Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 2020 жылдың 26 қазаны - 2 қарашасы

03.11.2020 • 16:21

Сәлем!

Денсаулығың қалай? Күзгі суыққа дайындалып үлгердің бе?

Үлгермесең, демалыс уақыты - нағыз осымен айналысатын кез. Теледидар мен компьютер орнына таза ауада көбірек серуендеуге кеңес беремін.

Сәттілік! Өзіңді күт!

Ал әзірше мен саған әдеттегідей Орталық Азия елдерінің ең маңызды жаңалықтарын айтып берейін.

 

Білім

Қазақстанда екінші тоқсанды 1,2 миллион оқушы дәстүрлі форматта оқиды. Бұл болжам Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Telegram каналында жарияланды. Толығырақ сілтемеде.

 Македонияда өткен математика олимпиадасында Қырғызстан мектеп оқушылары үш медаль жеңіп алды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Министрлік хабарлауынша, зияткерлік сайысқа Қырғызстан атынан 35 оқушы қатысты. Олимпиадаға барлығы 10 елден 200 адам қатысты. Толығырақ мына жерде.

Әлеумет

Түрікменстан астанасында азық-түлікпен қамтамасыз ету проблемасы күрделілігі жағынан елдің басқа аймақтарындағы жағдаймен теңесті. Мұнда да нан, май, жұмыртқа сияқты негізгі тамақ өнімдерінің тапшылығы қатты сезіліп отыр. Ашхабадтағы мемлекеттік дүкендер алдындағы кезек күн сайын өсіп келеді. Толығырақ сілтеме бойынша.

Өзбекстанда Құранды жыртып, видеоны әлеуметтік желіге салған «атеиске» қатысты қылмыстық іс қозғалды. Толығырақ мына жерде.

Қырғызстандағы Тергеу журналистикасы қоры Тергеуші журналистердің жаһандық желісі GIJN-ке мүше болды. Толығырақ.

IT

Қазақстан ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, тек осы жылдың өзінде елде 8 300-ден астам алаяқтық тіркелген. Толығырақ.

Жыл басында Тәжікстанның бір топ жасы «Daily Opportunity» интернет жобасын іске қосты. Платформа жазылушыларға әртүрлі стипендия, тағылымдама және грант ұсынады. Жаңа платформада тағы қандай мүмкіндіктер бар екенін сілтемеден білуге болады.

Өзбекстандағы Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі агенттік дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің нақты бағасын тексеру үшін  @dorinarx_bot Telegram ботын іске қосты. Жаңа бот қалай жұмыс істейтінін мына жерден білуге болады.

Экология

Ғалымдар көптеген миллион жыл бұрын Орталық Азияның алып шөл болғанын анықтады, дегенмен бұрын бұл аймақ әрдайым жасыл болған деп саналатын. Сонымен қатар, олар Орталық Азия қайтадан шөлге айналуы мүмкін деп болжады. Толығырақ мына жерде:https://ru.sputnik.kg/asia/20201031/1050275330/central-asia-risk-pustynya-uchenye.html

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Аптаның жемісті және табысты болуын тілеймін!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк бас, Qlever-де ойна!

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.