Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 26.04. - 03.05.2021 г.

05.05.2021 • 10:57

Қымбатты дос!

Өткен аптада Тәжікстан мен Қырғызстанның мемлекеттік шекараларында қақтығыс болды. Қақтығыс нәтижесінде, ондаған адам қайтыс болды, екі елдің де он мыңдаған адамы зардап шегіп, босқынға айналды.

Qlever командасы бұл оқиғаның болғанына өкініш білдіріп, қайғыға ортақтасады. Біздің керемет аймағымыздың тұрғындарына мықты денсаулық пен бақ-береке тілейміз! Біздің аймақта да, барша әлемде де бейбітшілік болсын! Мылтықтың дауысы ешқашан естілмесін, зеңбірек оғының иісі шықпасын!

Енді Орталық Азия елдерінің басқа да жаңалықтары туралы айтамыз.

Кеттік!

 

Білім

Өзбекстанның Ташкент қаласындағы төрт мектепте балалар мен ересектерге, ең әуелі, өсімдіктерді құрметтеуге арналған бірегей жоба іске қосылды. Бұл жоба биыл ақпанда басталды. «Индиго» флора мен фауна өкілдерін қорғау қоғамы тұқымнан көшеттерді интенсив өсіру үшін мектептерге арнайы қондырғылар орналастырды. Әр оқушы қондырғыға өсімдік тұқымын септі. Толығырақ.

Өзбекстанда 2021 жылдың сәуірінде Kundalik «Фабрика разума»-мен бірге мектеп бағдарламасы аясында пәндерді қосымша оқып үйренуге арналған мультисервисі бар онлайн платформа жасау жобасын іске қосты. Толығырақ.

А.А.Громыко атындағы ЕАЭО мен ТМД-ның жас халықаралық қатынастар мамандарына арналған байқауға жұмыстар қабылдана басталды. Конкурс Еуразиялық экономикалық комиссия қолдауымен өтеді. Толығырақ.

Қазақстанда оқу жылы 25 мамырда аяқталады. 26 мамыр мен 19 маусым аралығында оқушылар білім алудағы олқылықтарды жою үшін барлық білім беру ұйымында жазғы мектеп ұйымдастырылады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігі аппарат мәжілісінде мәлімдеді. Толығырақ.

Қырғызстанның Бішкек қаласындағы мектептердің класс жетекшілеріне науқас оқушылар туралы мәлімет жинауға бұйрық берілді. Бұл туралы 24.kg ақпараттық агенттігіне ата-ана хабарлады. Оның айтуынша, бүгін WhatsApp чатында класс жетекшісі енді күн сайын сағат 12.00-ге дейін COVID-19, пневмония, ЖРВИмен/тұмауымен ауыратын оқушылар туралы ақпарат беру керек екенін хабарлаған. Толығырақ.

Қырғызстанда Жалпыреспубликалық тестілеуге қатысуға 42 мың 817 түлек жазылды. Бұл туралы 24.kg агенттігіне білім беруді бағалау және оқыту әдістемесі орталығының директоры Чынара Батракеева мәлімдеді. Толығырақ.

Адам құқықтары

Түркіменстанның Лебап уелаятындағы жол полициясы автокөлік иелерінен көліктің барлық қара бөлігін, соның ішінде радиатор торын ақ түске бояуды талап етеді. Бұл туралы Азатлык радиосы тілшісі хабарлады. Толығырақ.

Түркіменстан ұлттық заңнаманы, соның ішінде адам құқығы саласын халықаралық стандарттарға сай жетілдіру бойынша жұмысын жалғастырып жатыр. Жақында адам құқығын қорғаудың 5 жылдық ұлттық жоспары қабылданды, енді омбудсменнің жылдық есебі жарияланды. Десек те, құқық қорғаушылар билік қабылдаған құжаттарды іс жүзінде жүзеге асыру бойынша нақты шаралардың жоқ екеніне алаңдап отыр. Толығырақ.

Азия Плюс порталының журналистері тәжіктерден Тәжікстанда бүгінде қандай тақырыпты қозғауға болмайтынын, кімді және не себепті сынай алмайтынын сұрады. Толығырақ.

Қырғызстанның бас прокуроры Құрманкүл Зулушев адамды мәжбүрлі түрде неке қию үшін (Ала качуу) ұрлаған азамат жазасы күшейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Ферғана" ақпарат агенттігі. Толығырақ.

Әлеумет

Ашхабадта (Түркіменстан) пластмасса мен картон жинаушылар, Лебап уелаятында металл сынықтарын жинаушылар белсенді бола бастады. Тілшілердің хабарлауынша, бұл қабылдау пункттерінде қайта өңделетін материалдарға сұраныстың артуына және бағаның өсуіне байланысты болып отыр. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолды! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.