Бәріңе сәлем!
Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар туралы дайджесті ұсынамын.
Кеттік!
Білім
Қырғызстан оқушылары мен студенттері спутниктер жасауды үйренді. ЮНИСЕФ Қырғызстанның Инженерлік білім беру қауымдастығымен бірлесіп, И.Раззаков атындағы Қырғыз техникалық университетінде «Ғарыш технологиялары. Қыздарға арналған жаңа көкжиектер» деген бірінші халықаралық жастар форумын өткізіп жатыр. Толығырақ.
Бішкек мектептеріне электрон түрде тіркелудің екінші кезеңі басталды. Толығырақ.
Адам құқықтары
Қазақстан Сенаты цифрлық және қағаз құжаттардың бір мәнді екені туралы және некені тіркеу мерзімін қысқарту туралы заң қабылдады. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы анықтамаларды электрон форматқа көшіру бойынша заңнамаға өзгерістер енгізіліп жатыр. Толығырақ.
Тәжікстанда жыл басынан бері суға батқан балалардың саны туралы Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия статистикасы өте аянышты. Қазіргі шомылу маусымында суға кеткендердің жартысынан көбі – балалар. Бұл қайғылы оқиғалардың басты себебі – ата-ананың бейқам болуы. Ата-анасының қарауынсыз қалған тәжік балалары қандай қиындықтарға тап болып жатыр? Толығырақ.
Депутат Айсара Әбдібаева Қырғызстанда депутаттардың тәртібіне жауапты этика комиссиясын құруды ұсынып отыр. Подробнее.
Әлеумет
Дүниежүзілік банк Тәжікстанның ауыз суға қол жеткізуін жақсарту үшін 45 миллион доллар береді. Дүниежүзілік банктің атқарушы директорлар кеңесі Тәжікстандағы сумен қамтамасыз ету және санитария саласындағы инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін 45 миллион доллар грантты мақұлдады, делінген ұйымның баспасөз хабарламасында. Толығырақ.
Қазақстандықтардың 39%-і БАҚ-қа сенбейді. Арнайы жұмыс тобы Қазақстандағы БАҚ-ты жетілдіру бойынша жұмыс істеп жатыр, деді ақпарат министрі. Толығырақ.
Бізбен бірге екеніңе рақмет!
Әзірше!
P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!