01 - 01.02.2021 ж.

02.02.2021 • 07:31

Қымбатты дос!

Апта қалай өтті? Байқасаң, уақыт өткен сайын күн жылып келеді, демек көктем жақындап қалды! Алақай! Бір айдан соң-ақ салқын ауа райы бітеді...

Саған өткен аптада Орталық Азия елдерінде не болғаны туралы айтып берейін.

Кеттік!

 

Білім

Тәжікстандағы жыл мұғалімі өз студенттеріне дәрігер болуға көмектеседі. Азизбектің айтуынша, мұғалім болу оның бала күндегі арманы болғанымен, оның мүлде басқа мамандық таңдай алатын кезі болған. Толығырақ сілтеме бойынша.

Tajrupt.ai Тәжікстандағы алғашқы жасанды интеллект академиясын (AI Academy) іске қосады, онда мектеп оқушылары мен студенттерге жасанды интеллект және деректерді талдау саласы үйретіледі және дайындалады. Осыдан кейін перспективалы мамандар Тәжікстанның жетекші компанияларында ақылы тағылымдамадан өтеді. Толығырақ мына жерде.

«Өзбеккино» ұлттық агенттігі Өзбекстанның Мемлекеттік өнер және мәдениет институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді Өзбекстан студенттері «Өзбеккино» жобаларына қатыса алады. Толығырақ сілтеме бойынша.

Түркіменстанның шығыс аймағындағы жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың адамгершілік тәрбиесіне қатысты іс-шаралар күшейе түсті. Мектептерде білім беру басқармасы, полиция және әйелдер кеңесі өкілдері қатысуымен кездесулер өткізіліп жатыр. Шенеуніктердің пікірінше, әлеуметтік желілер мен шетелдік теледидар оқушылардың адамгершілік қасиетіне кері әсер етеді. Толығырақ мына жерде.

2021 жылы Ресей Өзбекстаннан студенттер қабылдау квотасын едәуір арттырды. 405 өзбек азаматы Ресейдің жоғары оқу орындарында тегін білім ала алады. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Түркіменстанның Ұлттық қауіпсіздік министрлігі ағылшын тілін жетік білетін студенттерді биыл Ашхабадта өтетін халықаралық спорт шараларына дайындап жатыр. Толығырақ мына жерде.

 

Адам құқықтары

Медиа Полис институты сарапшылары Қылмыстық кодекске түзетулер енгізуді ұсынады. Атап айтқанда, «Нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе аймақаралық араздықты (алауыздықты) қоздыру» туралы 313-бапқа өзгерту енгізу керек дейді. Заңгер Акмат Алагушев пікірінше, адам бұл бап бойынша жауапқа бірінші рет тартылса, оның әрекеті теріс қылық ретінде танылатындай етіп өзгерту енгізу қажет. Толығырақ мына жерде.

БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Тәжікстан Төтенше жағдайлар комитетімен бірлесіп, республикада алғашқы Қауіпті қатерлерді бағалау жалпыұлттық платформасын іске қосты. Платформа мүдделі тараптардың, қатерді бағалаушылардың және шешім қабылдаушылардың ландшафтық жоспарлауды жақсарту үшін визуал қатерді талдау құралы ретінде пайдалануға арналған. Толық ақпарат сілтемеде.

Түркіменстанда полиция мен қауіпсіздік күштері ислам дәстүрін ұстанатын азаматтарды қудалап, оларды арақ ішуге және сақал-мұртын қыруға мәжбүрлеу шараларын күшейтіп жатыр. Азатлык радиосы тілшілері рейд жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын, бірақ қазір қауіпсіздік күштері дінге сенетін азаматтарды анықтау үшін жансыздарды белсенді қолданып жатқанын хабарлады. Толығырақ сілтеме бойынша.

 

Әлеумет

Латынша қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысында таныстырылды, деп хабарлайды Қазақстан үкіметінде. Толығырақ сілтемеде.

5 жасар тәжік қызы Екатеринбургтегі балабақшада достық фестивалі бастамашысы болды. Ресей Федерациясы Екатеринбург қаласы Киров ауданының №208 балабақшасында «Мәңгілік достық –балабақшадағы Тәжікстанның Ұлттық күні» деп аталатын тәжік-орыс достық фестивалі өтті. Толығырақ мына жерде.

Өзбекстанда биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап барлық типтегі ай сайынғы жолда жүру билеті (оқушылар, студенттер, зейнеткерлер және жалпыға ортақ) сатылымға шығарылмайды. Толығырақ мына жерде.

Transparency International халықаралық ұйымының 2020 жылға арналған әлемдік сыбайлас жемқорлыққа қатысты жаңа есебінде Түркіменстан 180 елдің ішінде 165-орынға ие болды. Түркіменстан 100-ден 16 ұпай жинап, сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша «Шығыс Еуропа мен Орталық Азия» аймағында бірінші орында тұр. Толығырақ сілтеме бойынша.

 

Пандемия

Түркіменстанда «Вектор» мемлекеттік вирусология және биотехнология ғылыми орталығы жасаған Ресейдің екінші вакцинасы тіркелді. Толығырақ мына жерде.

Бүгін (1 ақпан) Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік өндірісте Sputnik V вакцинасын егу басталады. Толығырақ мына жерде.

Шетелге оқуға баратын түрікмен студенттеріне сол елдерде қолданылатын вакцинаға сәйкес коронавирусқа қарсы вакцина егіледі. 28 қаңтарда Президент Гурбангулы Бердімұхамедов видеоконференция кезінде Түркіменстанның Денсаулық сақтау және медициналық өнеркәсіп министрі Нұрмұхаммет Аманнепесовке тиіс тапсырмалар берді. Толығырақ мына жерде.

 

Экология

World Air Quality әлемдегі ең ірі қалалар рейтингісінде Бішкек бірінші орында тұр. 8.30-да қала мәртебесі «қауіпті» (hazardous) деп белгіленді. Ауа сапасының индексі, сайт бойынша - 497 (AQI). Толығырақ сілтемеде.

Қырғызстанда 18 жасқа дейінгі жастардың 62 проценті климаттың өзгеруі шұғыл шараларды қажет ететін жаһандық проблема деп санайды. Сауалнама бойынша, «Климат мәселелері бойынша халықтық дауыс беру» нәтижесі бүгін шықты. 50 ел мен әлем халқының жартысынан көбін қамтыған зерттеуге 18 жасқа дейінгі жарты миллионнан астам адам, соның ішінде қырғызстандықтар да қатысты. Толығырақ мына жерде.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк бас, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.