Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 28 наурыз – 5 сәуір, 2021 жыл.

06.04.2021 • 15:22

Қымбатты дос!

Назарыңа жаңалықтар дайджесін ұсынамын. Орталық Азия елдеріндегі маңызды оқиғалар туралы оқып, біл.

Кеттік!

Білім

Биыл 1-30 сәуір аралығында Тәжікстан Ұлттық Банкі елдегі серіктес ұйымдармен бірге GMW2021 халықаралық акциясы аясында қаржылық сауат айлығын өткізеді. Толығырақ.

Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігі мұғалімдер аттестациясын енгізуді ұсынды. Ведомство "Жалпы білім беру ұйымдары мұғалімдерін аттестаттау тәртібі жайындағы ережені бекіту туралы" Үкімет қаулысы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Толығырақ.

Өзбекстанда 2021/2022 оқу жылынан бастап кәсіптік білім беру жүйесі дуалды оқыту принципін енгізеді. Студенттер теорияны білім беру ұйымы қабырғасында оқып, жұмыс орнында тәжірибе алады. Толығырақ.

Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік орта кәсіптік білім беру ұйымдарында норматив қаржыландыру енгізуді жоспарлап отыр. Ведомство Үкіметтің осы туралы қаулысы жобасын қоғам талқылауына ұсынды. Толығырақ.

Адам құқықтары

Тәжікстан Үкіметі мүгедектігі бар жандарды қолдауға арналған «Қолжетімді орта» мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. Құжат алдағы 5 жылда мүгедектігі бар жандардың мүмкіндігін жақсарту және өмір сүру деңгейін жоғарылату бойынша көптеген шараны жүзеге асыруды көздейді. Толығырақ.

Әлеумет

Жаңа есепте Түркіменстан былтыр мақта жинау үшін мәжбүрлі еңбекті үнемі қолданғаны көрсетілгеннен кейін, Британияның тәуелсіз сауда бастамасы (ETI) әлемдік сән брендтерін Түркіменстаннан мақта алуды тоқтатуға шақырды. Толығырақ.

1 сәуірде Қырғызстан аумағы арқылы Ферғана облысының Риштан ауданынан Сох ауданына дейінгі жолдың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сох облысы - Қырғызстан ішіндегі Өзбекстан аумағы. Толығырақ.

Түркіменстанда қалдықтар салынған контейнерлерде шомылып, көше мен базарларда қайыр тілейтіндер көбейді. Мұндай адамдар саны артуы бұрын-соңды болмаған. Олардың көбі - әйелдер мен балалар. Полиция оларға қарсы күресті күшейтіп жатыр. Азатлық тілшілері аймақтағы ахуал және жергілікті полицияның кейбір күрес әдісі туралы хабарлайды. Толығырақ.

Технология

Қазақстандықтар енді электрон вакцинация паспортын ала алады. Министрдің айтуынша, «электрон вакцинация паспорты eGov Mobile қосымшасында «Цифрлық құжаттар» бөлімінде бар. Онда адам қай дәрінің қанша дозасын қай күні қабылдағаны туралы үш тілде ақпарат көрсетіледі. Құжатты талап етілген жерде көрсетуге және QR-код арқылы алуға болады. Толығырақ.

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк бас, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.