Бәріңе сәлем!
Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар туралы дайджесті ұсынамын.
Кеттік!
Білім және ғылым
Kaktus.media редакциясы Қырғызстандағы білім туралы заң жобасына түзетулер енгізіліп жатқанын хабарлады. Талқылауға барынша көп адам қатысуы үшін негіздеме анықтамасын және заң жобасының өзін жариялап жатырмыз. Толығырақ.
Kaktus.media еліміздегі алғашқы IT-мектеп «Келечек MIT»-пен бірлесіп жекеменшік мектеп таңдау кезінде қойылатын сұрақтар тізімін әзірледі. Толығырақ.
Kaktus.media редакциясы Қырғызстанда 12 жылдық білім беруді енгізу ықтималдығы – талқыланатын маңызды тақырып екенін анықтады. Бұл 2023 жылы мектеп табалдырығын аттағалы отырған балалардың ата-анасын ерекше толғандырды. Толығырақ.
Әлеумет
COVID-пен күрес жөніндегі жедел штаб отырысы қорытындысы бойынша Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен құзырлы органдарына 2022 жылғы 1 мамырдан бастап теріс ПТР тесті немесе коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу туралы сертификаттың болуы міндетті талабын жоюды тапсырды, деп хабарлайды АКИpress. Толығырақ.
Тәжікстан президенті 28 сәуірде Хатлон облысының Даңғара ауданына жұмыс сапарымен барды. Онда бірқатар объектінің ашылуына қатысты деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Толығырақ.
Адам құқығы
Жеке тұрғын үй құрылысын салуға арналған 10 сотық жер алуға кезекте 1,5 миллиондай қазақстандық тұр. ЖТҚ-ға арналған жерлерді тек 18,5 мың азамат алған. Неге сонша аз? Бұл туралы 31 арнадағы «Информбюро» бағдарламасына жер дауы бойынша заңгер Бақытжан Базарбек айтып берді. Толығырақ.
Түркіменстан билігі халықты косметикалық қызметтерден бас тартуға мәжбүрлеу және олардың сыртқы түрін тартымды ету тәсілдерін қолдану бойынша жүргізіп жатқан жаппай шара кезінде әйел тұрғындардан жазбаша қолхат беру талап етеді. Болып жатқан жағдайлар туралы Азатлык тілшілері хабарлады. Толығырақ.
Қазақстан президенті Конституциялық кеңеске елдің негізгі заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын енгізді. Бұл түзетулер ел халқына жолдауда айтылған саяси бастамаларды жүзеге асыру үшін қажет. Олар қандай нормаларды өзгерткісі келетінін және бұл Қазақстан халқына не беретінін айтамыз.Толығырақ.
Олий Мажлис Сенатында әйелдер құқығын қорғау және кәмелетке толмағандарға қатысты әдепсіз әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілікті одан әрі күшейту мақсатында жұмыс тобы құрылды. Мұндай шешім 26 сәуірде Олий Мажлис Сенатының төрайымы Танзила Нарбаеваның басышылығымен өткен отырыста қабылданды, деп жазады парламенттің жоғарғы палатасының баспасөз қызметі. Толығырақ.
Экология
Еуропалық Одақтың (ЕО), ЕО-ға мүше мемлекеттердің және Өзбекстанның мемлекеттік мекемелерінің 30 өкілінен тұратын делегация ресми сапармен Қарақалпақстан Республикасына және ЕО-ның Арал өңірін қолдау жөніндегі міндеттемелері шеңберінде БҰҰ-ның адам қауіпсіздігі жөніндегі көп Серіктестік траст қорының жергілікті жобалық аумақтарына барды. Бұл туралы Anchor.uz делегацияның баспасөз қызметі хабарлады. Толығырақ.
Мәдениет және спорт
5-8 мамыр аралығында М.В.Фрунзе мұражайында әскери техниканың плакат үлгілері тарихи-техникалық көрмесі өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ол Ұлы Отан соғысындағы ерлікті еске алуға арналған. Толығырақ.
Бізбен бірге екеніңе рақмет!
Әзірше!
P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!
* Дайджесті жазуға оқу практикасы аясында Алуа Сәтбекова көмектесті