Думан Смақовтан дайджест: 25-31 шілде, 2022 жыл
Бәріңе сәлем!
Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар дайджесін ұсынамын.
Кеттік!
Білім
Өзбекстанның екі облысында ана тілі мен математика бойынша жаңа оқулықтар енгізіліп жатыр. Бүгін АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) Өзбекстанның Халық білім беру министрлігіне мұғалімдерге арналған 500 мыңға жуық жаңа заманауи оқулық пен әдістемелік құралды сыйға тартты. Оқу материалдары 1-4-кластарда ана тілі мен оқу сауаттылығын және математика оқыту кезінде қолданылады. Кітаптар USAID-пен, Халық білім беру министрлігімен және Республикалық білім беру орталығымен серіктестікте әзірленген. 2022-2023 оқу жылында Наманган және Сырдария облыстарындағы 919 мемлекеттік мектепте жаңа оқу-әдістемелік кешен сынақтан өтеді. Толығырақ.
Өзбекстанда 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен бірыңғай мектеп формасы енгізіледі. Жаңа оқу жылынан бастап бірыңғай мектеп формасын кию міндетті болмайды. Бейімделу процесі біраз уақыт алатынын ескерсек, бірыңғай мектеп формасы 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен енгізіледі. Бұл туралы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінде өткен брифингіде Халық білім беру министрі Бахтиер Саидов мәлім етті. Толығырақ.
Тәжікстанның жоғары оқу орындарына 58 мыңға жуық талапкер түсті. Шілденің 25-і күні Тәжікстанның Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) елдің жоғары оқу орындарына орталықтандырылған түсу емтихандарының алдын ала қорытындысын шығарды. Толығырақ.
Надира Жүсіпбекова Қырғызстанның Білім беру министрлігі қандай мектеп формасын ұсынатынын айтты. Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларының ата-анасына классикалық форма алуды ұсынады. Бұл туралы 25 шілдеде мемлекеттік органдардың бірінші жартыжылдықтағы жұмысы қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлады министрдің орынбасары Надира Жүсіпбекова. Толығырақ.
Алматыда мектеп оқушыларына бірыңғай мектеп формасы енгізіледі. Қалалық білім бөлімі жаңа оқу жылында мектеп формасы қандай болуы керек екенін айтты. Толығырақ.
Қазақстан оқушылары халықаралық олимпиадаларда 21 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынында үш алтын, 13 күміс бар. Толығырақ.
Қазақстан студенттері ғылыми жұмыс қорғамай-ақ диплом ала алады. Енді студент диплом жұмысын жазудың орнына өзінің жүзеге асырылып жатқан жобасын немесе өнертабысын ұсына алады. Толығырақ.
Адам құқықтары
Қырғызстанда 100 мыңнан астам баланың ата-анасы миграцияда. Қырғызстанда ата-анасы еңбек миграциясында жүрген 100 мың 174 бала бар екені анықталды. Оның ішінде кәмелетке толмаған 79 мың 805 баланың әке-шешесі елден тыс жерде жүр. Толығырақ.
Қазақстан билігі әлеуметтік желілерді бақылау үшін жаңа өкілеттіктер алды. Оның ішінде «терроризмді қаржыландыру қаупі» мониторингі бар. Қазақстан үкіметі Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігіне жаңа өкілеттіктер, соның ішінде мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің жұмысын шектеуге болатын өкілеттік беру туралы қаулыға қол қойды. Толығырақ.
CPJ Тәжікстан билігін журналист Анора Саркороваға қысым жасауды доғаруға шақырды. Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) тәжік билігін тәуелсіз тәжік журналисі Анора Саркороваға қысым жасауды доғаруға және елдегі оқиғаларды еркін хабаралауға кедергі жасамауға шақырды. CPJ 29 маусымда таратқан мәлімдемеде журналистің ақпарат көзін әшкерелеу үшін Анора Саркорованың туыстарын ұстау Таулы Бадахшан автономиялық облысындағы оқиғалар туралы тәуелсіз ақпарат беруге жол бермеу әрекеті ретінде бағаланады. Толығырақ.
Тәжікстанның Дін істері комитеті былай деді: «Біз қамауға алынған журналистердің ісі бойынша сараптама жүргізген жоқпыз». Дін істері, дәстүрлерді, мерекелер мен рәсімдерді реттеу комитеті көбіне экстремизм немесе елде тыйым салынған партиялармен және ағымдармен ынтымақтастық жасады деген күдікке ілінген тәжік журналистерінің ұсталуына байланысты олардың діни сараптамадан өтпегенін мәлімдеді. Толығырақ.
«Шекарасыз репортерлар» ұйымы Тәжікстанды қамауға алынған журналистерді дереу босатуға шақырды. «Шекарасыз репортерлар» (RSF) ұйымы Тәжікстанда төрт тәуелсіз журналистің ұсталуын журналистерді экстремист ұйымдармен байланысы бар деген «жалған» айыппен қудалау деп атады. Толығырақ.
«Есірткіге қарағанда тиімдірек». Қырғызстан азаматтары құлдыққа қалай түсіп жатыр? Адам саудасының құрбаны болудан ешкім қорғалмаған. Адам саудасы – көші-қон деңгейінің жоғары болуына байланысты Қырғызстанда өзекті болып отырған құлдықтың заманауи түрі. Эксперттер мұндай қылмыстарды анықтау және зардап шеккендермен жұмыс істеу өте қиын екенін айтады. Толығырақ.
Әлеумет
Макулатура тапсырдың екен, демек жануарларға көмектестің: Нұр-Сұлтанда «Добрые лапы» акциясы басталды. Акцияны Қазақстанның барлық қаласында өткізу жоспарланып отыр. Толығырақ.
Қазақстан азаматтарының мемлекеттік ведомстволар жұмысына көңілі толмайды. Тұрғындар салыстырмалы түрде жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметі жұмысының сапасына ғана қанағаттанады. Толығырақ.
Бізбен бірге екеніңе рақмет!
Әзірше!
P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!