Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 28.09.2021 - 04.10.2021 ж.

06.10.2021 • 15:32

Қымбатты дос!

Өткен аптада біздің еліміз бен Орталық Азиядағы көрші елдерде не болғанын білейік.

 

Білім

Ашхабад мектептерінде (Түркіменстан астанасы) оқушыларға жаңа талап енгізілді. Енді оқушылар өзінің жеке дәрі қорабына жаңа қаптар сатып алуға міндетті. Жеке дәрі қорабы былтыр Түркіменстанда коронавирустан болған аурудың көбеюіне байланысты енгізілді. Корнавирустың бар екенін ел билігі сол күйі ресми түрде тіркеген жоқ. Азатлыктың Ашхабадтағы тілшілері тағы бір жаңалықтың егжей-тегжейін хабарлайды. Ашхабадтағы бастауыш класс оқушыларында жеке дәрі қорабына арналған қап болуы керек. Бұл талап барлық мектеп директорына жетті. Толығырақ.

Ақтаудағы (Қазақстан) 8 мектепте ауа құрамы сапасын анықтайтын экологиялық датчик орнатылды. Бұл «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын облыста жүзеге асырудың бір пунктіне айналды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. Толығырақ.

Қырғызстандықтар халықаралық этнографиялық диктантқа қатысуға шақырылады. Бұл туралы Бішкектегі орыс үйінде айтылды. Оның хабарлауынша, акция 3-7 қараша аралығында www.miretno.ru сайтында онлайн форматта өтеді. Диктант орыс, ағылшын және испан тілдерінде болады. Тапсырмалар 2021 жылғы 3 қарашада сағат 3.01-де (Бішкек уақыты бойынша) «Үлкен этнографиялық диктанттың» ресми сайтында жарияланады. Толығырақ.

Инновациялық даму министрлігі ақпарат қызметінің хабарлауынша, Өзбекстан министрлігі қазан айында ғылыми зерттеулердің сапасын жақсарту үшін грант бағдарламасының басталғанын хабарлайды. Дүниежүзілік банк жобасы аясында бөлінген гранттар көлемі - 200 000 және 600 000 АҚШ долларына дейін. Ғылыми зерттеу институттары мен ЖОО зерттеушілері ұсынған жобалар қаржыландырылады. Жергілікті және шетел зерттеушілерінің бірлескен зерттеуі бойынша ұсыныстарға (оның ішінде шетелдегі өзбек ғалымдары да бар), ғылыми қызмекерлер мен жеке сектордың бірлескен зерттеуі ұсынысы және жас ғалымдардың болашақ ғылыми әлеуетін нығайтуға бағытталған ұсыныстарға көбірек мән беріледі. Толығырақ.

Түркіменстанның Мары уелаятындағы мектептерде мұғалімдер COVID-19 инфекциясын анықтайтын жаппай тестілеуден өткізіліп жатыр. Коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырғандар бірнеше күнге Мельхем шипажайына жіберіледі, деп хабарлайды Turkmen.news. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Қырғызстан медиа эксперттері шенеуніктер БАҚ туралы заңдарды бұрмалайды деп алаңдайды. Бұл туралы олар бүгін дөңгелек үстелде мәлімдеді. Медиасектор өкілдерінің айтуынша, қолданыстағы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Журналистердің кәсіби қызметін қорғау туралы», «Телевизия және радио хабарлары туралы» заңдарын тек аздап түзеу жеткілікті. Бұл мәселе заңнаманы түгендеу бойынша жұмыс тобына хабарланды. Толығырақ.

Қатаң шектеулер мен адам құқықтарын бұзғаны үшін сынға алынған Түркіменстан жынысына қарай адамдарды қудалауды жалғастырып жатыр. Азатлык радиосының Лебаптағы тілшілерінің хабарлауынша, полиция бірге отырған ер адамдардан гомосексуализмге қатысы бар деп күдіктеніп олардың ізіне түсіп, жауап алып жүр. Түркіменстан гомосексуализмді қылмыс санайтын санаулы елдердің бірі болып отыр. Толығырақ.

Лебап уелаятының (Түркіменстан) Фараб атырабында Тәуелсіздік күнін тойлау мәжбүрлі түрде мақта терімімен біріктірілді. Бұл туралы 28 қыркүйекте Азатлык радиосының шығыс аймағындағы тілшісі хабарлады. Тәуелсіздік күні дүйсенбіге тура келіп, соған байланысты үш күндік демалыс жарияланды. Білім саласының қызметкерлері, жоғары класс оқушылары мен орта арнаулы оқу орындары студенттері 3 күн бойы күштеп мақта терді. Тілшіміздің хабарлауынша, олар Махтымқұлы ауылы мен басқа елді мекендегі егістікте мақта терген. Толығырақ.

Қырғызстан сотталушыны беру туралы Еуропалық конвенцияға қосылуға ниетті. Бұл туралы омбудсмен институтында министрлер кабинетіне сілтеме жасап хабарланды. Шетелде сотталған қырғыз азаматтарының туыстары ақиқатшы Токон Мамытовқа хабарласқаны анықталды. Олар жазасын Еуропа елдеріндегі түрмелерде өтеп жатыр, Қырғызстан мен Еуропа мемлекеттері арасында сотталғандарды беру тәртібін реттейтін құқықтық базаның жоқ екеніне байланысты оларды экстрадициялау мүмкін емес. Толығырақ.

Кейінгі онжылдықта Тәжікстандағы Азаптаулар мен жазасыздыққа қарсы азаматтық қоғам коалициясы полиция мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері Тәжікстанда әйелдер мен қыздардың үнемі азаптау, жыныстық мәжбүрлеу, қорлау, кемсіту, ұрып-соғу және басқа да адамгершілікке жатпайтын әрекеттердің құрбаны болғанын көрсететін көптеген жағдайды құжаттады. 2020 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығында Коалиция азаптау мен қатыгез қарым-қатынастың 37 жағдайын құжаттады - олардың 9-ы әйелдер мен екі кәмелетке толмаған адамға қатысты. Дегенмен патриархал мәдениет үстемдік ететін Тәжікстанда азаптау мен қатыгездіктің құрбаны болған әйелдер мен қыздар құзырлы органдарға жүгінген кезде ерекше кемсітушілікке тап болады. Толығырақ.

 

Әлеумет

28 қыркүйекте Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіптік палатасында Орталық Азия елдерінің кәсіпкер әйелдері арасындағы Кооперация биржасы Орталық Азияның көшбасшы әйелдерінің диалогы шеңберінде «B2B» кездесулер форматында онлайн режимінде жұмысын бастады. 3 күн бойы өтетін шара Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасының Өзбекстандағы кеңсесі қолдауымен ұйымдастырылды. Толығырақ.

 

Технология

Америкалық Google IT-концерніне тиесілі YouTube видеохостинг платформасы жалған ақпаратпен күресу бойынша күш-жігерін кеңейтіп жатқанын және әлемде мақұлданған кез келген вакцинаға күмән туғызатын контентті алып тастай бастағанын айтты. Толығырақ.

Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі - Twitter: желінің нарықтағы үлесі бір жыл ішінде 6%-тен 17%-ке дейін өсті, деп хабарлайды Finprom.kz. Statcounter Global Stats мәліметтері бойынша, 2021 жылдың тамызындағы жағдай бойынша, әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі - Facebook: желінің үлесі - 73,27%. Twitter (8,91%), Pinterest (7,22%), YouTube (4,72%) және Instagram (3,41%) сияқты әлеуметтік желілер біршама артта қалды. Толығырақ.

Танымал AnTuTu тест қосымшасы әзірлеушілер тобы Android операциялық жүйесімен жұмыс істейтін ұялы телефондардың қыркүйек айындағы өнімділік тізімін ұсынды. Рейтинг тестілеудің орташа нәтижелеріне негізделген. Толығырақ.

Google Android-тың ескірген нұсқасымен жұмыс істейтін смартфондарды өз қызметтерінен ажыратты. Бұл құрылғылардың иесі бұдан былай Gmail, YouTube видео қызметі, Google Maps және басқа да фирмалық қосымшаларды пайдалана алмайды. Толығырақ.

 

Қауіпсіздік

Алматыда (Қазақстан) интернет-алаяқтар банкке 10 миллион теңгеден астам шығын келтірді. Ұзақ уақыт бойы олар тұтынушылық мақсатта банктен онлайн несие рәсімдеп келген. Медеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын сотталмаған 36 және 24 жастағы ер азаматтарды ұстады, деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі. Толығырақ.

Uzcard банкоматтары (Өзбекстан) 100 және 50 долларлық купюраларды айырбастау үшін қабылдауды уақытша тоқтатты. Бүған бірнеше банктың өзінің банкоматтар желісінде номиналы 100 және 50 АҚШ доллары болатын жалған банкноттарды өңдеу жағдайларын тапқанын айтқан хабарламалар себеп болды. Осы жағдайлардың барлығын құқық қорғау органдары тексереді. Нәтижесінде бірыңғай жалпыреспубликалық процессинг орталығы банкоматтарда Uzcard төлем жүйесінің барлық қатысушысы үшін осы купюраларды айырбастау функциясын уақытша өшірді. Өйткені компания валюта айырбастау операцияларының сенімділігін қамтамасыз етуге тиіс. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.